Файл: азастанды полиция жазалаушы орган ба лде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Міне, біз осы туралы айтып отырмыз ғой. ҚР ІІМ-нің ресми дерегі бойынша ІІМ құрылымында 152 мың адам жұмыс істейді, олардың 46 мыңы ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес әкімшілік полиция органдарында жұмыс істейді. Енді осы 46 мың қызметкерді біздегі тұрғындарға бөлсек, онда 444 емес, шамамен 200-ден келеді. Жан басына шаққандағы полиция саны жағынан алтыншы орында емес шығармыз, бірақ отыздыққа кіреміз. Осы жерде туындайтын сұрақ, егер бізде полиция қызметкерлері осыншама көп болса, бұлай айтып отырғаным, бұл сан бәрібір көп, өйткені біздің еліміз өте кішкентай, 18 млн ғана адам, бұл өте аз, осыған қарасақ, ашылмай қалған қылмыс болмауы тиіс деп талап етуіміз орынды емес пе? Екінші сұрақ – ІІМ қызмет көрсетуші ұйым болып табыла ма? 100 мың адамға 444-тен келетін полиция қызметкерінен сапалы қызмет көрсетуін талап етуге қақымыз бар ма? Осы орайда мен Жоғарғы соттың тәжірибесін мысалға алайын. Соңғы екі жылда заң саласында реформа болды. Егер азамат сотқа әкімшілік, азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша қатысы болса, онда оны сотқа смс хабарлама арқылы шақыртады. Әрбір істің өз нөмірі бар, оны әркім соттың сайтынан таба алады.

Динара Сәтжан, модератор: Сіз білесіз бе, мен мұндайды сот аяқталғасын көрдім, яғни смс хабарлама сот аяқталғаннан кейін ғана келді. Ендеше бұл өзгеріс онша тиімді жұмыс істемейді деген сөз.
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Біле білсеңіздер, мен де мұнымен жолықтым, бірақ бәрі дұрыс, келді, жүктелді, барлығы тамаша.
Динара Сәтжан, модератор: Идея жақсы. Бірақ ол іс жүзінде жұмыс істей ме? Мүмкін ол анда-санда дұрыс жұмыс
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Сіз айтып отырған жағдай [түсініксіз]. Қатысып көруге болады. Бұл біз күнделікті кезігіп жатқан қарапайым жайттар. Нөмірін білу үшін «112»-ге хабарласып сұрау керек, өйткені басқа нөмірлер жоқ. Олардың басқа істері бар, үнемі бір оқиға болып қалады. Яғни саған уақыт жоқ, сен ең соңында қараласың. Шындығында қалай, солай айтайын, кінәліні өзің тапқаннан кейін, өзің ІІБ-на баруың қажет және бір барғаннан шешіле қоймайды, бірнеше рет барасың, жұмыстары қауырт полиция қызметкерлерінің жұмыс кестесіне қарай икемделесің, өйткені олардың жұмыстары шын мәнінде көп. 2015 жылы 20 елдің конституциясында интернетке құқығы бар, ол адамның ажырамас құқықтарына жатады, ал біз болсақ, әлі күнге дейін барып, жүруімізге тура келеді. Астана – қарқынды дамып келе жатқан, адамдары қатты жұмысбасты қала. Әрбір азаматқа жеке барып, арнайы уақыт бөлу ақылға сыймайтын секілді, мен бұл жерде аймақтарды қосып отырған жоқпын, тек Астана туралы айтып отырмын.

Динара Сәтжан, модератор: Шыңғыс сіз сонда не ұсынасыз?
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Біз оған әлі келеміз, ұсыныстар жетеді. Мұндай осындай істер отырғанның әрқайсысына түсінікті және қарапайым. Егер рұқсат етсеңіздер, жалғастырайық, себебі айтылар маңызды мәселелер әлі баршылық. Мемлекеттік институттардың сапасы. Мен сіздерге ІІМ-нің сайтын қарап көруді ұсынамын. Оларда «кері байланыс» деген бөлігі бар. Біз полицияның имиджі туралы, оны барлық жерде нығайту керек дегенді сөз еттік. Әкімшілік полиция жұмысы туралы, статистикаға қатысты, қанша істер жасалғаны, қанша іс тергелгені жайлы жақсы бір нәрсе айтқым келді. Бірақ сайтта бары осы ғана. Яғни құқықтар мен механизмдер туралы инфографика бар...
