Файл: Саба таырыбы Баытсыз Жамал романын деу Кні 01. 02. 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ тақырыбы

«Бақытсыз Жамал» романын өңдеу

Күні:01.02.2022




Пән мұғалімі:

З.Әмзеева

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.А/И4 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, дәлелді креативті жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: шығармадағы оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап әңгіме жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шығармадан алған әсерім, егер мен сол уақытта өмір сүрсем...

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:менің ойымша, романда көтерілген мәселелерге сүйенсем, салыстыра келе...


Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақы

ты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Құпия сыйлық»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне ым-ишарамен құпия сыйлық сыйлайды. Оны көршісі табады.

  • Жаттығу ұнады ма? Неліктен?

4. Доп лақтыру»

«Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Бақытсыз Жамал» туралы білемін.» деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.



Сабақтың ортасы



1-Тапсырма. Шығармашылық жазу

  • Жазушы әңгімесін неге «Бақытсыз Жамал» деп атаған?

  • Жазушы ойын өз көзқарасыңа сүйене отырып қалай дамытар едің?  

Қалыптастырушы бағалау

2-тапсырма .«Пирамидалық талқылау» әдісі
Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

- Шығарманы түсінеді

- Өз жауабын жазады

- Төрт пікірге ортақ түйінді ой жазады.

3-тапсырма. «Автор орындығы»

«Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім», «Маған ұнаған роман кейіпкері», «Жамал мен Ғали – әділетсіз қоғамның құрбандары» тақырыптарына эссе жазыңдар
ҚБ. Бас бармақ




Сабақтың соңы




«ҚҚҚ» кестесі. Бүгінгі сабақтағы...


Қызық

Қиындық

Құндылық