Файл: 5блім. Табиат былыстары Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөлім

5-бөлім. Табиғат құбылыстары

Педагогтың аты-жөні

Зейнолда Ақжан

Күні




Сынып 4А

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Тапсырма арқылы денешынықтыру компоненттерін дамыту


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


4.3.3.1 дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану

Сабақтың мақсаты

Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын меңгереді

Дене қимылдарын орындағаннан кейін физикалық өзгерістерді көреді

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Басы10мин

Оқушыларды сапқа тұрғызады. Оқушылармен сәлемдеседі. Оқушыларды ретімен саналдырады. Спорт сектерынан мәлімет алады. Саптық жаттығуларды орындатады. Сабақтық тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді. Спортзалды айналып жүру: Аяқтың ұшымен қол жоғарыда,өкшемен жүру қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырларымен жүру. Спортзалды айналып 5 айналым жасау. Жүру, демді қалпына келтіру. Сапқа тұру, 3ке саналу арқылы оқушыларды 3 қатарға тұрғызып бір орында ЖДЖ бастайды.


Сапқа тұрады. Мұғаліммен сәлемдеседі. Саптық жаттығуларды қатесіз орындап, мәлімет береді. Жүру, жүгіру және бір орында ЖДЖ жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтайды.


Қол шапалақ

Үлкен спортзал

Ортасы 25 мин

Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіреді. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіреді.

Аңшы мен үйрек ойыны.

Оқушылар қатарға түрып, бір-екіге саналады 1-ші топ аңшылар ал 2-ші топ үйректер болады. Аңшылардың қолында волейбол добы болады. Аңшылар үйректерді доппен соғады. Доп тиген үйрек ойыннан шығады. Ойын барлық үйректерге доп тигенше жалғасады. Ойыншылар рөлдерін алмастырып отырады. Уақыт есептеледі. Уақыт үнемдеген команда жеңіске жетеді.

Бағалау дескрипторлары: - ойыншыларға қарай жылдам лақтырады.

  • алаңда жылдам қозғалады

  • 2 немесе одан да көп ойыншыға доп тигізеді

Қалыптастырушы бағалау: Фишкалар

Залда фишкалардан алдын ала дайындалған түрлі-түсті фишкалар қойылған. Оқушылар өздерін бағалауда осы шеңберлердің ішіне орналасуы керек. Ақ түсті шеңберге барлығын жақсы орындадым деген оқушылар.

Жасыл түсті шеңберге көбіне жақсы орындадым деген оқушылар.

Көк түсті шеңберге кейбірін жақсы орындадым деген оқушылар.

Оқушылар

жаттығуларды бірге жасайды және дұрыс орындалуын есереді

Допты дұрыс тебу, тоқтату тәсілдерін көрсетеді.
Ойын ережесінің қатаң түрде сақталуын ескереді

ҚБ өзін өзі бағалау

Қол шапалақ


ҚБ «Бағдаршам»


Бағалау парақшасын толтырады

Үлкен спортзал

Түрлі-түсті фишкалар

Бірнеше доп

Соңы 10 мин

Оқушылардың тыныс алу жүйелерін қалпына келтіреді. Сапқа тұрғызады. Үздік болған оқушыларды атап өтеді. Сұрақ қою арқылы кері байланыс

жасайды. Үй тапсырмасын береді.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Қол шапалақ

Үлкен кеңістік
Үй жұмысы: Созылу жаттығуларын және гимнастикалық жаттығуларды орындау.