Динара Сәтжан, модератор: Мүмкін статистика агенттігінің сайтында бар шығар?
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Мүмкін, бірақ ІІМ сайтында осылар ғана бар. Тағы да екі бөлігі бар, бірақ олардың ақпараттық мәні төмен. Мен сіздерге қарап көруге кеңес беремін. Ақпараттық-сараптамалық орталық бағыты бойынша да қызықты ақпарат бар. Осы үш бөлікке ортақ нәрсе – үшеуінде де сандар жоқ.
Динара Сәтжан, модератор: Қысқаша айтқанда, ІІМ-нің сайтына сіздің көңіліңіз толмайды, солай ма?
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: өкінішке орай, мен бұл жерде төреші бола алмаймын, бірақ мен таң қалысымды жасыра алмаймын. Мен осы жерде отырған ІІМ өкілдерінен сұраған жөн болар еді деп ойлаймын. Ал бірақ ІІМ-нің имиджін нығайту міндеті алға қойылса, онда оны айтып кету керек. Меніңше, ІІМ-де ашылған қылмыстық және әкімшілік істер туралы барлық деректерді жинақтаумен айналысатын бір департамент немесе басқарма бар шығар.
Көрермендерден: Кешіріңіз мұны басқа сайттан іздеу керек. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтынан қарау керек.
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Керемет. Бірақ сайтта сілтеме болу керек қой. Өкінішке орай, мен ол туралы білген жоқпын.
Жакин Қосман Сапарғалиевич, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары: Рұқсат етсеңіздер. Жаңа сіздер «112» телефоны туралы айттыңыздар. Бізде мұндай телефон жоқ, мүмкін сіздер «102» демекші болған шығарсыздар.
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Жақсы, біз өзіміз үшін кейбір жайттарды анықтадық, мұның өзі де жақсы. Шетелдік тәжірибе туралы бір-екі ауыз сөз айтар болсақ. Ұлыбританияда көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ полиция қызметінің сапасы туралы тұрғындар арасында үнемі сауалнама жүргізіледі. Жыл сайын. Германияда тұрғындардың оң көзқарасын қалыптастыру үшін азаматтар полицияға қалай қарауы тиіс деген арнайы қаулы бар. Сонымен қатар Грузияның тәжірибесі туралы да айтсам деймін.

Динара Сәтжан, модератор: Ол жақта полиция жоқ қой?

Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Керемет полициясы бар ел. Екі жылдың ішінде оны мүлдем түрлендірген. Егер 2006 жылы Грузияда полицияға деген теріс көзқарас 78%-ында болса, ал қазір 96%-ында оң көзқарас. Яғни елестетіп қараңыздаршы, полицияның рейтингі үш еседен артыққа өскен.
Динара Сәтжан, модератор: Ненің есебінен?
Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Осы елде жасалған бірқатар шаралар есебінен. Жұмысқа қабылданғанда жаңа үміткерлер психологиялық тесттерден өткен, оны шетелдік мамандармен бірлесе дайындаған. Яғни жұмысқа қабылдағанда өте қатал да нақты талаптар қойған. Жоғары заң білімі бар, полиция қызметінің психологиялық соққыларына төтеп беруге дайын адамдар қабылданады. Полицияның, содан кейін мемлекеттік аппараттың еңбекақысы 15-40 есеге өсті. Бұл жерде артық сұрақ жоқ, біздің экономикамызда бар қиындықтар. Полиция мамандығы – өмірге жақсы жолдама, яғни полицияда жұмыс істеу өте беделді, өте сәнді, өйткені полиция қызметкерінің беделі жоғары екенін ескеріп, полицияда жұмыс істесең, әрі қарай жұмысқа орналасуыңа, көтерілуіңе кең мүмкіндіктер ашылады. Арнайы білім беру жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы кеңестік замандағы ІІМ жүйесіне салмақты қарап, шетелдік стандарттарды есепке ала отыра, толықтай өзгертілді. Құқық қорғау жүйесінің түрлі тармақтарының да рөлі қайта қаралып, прокуратурада да реформа жасалды. ІІМ-нің негізгі бөлімшелері – бұл патрульдік қызмет пен қылмыстық полиция, яғни қатты қысқарту жүргізген. Негізінде біз осы бағытта келе жатырмыз. ІІМ қағаз күйіндегі құжат айналымын күрт қысқартты. Ұсыныс мынадай: стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтағанда жыл сайын іске асырылған сол реформаның тиімділігін зерттеу қажет. Бұл біріншіден. МСМ (Мәдениет және спорт министрлігі) жанындағы ХҚКО-ның жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі комитеттің функционалдық жүктемесін, ХҚКО-ның жұмысын бақылауды күшейту. Және үшінші басты ұсыныс: ІІМ жүйесінде кері байланыс дұрыс жолға қойылуы тиіс. Біздің полиция тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық кеңестерсіз, ҮЕҰ-дардың тұрақты өзарақатынасынсыз, құрылымдық реформалар жасауға тартылған сарапшылардың қатысуынсыз өз бетімен осылай жұмыс істей берсе, жағдай сол баяғы күйінде өзгеріссіз қала ма деп қорқамын. Аздаған қорытынды жасап кетуге рұқсат етіңіздер. Полиция жұмысында оң динамика да бар. Яғни біздегі полиция жұмыс істеп жатыр. Алайда имиджге байланысты жұмыс аз жүргізілуде. Екінші бір тұсы: полиция қызметкерлерінің өзі де өздерін қызмет көрсетуші ұйым деп қабылдамайды.


Динара Сәтжан, модератор: Қазір бізде тағы бір спикеріміз бар. Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы, стратегиялық талдау орталығының директоры. Бұл соңғы баяндама. Бұдан кейін талқылауға көшеміз.
Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Сәлеметсіздер ме, біздің сарапшылық клубтың қатысушылары! Бірден айтып келетіні, бүгін сөз сөйлейміз деген жоспарымыз жоқ еді. Біз «Полиция – жазалаушы орган ба әлде қызмет көрсетуші ұйым ба» деген тақырыпты жариялаған кезде, көптеген адамдарға бұл тың тақырып емес болып шықты. Тұрғындардың полициямен өзара қатынасы және осы қарым-қатынасты жақсарту мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, әсіресе Астанада жоқ болып шықты. Біз шақыртуды өте көп жібердік, бірақ сіз осы жерден мұндай ұйымдарды таппайсыздар, себебі шындығында олар жоқ. Сөйтіп ақыр соңында бізге шығуға тура келді. Себебі тақырып өте өзекті. Мен Ольгамен, яғни полицияға қызмет көрсететін ұйым ретінде қарамайды деген мәнмәтінмен келіспейтін шығармын. Егер сіздер сауалнаманы полициямен қарым-қатынасқа түскен