Файл: 3таырып Картография негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3-тақырып Картография негіздері

 

Жоспар:

1. Карта үлгі ретінде: нақтылықты көрсету;

2.Карта элементтері;

3.Картаның масштабы және оның басқа да сипаттамалары;

4.Картаның қасиеттері;

5. Картографияның анықтамасы және картографиялық проекция түсінігі;

6. Картографиядағы координата жүйесі;

7. Картографиялық үрдіс;

8. Картографиялық символдар;

9.Картографиялық бейнелеу әдісі;

10. Дистанциялық зондтауды көрсету;

11. Генерализация және оның түрлері;

12. Оперативті шұғыл картографиялау.

 

 

1.Карта үлгіретінде: нақтылықты көрсету

 

“Карта” термині орта ғасырдың қайта өркендеу дәуірінде пайда болды. Бұл термин латын сөзінің “Charta" (бет, типарақ) ұғымынан шыққан. Ол өзкезінде гректінάηάί(хартес — папирустан жасалған кағаз) сөзінен шыққан туынды сөз.

Карта (map, chart) - жер бетінің т.б. аспан денелерінің немесе ғарыштық кеңістіктін математикалық амалмен анықталып кішірейтіліп генерализацияланғанбейнесі. Картаның жоғары ақпараттылығы; түпнұсқасымен салыстырма түрінде қарастырса қолкеңістік – уақытта жоғарғы ақпараттылыққа ие, және ерекше сипаттамалық көрнектілігімен көрінетін кейіпті - белгілі үлгі түрінд еқаралады. Сондықтан да ол Жерді тану ғылымдарының және әлеуметтік экономикалық ғылымдардың еңбасты және маңызды құралы ретінде саналады.

Масштабына қарай ірі масштабты (1:100000 және одан да ірі), орта масштабты (1:200000 – 1:1000000) және ұсақ масштабты (1:1000000 және одан да ұсақ) карталарға ажыратылады.

Мазмұнына қарай карталар келесі топтарға бөлінеді: жалпыгеографиялық; тақырыптық карталар, оның ішінді табиғат карталарына, әлеуметтік-экономикалық карталарға, табиғат және қоғам арасындағы өзара қарым қатынас, сонымен бірге арнайы карталарға ажыратылады.  

 

 

2.Карта элементтері

 

Карта элементтері(elements of map)– картографиялық бейнелеуді, белгілерді және жақтау сыртын безендіруді қамтитын картаның құрамдас бөліктері.

Негізгі элементі болып картографиялық бейнелеу жатады, яғни, картаның мазмұны, нысандар мен құбылыстар туралы мәліметтер жинағы, оларды орналастыру, қасиеттері, өзара қарым-қатынасы, динамикасы.

Қандай да болмасын картаның маңызды элементі болып легенда саналады, яғни картадағы шартты белгілерді белгілеу және оларға арналған түсіндірме мәтін жүйесін пайдалану. Топографиялық карталарға шартты белгілердің арнайы кестесі жасалған. Олардың барлығы да стандартталған және масштабына сәйкес жасалған карталардың барлығында да қолданылады.


Картографиялық бейнелеу математикалық негіздеқұралады. Олардың элементтері болып координата торы, масштаб және географиялық негіз саналады. Картаның математикалық негізі картаның жинақталуымен тығыз байланысты яғни бейнеленетін аумақтың жақтау шегінде өзара орналасуы, картаның аты, легендасы, қосымша карталар және т.б. деректер болады.

Картаны қосымша жабдықтандыруоны оқуға және пайдалануға жеңілдік етеді. Ол әртүрлі картометриялық графиктерден, картографияланатын аумақтын сұлбасы және пайдаланылатын материалы, әрқилы ақпараттық мәліметтерден тұрады.

Қосымша деректерге – кірме-карта суреттер, диаграммалар, графиктер, кескіндер, мәтіндік мағлұмат және цифрлік деректкрден тұрады.

 

 

3.Картаның масштабы және оның басқа да сипаттамалары

 

Географиялық көріністегі шексіз шағын кескіндер ұзындығының эллипсоид немесе шар бетіндегі шексіз шағын кескіндеріне сәйкес ұзындығына қатынасын – масштабдеп атайды.

