Файл: нерлі рге жзеді Сайысты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өнерлі өрге жүзеді Сайыстың мақсаты: Оқушылардың іскерлігін ,икемділігін нығайту. Эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау. -Армысыздар Құрметті ұстаздармен оқушылар! Техналогия пәні бойынша өтетін Өнерлі өрге жүзеді атты сайысымызға қош келдіңіздер. Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық. Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын Әділдікті тек алға мақсат еткен Таныстырам әділқазы алқаларын Бүгінгі кештің әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасры.Тайров Мереке Малайұлы, Еңбек пәнінің мұғалімі. Азанова Айнұр Мизамбаевна, Мектебіміздің кітапқанашысы Жокеева Балзия Рамазанова, Мектебіміздің психологы. Капанова Айгүл Асхарывна. Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (музыка ойнатылады,қатысушылар ортаға шығады.(Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу) 1-топ- Алғырлар тобы,5а-сыныбы 2топ- Шеберлерлер тобы, 5б-сыныбы 3топ -Алға тобы 5в-сыныбы Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін. 1. Таныстыру. (әр топ басшылары өз топтарын таныстырып өтуі қажет) 2.Тапқыр болсаң тауып көр! Викториналық сұрақтар сайысы 3.Шебер қол ештенені тандамайды. Бұл жерде ер балалар қыздардың,қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды. 4.Жанкүйерлер жарысы көрмендермен сайыс ұйымдастырылады. 5.Қол өнер сайысы бұл кезеңде әр топ түрлі түсті қағазадан ашық хат жасаулары тиіс. 6.Сен сұлу (әр топ мүшелері көрермендер арасынан 1оқушы алып сол оқушыны әрлейтін болады) I-таныстыру Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз Бәске түскен сайыскерлер кездесіп Таныстырып өздерін өтсе дейміз. (Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды) II.ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР ! БІЛІМ САЙЫСЫ: Шарты:Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Егерде сұрақ қойылған топ жауабын білмей,оның жауабын басққа топқа беремін десе сұрақ алушы топтан нар тәуекел сұралады.нар тәуекел сұраған топ сұрақтың жауабын дұрыс берсе ұпай соларға қосылады.Егер дұрыс жауап бере алмаса ұпайларынан 5 ұпай шегеріледі.Егер сұрақ қойылған топ нар тәуекел бермей өздері дұрыс жауап берсе қоржындарына 5 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 5ұпай шегеріледі. I-топқа сұрақтар: 1.Бояуларды неше топқа бөлеміз
?(2 топқа. Табиғи және жасанды) 2. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер) 3.Әртүрлі маталардың қыйындыларын жасырып,мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж) 4. Салат қандай тағам түріне жатады ? (Салқын) 5.Оюды неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриалық) II-топқа сұрақтар. 1.Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды? (Акссесуарлар) 2.Қара,көк,жасыл,көкшіл бояулар қандай түстерге жатады? (Суық түстер) 3.Стеклярустың бисерден айырмашылығы? (ол түтікше болып келеді) 4.Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды? (Оймақ) 5.Түйе табан ,қос өркеш , ботагөз, сынық мүйіз бұлар қандай оюдың түріне жатады? (Жануарлық ою) III-топқа сұрақтар: 1.Стильдің неше түрі бар? (4) 2.Қызыл,сары, қызыл сары,күлгін бояаулар қандай түстерге жатады? (Жылы түстер) 3.Тон,ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сырт киімдер) 4.Негізгі неше түс бар? (3 түс . қызыл,сары,көк.) 5.Қайнар,жауқазын,жапырақ бұлар қай оюдың түріне жатады? (Өсімдік оюы) IY.ЖАНКҮЙЕРЛЕР САЙЫСЫ. Шарты:Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.Жауабын тапса ұпайын өзі қалаған топқа бере алады және әр сұрақа 1 ұпайдан беріледі. 1.Кестенің отаны қай ел? (Қытай) 2.Ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу) 3.Юбканың қазақша атауы? (Белдемше) 4.Кестені,кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш) 5.Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл,сары,көк) 6.Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран,қаймақ,шұбат,қымыз,құрт,ірімшік,қымыран,уыз,қатық,ашыған көже.) 7.Қазақ әйелдерінің ,әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас киім қалай аталады? (Кимешек) Y.Қол өнер сайысы. бұл кезеңде әр топ түрлі түсті қағазадан ашық хат жасаулары тиіс қай топтың ашық хаты үздік шықса сол топқа жоғарғы ұпай беріледі. Керек құралдар. түрлі түсті қағаз және қара карандаш пен қайшы. YI.СЕН СҰЛУ Топтағы 4 оқушы бірігіп көрермемендер арасынан бір оқушы алып шығып киіндіреді,шашын сәндейдіжәне алдарына ормамал беріледі сол орамалдан кез келген нәрсе ойлап тауып алып шықан оқушыға үйесетіндей қылып безендіруі тиіс.Дайын болған кезде ортаға жүріп көрсетеді. Сөйтіп 3 топтың арасынан ең көркем безендірілген оқушы анықталады.Қай топтың жұмысы жоғары болса сол топқа жоғары ұпай беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ: Сөз кезегі әділ қазыларға беріліеді. Қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Құметті ұстаздармен оқушылар сайысымызға атсалысып қатысқандарыңыз үшін мың алғыс осымен Өнерлі өрге жүзеді атты сайысымыз өз мәресіне жетті .Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

1-топқа сұрақтар:1) Бояауларды неше топқа бөлеміз?(2топқа табиғи және жасанды.)2) Ою өрнекті неше топқа бөлеміз?(4топқа жануарлық ,ғарыштық,өсімдік тектес,геометриялық.) 3)Әр түрлі маталардың қиындыларын жасырып,мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж)

2-топқа сұрақтар:1)Стеклярустың бисерден айырмашылығы? (Ол түтікше болып келеді) 2)Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды?(Акссесуарлар) 3)Түйе табан,қос өркеш,ботагөз,сынық мүиіз бұлар қандай оюдың түріне жатады? (жануарлық ою)

3-топқа сұрақтар:1) Стильдің неше түрі бар? (4) 2) Қайнар,жауқазын,жапырақ бұлар қай оюдың түріне жатады? (Өсімдік оюы) 3) Негізгі неше түс бар? (3 түс . қызыл,сары,көк.)

ʺӨнерлі өрге жүзеді"

Атты сайысқа белсене қатысқандар үшін -------

сыныбының ----------------------- тобы.

----------------------- топ деген атпен

Марапатталады

Ұйымдастырушы: ʺ Техналогия "-пәні бірлестігі.

Метеп директоры: М. Тулегенова ------------------

06.02.2019 жыл