адамдармен емес, жалпы барлық адамдар арасында жүргізсеңіздер, әрине, олар полицияны бір абстрактілі нәрсе ретінде қабылдайды. Ал полициямен байланысы болған адамдар оған белгілі бір оқиға болған кезде қалай болса да бір әрекет жасауы тиіс орган ретінде қарайды. Мен алдыңғы екі спикер айтқандарды қайталамай-ақ қояйын, олар тұрғындар полицияға қалай қарайтыны туралы айтқан еді. Мен аздап бәрін жерге түсіріп, шын мәнінде мен тәрізді қарапайым адам полиция маған не істеуге міндетті немесе азамат ретінде полиция жұмысынан не күтетіні туралы айтайын. Біздегі құқық қорғау органдары шығады да «біз халыққа мынадай қызметтер көрсетудеміз» деп айтады. Мен Ішкі істер министрлігі туралы айтып отырмын. Соңғы бір берген сұхбаттарын көргенде, 38 қызмет түрін көрсетеміз деген екен. Егер біз мемлекеттік қызметтер тізімдемесіне үңілетін болсақ, бұл жерде мемлекет тұрғындарға көрсететін барлық қызметтер жазылған, мұны сайттан табуға болады, онда мұндай қызметтер саны 41. Ал бұл қызметтердің бірінің де полиция функциясына еш қатысы жоқ, ал қоғамдық тәртіпті қорғаушы және құқықбұзушылықтың алдын алушы ретінде полицияның рөлі азаматтар үшін өте маңызды. Бұл туралы барлық мемлекеттік органдар хабардар деп ойлаймын. Қазір менде көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімі бар, ол төлқұжат беру, құжаттау, мұрағаттық анықтамаларға апостиль қоюдан басталып, солай жалғаса береді, бұл қарапайым адамға және әңгіме полициямен арақатынас туралы болып отырғандықтан онша қызықты емес. Халық полиция туралы айтқанда, біздің ойымызға ең алдымен, учаскелік инспектор оралады. Келесі слайд «Өзіңіздің учаскелік инспекторыңызды көрмегеніңізге көп болды ма?». Біз бүгін бұл сандарды естідік. Мен сіздерге мынаны айтпақшымын. Бізде «Танысуға рұқсат етіңіздер», «Мен сіздердің учаскелік инспекторларыңызбын», тағы сол сияқты акциялар жыл сайын өткізіледі. Осыншама акция өткізді, керемет деп БАҚ жарыса жазып жатады. Егер біз учаскелік полиция жұмысын ұйымдастыру ережесіне қарайтын болсақ, ол үшін акция өткізудің қажеті жоқ, бұл кез келген учаскелік инспектордың күнделікті атқаратын қызметі екенін білеміз. Жылына екі рет ол толықтай пәтерлерді аралап шығуы тиіс, ал екіншіден, ол жылына төрт рет, яғни тоқсан сайын халық алдында есеп беруі тиіс. Тіпті баяндаманың ұзақтығы 30 минут болу тиіс және ол хаттамамен рәсімделіп, тіркеледі дегенге дейін жазылған. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы дайындаған және әлеуметтік желілерде таратқан мына инфокескіндемені сіздер еш жерден, не ІІМ-нің бірде-бір сайтынан, не Ішкі саясат департаментінің сайтынан таба алмайтындарыңызға өз ақшамды бәйгеге тіге аламын. Адамдар ұшырасып жататын екінші бір жайт: егер мен бір жағдайға тап болсам, мен полицияға барып арыздануға мәжбүрмін. Азамат ретінде мені мазалайтын нәрсе полиция маған қаншалықты тез келеді деген ой. Айта кететіні, полиция жасағын шақыру, жедел жәрдем қызметін шақыру сияқты уақытпен шектеліп белгіленбеген, ол мемлекеттік қызмет көрсетулер тізімдемесіне кірмеген, бұл бөлек әңгіме, әрине бұл тізімдемеде ол неге жоқ екені туралы сұрап, сөйлесу қызықты болар еді. Бізге полиция көлігін орташа қанша уақыт күту керек екенін білу қызық болар еді. Бізге белгілі бір бағыт-бағдар бере ала ма әлде жоқ па? Меніңше бұл өте маңызды сұрақ. Мен өз басымнан өткен нақты бір оқиғаны әңгімелеп