Карта масштабы 3 түрде көрсетіледі:

- Сандық масштаб – алымы біргетең, албөлімі карта ұзындығының азайтындысының дәрежесіне тең бөлшек; Мысалы 1:100000;

- Атаулы масштаб (вербалды) – бұл картадағы 1 сантиметрге сәйкес сызықтың ұзындығын көрсететін жазу;

- Сызықтық масштаб – 1 см немесе 2 см-ге жер бетіндеқанша метр (километр) бар екендігін көрсететін сызықтық шкала.

Нысандар компьютерде символ түрінде сақталады. Символ дегеніміз – картаның легендасы. Ол геометриялық нысандар мен олардың атрибуттарын байланыстырады.

 

 

4.Картаның қасиеттері

 

Картаның анықтамасында оның негізгі қасиеттері берілген:

- Арнайы картографиялық проекцияларды қолдану барысында Жердің сфералық бетінен жайпақ картаға көшу – математикалық құрастыру заңдылығы;

- Картографияның негізгі символдар тілін пайдалану – бейнелеу белгісі;

- Бейнеленетін нысандарды таңдау және жинақтау – картаны генерализациялау;

- Геожүйені бейнелеу иерархиясы, нысандардың кеңістіктегі байланыс элементтерін беру әдісі – шынайы ортаны бейнелеп көрсету жүйесі.

 

 

5.Картографияның анықтамасы және картографиялық проекция түсінігі


 

Картография- географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістікте орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б. картогафиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтіен ғылым. Картографиялық ұғымдарға аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен белгіленген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Картогафиялық проекция –Жер эллипсоидының немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

 

 

6.Картографиядағы координата жүйесі 

 

Координаттардеп — кеңістікте, жазыктықта берілген нүктенің тұрған орнын анықтайтын сандарды айтады.

Біршама қыска ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбүрышты жазық координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтығы және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбүрышты жазық координаталардын шартты жүйесі жиі колданылады, оның координаталар басы еркін таңдап алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынадай: х абсцисса осі, оның бағыты бастапкы меридианға, магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін қабылданады. Оу— ордината осіОх осіне перпендикуляр болады; О нүктесі — координаталар басы. 

 

 

7.Картографиялық үрдіс 

 

ГАЖ сараптаушысы масштабты, проекцияларда, координат жүйелерін ғана анықтаумен шектелмей, карта дайындау үрдісінің негізгі кезеңдері туралы білуі керек. Картографиялық үрдісте 4 негізгі кезең бар:

- деректерді жинау;

- деректердің компиляциясы;

- картаны құру;

- тираждау.

 

 

8.Картографиялық символдар

 

Картадағы географиялық нысандар – нүктелер, сызықтар, аймақтар және жер беті саналады, сол сияқты олар төрт түрлі өлшемдер шкалалар сипатталады. Картада не көрсетілгенін оқырман түсіну үшін, картографиялық көрініске ауысқанда барлық нысандардың жіктклігін және символдарын картада көрсету қажет.

Жеңілдету кейбір қажетсіз нысандарды алып тастайды, нысандарды модификациялайды. Бұл жерде екі негізгі әдіс пайдаланылады:  нысандарды 
жою және тегістеу. 

 

 

9.Картографиялық бейнелеу әдісі

 

Картографиялық бейнелеу – шартты белгі, сызықтар, ареалдар т.б. түрінде карталанатын және бейнеленетін құбылыстар мен обьектілер (зерзаттар). Бұл обьектімен құбылыстарға: гидрография, рельеф, өсімдік жамылғысы , елді қоныстар, террирорияның геологиялық құрылымдары, ландшафтар, ылғалдану жағдайлары т.б. жатады.

Изосызықтар әдісі. Изосызықтар деп жер бетіндегі қандай да болмасын бір құбылысты сипаттайтын мөлшерлік мәні бірдей нүктелерді картада қосатын бір қалыпты қисық сызықтарды айтады.

Әр түсті немесе сапалық фон әдісі кескінделетін територияны  тек белгілі бір көрсеткіші  немесе сапалық сипаттағы біртекті көрсеткіштері жиынтығы арқылы жеке бөліктерге бөлгенде қолданылады. Барлық бөліктер не әр түрлі түске боялады немесе штрихтау арқылы ерекшелінеді

Қозғалыс сызықтары. Мұндай сызықтармен, көбінесе стрелкалармен, карталарда ауысу бағытын, мәселен, жүктердің темір жол, тас жол және басқа жолдармен тасылуын, теңіз қатынас жолдарын, авиа жолдарды және т.б. көрсетеді.

