Файл: Тренинг мен ажайыппын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тренинг «МЕН ҒАЖАЙЫППЫН»

Тренингтің мақсаты: Оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, Оқушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта ( презентациялар), түрлі түсті бояулар, журналдар, қима - қағаздар, күннің суреті, релаксацияға арналаған әуендер, жүрекше, ватман,

Тренингтің болжамданған нәтижесі: Оқушылардың өздерін қайталанбас жеке тұлға екенін ұғындыру, топпен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сыныбы: 8-9

Жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2. Комплименттер

3. «Мен» жаттығуы

4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

ІІ.Негізгі кезең.

1.«Мен кіммін?» жаттығуы.

2. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

3. Аутотренинг

4. «Ұжымдық сурет»

5. «Кірпі» жаттығуы.

ІІІ.Қорытынды.

1. «Өмір коллажы»

2. Рефлексия

Жүргізу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. «Сәлемдесу»

Мақсаты: топта психологиялық ахуал орнату, балалардың көңіл – күйін көтеру.

Оқушылар жұптасып, бір – бірінің алдына тұрып, амандасу рәсімін орындайды. Оқушыларға қимылдарды орындау арқылы амандасу ұсынылады. Балалар қисылдарды тез орындау қажет. Сонымен, көзбен, оң қолмен, сол қолмен, өкшемен,бірінші иықпен, екінші иықпен, оң құлақпен, сол құлақпен, оң тіземен, сол тіземен, бірінші шынтақпен, екінші шынтақпен, арқамен.

2. «Мен» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылар өздерінің сыныптастары жайлы қосымша ақпарат алу.

Балалар кезекпен кезек орындарынан тұрып, «Ал сендер білесіңдер ме, мен...» сөйлемін аяқтауға ұсынылады. Әрине айтылған сөйлем шындық болуы шарт. Мысалы: Ал сендер білесіңдер ме, мен жазда Тайланд еліне бардым. Ал сендер білесіңдер ме, мен шоколадты балмұздақты жақсы көремін.

4. «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: иық, мойын,омыртқалардағы бұлшықет түйсінуінен арылту,босаңсыту

Нұсқау: Қанекей бір біріңе тығыз тұрыңыздар.Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.Ауа-райы алдыме н керемет еді, күн ыстық, ашық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды,алдыңызда тұрған адамның арқасынан қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаймыз.Жел күшейіп қол қимылы жылдам бола түсті.Дауыл басталды,қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді.Сосын жауын жауды (Жұбыңыздың арқасына жеңіл түрде қағасыз, нөер басталды.Саусақтарымен қимылдар жасап, алақан жоғары төмен жүргізесіз.) Нөсер үдей түсті саусақтарыңызбен қатты қағасыз.Қайта қатты нөсерлетті,ақ жауын жауды,дауыл тұрды,қатты жел тұрды, ол қайта басылды. Сосын табиғат тынышталды. Қайта күн шықты.


ІІ.Негізгі кезең.

1.«Мен кіммін?» жаттығуы.

Нұсқау: Оқушыларға түрлі түсті түсті қағаздар ұсынылады. Оқушылардың әрқайсысы өздерінің көңіл – күйлеріне байланысты түсті таңдап, парақтың ортасына шеңберге өздерінің көңіл күйлеріне байланысты эмоцияны салады. Оның астына Мен... деген сөйлемін аяқтайды. Мысалы: «Мен лидермін, мен спортсменмін, мен әншімін, мен ақылдымын, т.с.с.»

Мақсаты: оқушыларды топта бірлесіп істеуге үйрету.

Қатысушыларға таза парақ таратылып беріледі. Сол берілген парақтың бірінші бетіне салғысы келетін суреті жайлы жазады. Ал екінші бетіне сол суретін салады да, екінші көршісіне береді. Көршісі сол суретті ары қарай жалғастырады. Яғни соңында автордан басқалары суретке қарап суретке тақырып қояды. Аталған тақырып автордың тақырыбымен салыстырылады.
ІІІ.Қорытынды.

1. «Өмір коллажы»

Оқушылар екі топқа бөлініп, баяу әуен қойып, оқушыларға өмір коллажын жасау ұсынылады. Қатысушылар өдерінің өмірге деген позитивті көзқарастарын білдіреді. Оқушыларға ұсынылатын заттар: түрлі түсті бояулар, карандаштар, маркерлер, позитивті смайликтер, журналдардың кескіндер, түрлі түсті қағаздар. Әр топ өздерінің жұмысын қорғау қажет.

2. Рефлексия

Қатысушылар шеңбер құрып, бір – бірінің иығына сол қолды қойып бірігіп жұмыс істегендеріне алғыстарын білдіреді, жылы тілектерін айтады.