Файл: Павлодар облысы, Павлодар ауданы, кмм кеменгер жоббм информатика пні малімі Жетписбаева Гульнияр Даулетовна. Информатика сабаында сын трысынан ойлау дадыларын дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы,

КММ Кеменгер ЖОББМ

Информатика пәні мұғалімі

Жетписбаева Гульнияр Даулетовна.

Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Қәзіргі оқу білім мазмұны жаңашылданып дамыған сайын ұстаздардың да міндеті арта түседі. Өзім педагог ретінде жаңашыл заманда жаңашыл білімнің даму үрдісін пайдалана отырып ,оқушылардың деңгейін сабаққа қызығушылығын дамыту үстінде өзімнің тәжірибемді сүйене отырып барынша білім деңгейін көтеру мақсатын ұстана отырып, өз ойымен бөліскім келеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағытталған басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін «... оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Соған орай, қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім берудің мазмұны жақсарып, жаңаша көзқарас пайда болуда.

Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңаша түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған әдіс – тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алып, олардың жиынтығын түрлендіре отырып, тиімді пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану мұғалімнің негізгі міндеті болуға тиіс деп есептеймін. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын мен қызығушылығын арттыруға көңіл бөлемін. Сабақ барысында оқушының білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, өз бетінше еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру - негізгі ұстанымым.

Сондықтан, қазіргі оқытудың заманауи жаңаша әдіс - тәсілдері игеріп, сабақ барысында жиі қолдануға тырысамын. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету.

Мұғалімге оқулық бойынша мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап алып, әртүрлі жаттығулар орындап, сабағын өткізу – жеткіліксіз дүние. Әр мұғалім ізденімпаз, шығармашыл болуы қажет.


Мектеп оқушыларының информатика пәнін оқып – үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық компьютерде болып табылады. Ол балалардың ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады. Компьютер баланың досына, әрі көмекшісіне айналады. Компьютер арқылы оқушы дамиды, әрі дүние жүзімен байланысуға мүмкіндік алады, бірақ күн өткен сайын компьютер балалардың тұрмыстық құралына айналып қызығушылық күшімен ойлары жоғала бастайды. Оқушы компьютерге көп отырғаннан компьютерге деген қызығушылығы төмендейді. Ал мұндай әрекеттерді болдырмау үшін көп тер төгуге тура келеді. Сондықтан мен бұл тақырыпты факт ретінде алып, оқушылардың қайтсе де компьютерге деген қызығушылығын бір қалыпты  ұстауға болатынын іздедім. Оқытуда инновациялық әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.




Сыни ойлауға дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:

1-кезең – қызығушылықты ояту (evocation);

2-кезең – мағынаны ашу (realization of meaning);

3-кезең – ой толғаныс (рефлексия) (reflection);

Психологтардың пікірінше, сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:

  • Әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенін еске түсіру керек, көңілді аудару керек (кіріспе ой қозғау);

  • Сосын жаңа ақпаратпен танысу керек, оны ұғыну керек (танымдық кезең);

  • Содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану керек (рефлексия бағалау кезеңі).

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану арқылы информатика пәні сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады.

Өзімнің айналамдағы педагоктермен тәжірибе алмасу үстінде осы бір кезеңді үйрендім деседе болады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы сабақта үш кезеңді қолдануды көздейді: шақыру сатылары, ұғыну сатылары және рефлексия сатылары.

1 — ші кезең – «Шақыру» — оқушы алдына бұл мәселе бойынша «Мен не білемін?» деген сұрақ қояды.

Шақыру сатысының міндеттері:

  • бар білімдерді өзектендіру;

  • жаңа ақпаратты алуға қызығушылықты ояту;

оқушылардың осы сабақта және осы тақырып бойынша өз мақсаттарын қою.

2-ші кезең – «Ұғыну». Осы кезеңде оқушы мұғалімнің басшылығымен өз алдына бірінші сатыда қойған «Не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқулықтың мәтінінен басқа балама ақпарат көздерін ұсына алады. Ал оқушылар уақыт өте келе мұқият оқып, тыңдай бастайды, түрлі сұрақтар қоя бастайды.


Мағынаны іске асыру сатысының міндеттері:

  • оқылатын материалды белсенді қабылдауға көмектесу,

ескі білімді жаңамен байланыстыруға көмектесу.

3-ші кезең – «Рефлексия» оқушының сабақта «не білгенін» ойлау және жалпылау. Рефлексия сатысы оқушылардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне және туындаған мәселелерді шешуге қол жеткізгендерін өздері талдай алуы үшін қажет.

Рефлексия сатысының міндеттері:

  • білім алушыларға оқыған материалды өз бетінше жинақтауға көмектесу,

  • материалды әрі қарай оқу бағытын өз бетінше анықтауға көмектесу.

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бірлескен қызметке қосуға көмектесетін әр түрлі жұмыс тәсілдері қолданылады.

Шақыру кезеңінде келесі әдістерді қолдануға болады:

  • негізгі сөздер бойынша сабақ тақырыбының болжамы

  • шешілген ребус,

  • көрген таныстырылымның слайдтарында,

  • кластерлерді құру,

  • «жұқа» және «қалың» сұрақтармен жұмыс,

  • кестелермен жұмыс,

  • «дұрыс және дұрыс емес пікірлер»,

  • «Идеялар себеті»,

  • «Аударылған логикалық тізбектер» және т. б.

«Шақыру» кезеңінде жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін жеке жұмыс түрінде де, оның жұптық және топтық жұмыспен үйлесуі түрінде де жүргізуге болады. «Шақыру» кезеңінде мұндай жұмыс әдістерін қолдану оқушыларға өткен сабақтарда оқыған материалды еске түсіріп қана қоймай, топта жұмыс істеуге үйреніп, бір-бірін тыңдауға және естуге, ақпаратты талдауға, қорытынды жасауға, қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс әдістерін қолдану оқушылардың бір-бірімен көбірек қарым-қатынас жасайтынын, топтағы басқа оқушылардың пікірлері қызықтыратынын байқауға мүмкіндік береді, баяу оқушылар өзін бөлек ұстамайды, себебі олар топта белгілі бір рөлге ие болады.

Рефлексия кезеңінде келесі әдістерді қолдануға болады:

  • ақпараттық домино,

  • ақпаратты табу,

  • интернет ресурстары арқылы қажетті ақпаратты таңдау,

  • тапсырманы шешу алгоритмін құру, оны жұпта талқылау,

  • жаңа тапсырма шешімін іздеу,

  • ресурсты зерттеу қажет болатын дайын алгоритм бойынша жұмыс, алгоритмге жұқа және қалың сұрақтар құрастыру және оларды жұпта пысықтау,

  • «Алты қалпақ»,

  • «Бестік»,

  • синквейн құрастыру және т.б.




«Инсерт» әдісі-белгімен мәтінді оқу:

«+» — мен мұны білдім

«-» — мен мұны білмедім

«!» — бұл мені таң қалдырды (басқаша ойладым)

«?» — түсінбедім, сұрақтар бар, толығырақ білгім келеді.

«...Мал бағатыңдар мал бағуын, ел болатындар ел болуын, бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуі керек...Біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек».-деген А.Байтұрсыновтың көрегендікпен айтқан пікірі қазіргі уақытта да маңызын жойған жоқ. Яғни білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыды оқутудың жаңа технологияларын жете менгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне қарай орынды қолданудың мәні ерекше. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Қәзіргі таңда мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелген.Бұл міндетті жүзеге асыру үшін кәсіби шеберлігін шындауға шаршамайтын жаңалыққа жаны құмар мұғалім болумыз керек деп ойлаймын.