Стрелкалар әр түрлі жағдайларда қолданылады. Стрелкалар экономикалық карталарда  тасымалдау бағытын, синоптикалық карталарда желдің бағыты мен күшін көрсетеді Егер стрелкалар жолақтардағы қозғалыстарды көрсетсе, оларды бірнеше қатар етіп көрсетеді (мысалы, теңіз ағыстары).

Сызықтармен картадағы саяхатшылар маршрутын, темір және теңіз қатынас жолдарын көрсетеді. Сызықтар сапалық көрсеткіштерді сипаттауда қолданылады, олар сандық мазмұн бергенде масштабты анықтап оны сақтау қажет.

Эпюра –ленталық картодиаграмма , оның көмегімен тасымалданатын және тасымалданып әкелінетін жүктер ағыны шамасы мен құрамы кескінделеді (көлемі, саны).

Ареалдар әдісі(латын тілінен аударғанда area-аудан).Бұл әдіс арқылы картада  кескінделенетін құбылыстардың таралу ауданы көрсетіледі. Аудан контур немесе бояу және штрих түрінде суретті пайдалану арқылы көрсетіледі.

Картограмма. К белгілі бір экономикалық, әлеуметтік құбылыстардың қарқындылығы. К-ға түсірілген территориялық бөліктің жене аудандары бойынша көрсететін карта.Белгілі бір аумаққа қатысты статистикалық деректердің диаграммалар не суреттер арқылы графикалық бейнеленеді.

Нүктелік тәсіл. Географиялық карталарда егін мен мал шаруашылығын көрсеткенде нүктелік беріледі. Ол нүкте егер егін шаруашылығы болса, 1 га - да жер қаншаға тең екенін көрсетеді. 


 

 

10.Дистанциялық зондтауды көрсету

 

Дистанциялық зондпен тексерілу материалдарын ауада ұшатын және космостық аппараттар, кемелер, жер асты қайықтары, жер беті фототеодолиттік станциялдардың жанаспай түсіру нәтижесі арқылы алынады.

Картографияда жиі қоланылатын материалдарға – космостық түсірімдер жатады, олар, экономикалық тиімді бола отырып, мәліметтері аэротүсірімдерге жуық болады. Бұл материалдар масштабы, қамтуы, қолдануға рұқсат етілуі т.б. қасиеттеріне қарай алуан түрлі болады.

 

 

11.Генерализация жәнеоның түрлері

 

Геогрфиялық объектілерді картада кескіндеу үшін іріктеп және жинақтап алуды картографиялық генерализация (жинақтау) дейді.

Картографиялық генерализация – картаның картографы немесе редакторы тағайындайтын ценз және нормамен сәйкестендіре таңдай отырып нысанның басты типін айқындап көрсететін түрін айтады.

Қашықтық генерализация– техникалық фактордың кешенімен және табиғи ерекшелігу мен пайда болған бейнені суретте геометриялық және спектрлі түрде бейнелеуді айтады.

Автоматтық немесе алгоритмдік генерализация– алгоритмді және формальді критерий мен берілуіне сәйкес бейнені формальды сұрыптау, жеңілдетуді айтады.

Динамикалық генерализация– анимацияны мезханикалық жинақтауда, уақытына қарай біршама тұрақты нысан мен құбылыстың бастысын көрсетуді айтады.

Кеңістік генерализациясы– ГАЖ-дағы кеңістік нысандар туралы позициялық және атрибуттыдеректерді автоматты немесе интерактивті режимде генерализациялық операторды пайдаланып картографиялық қабылдау және әдістерінгенерализацияға сәйкестендірудің қорытуын айтады.

 

 

12.Оперативті шұғыл картографиялау

 

Оперативті шұғыл картографиялау – геоақпараттық картография тармақтарының бірі. Оның мәні картаны шынайы немесе шынайыға жақын уақыт масштабы кезінде пайдаланушыларға ақпаратты мүмкіндігінше тез беру және процесс жүрісінне ықпалын тигізу болып саналады

Шұғыл картографиялаудың тиімділігі үш фактормен анықталады:

- автоматикалық жүйенің сенімділігі, енгізу жылдамдығы және деректерді өңдеу, деректер базасына жету қолайлығы;

- шұғыл оперативті карталардың жеңіл оқылуы, сыртқы безендірілуінің қарапайымдылығы, осының барлығы көзге өте жақсы көрінерлік болып тұрады;

- картаны тұтынушыларға шұғыл тарату, оның ішінде телекоммуникацияны да пайдалану.