берейін. Міне мына парақшада біздің полицияның келу уақыты көрсетілген, егер сіз полиция шақыртсаңыз, сіз оны ешқашан ала алмайсыз, себебі ол ешқашан қолға берілмейді. Бірақ бұл жерде күзет тобы қашан шыққаны және қашан келгені нақты жазылған. Оқиға орнына жету үшін оларға үш минут уақыт берілгенін көресіздер. Ал оқиға өз басымнан өткендіктен мен мынаны айтамын, күзет тобы 45 минут жүріп келді. Яғни жедел басқару орталығының статистикасы, атауы осылай сияқты, ол сандарды осылай тіркеп жазады екен. Егер маған қателесіп осы құжатты бермегенде, біз білмей жүре берер едік. Біз ресми сұраныс жазғанбыз, бізге патрульдің келу уақытын көрсететін бағдарламада үлкен ақау бар деп жауап берді. Мен бұл жүйе 2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді дегенді жиі естимін. Бұл бірді-екілі жағдай шығар. Алайда полицияны күту уақыты нақты көрсетілуі тиіс. Мүмкін, әр жағдайда әр түрлі шығар. Мүмкін ол өте маңызды, шұғыл оқиға шығар, біреу-міреу мерт болып жатқан шығар немесе бұл ерекше жағдай шығар, олар оқиға орнына жету уақытын деңгейлеп жобалай алады, бірақ қалай болғанда да қарапайым азаматтар үшін нақты бір күту уақыты белгіленуі қажет. Сонымен, сіз полиция кезекшілігін шақырдыңыз, енді сізге арызыңызды тіркеу қажет. Арызды тіркеу туралы өте көп нәрсе айтуға болады, бұл өте маңызды тұсы, бұл іс-әрекет нақты уақытпен шектеліп белгіленуі қажет. Азамат өз арызын тіркеді, енді олардан не алуы керек екенін білуі қажет. Сізге олар талон-уведомление берулері керек екенін полиция қызметкерлері өте сирек айтады. Бұл бірінші оқиға емес. Біз адамдармен әңгімелестік, шынымен, мұндай тәжірибе бар екен, бірақ қарапайым азамат басқаша бұл туралы қалай біле алады? Жаңа Шыңғыс таңертең Астана қаласының ІІМ сайтына кірдім деді. Ал мен таңертең сағат жетіде ақпаратты қайта тексеру үшін Алматы ауданының АІІБ-не бардым. Бізде арыздарды қабылдау іс-әрекетін реттейтін прокурордың бұйрығы ілініп тұр. Онда азамат ретінде менің арызымды қабылдағанда маған олар не беретіні түгел баяндалған. Ол жалғыз өзі ілініп тұр және өте ауыр тілмен жазылған, сондай-ақ тек орыс тілінде, қазақ тілінде мұндай ақпарат жоқ. Егер мен жоғары білімді және заң жаргондарын жақсы түсінетін, бірақ тек қазақ тілінде сөйлетін адам болсам, мен бұл ақпаратты мүлде білмеуім мүмкін. Бұл өте маңызды тұсы. Прокуратураның бұл бұйрығына қосымша ретінде арыздарды қабылдау және тіркеу стандарты бар екен. Шамалы түсінікті жазылған осы стандартта барлығы нақты жазылған, бірақ ол Алматы ауданының АІІБ-де ілініп тұрған жоқ. Басқа аудандарда жағдай бұдан жақсырақ деп үміттенейік. Жарайды, сізге бұл ескерту парақшасын алу керек екенін айтты, сіз оны алдыңыз, бірақ әрі қарай не істеу керек екенін айтар адам өте сирек кездесетін шығар. Мысалы, сіздің бір затыңызды ұрлап кетті, сіз барып арыз жаздыңыз. Екі апта өткен соң, менің арызым бойынша не істеді екен деп барғанда, сізге талон береді. Сөйтіп сіздің қолыңызға берген парақшадағы санды
service.pravstat.kz сайтына кіріп, енгізіп, өзіңіздің арызыңыз қалайша қаралып жатқаны туралы толық ақпарат ала аласыз. Есептеп көріңізші, мына жерде 17 сан бар. Осының бәрін жасайтын ақпараттық сервис 14 немесе 15 саннан тұратын арыздарды ғана тіркейді. Яғни бізге берген мына талон бұл жүйеге тіркелмеген. Бұл бірді-екілі жағдай болуы мүмакін емес. Бұл жыртып берілетін талон, яғни үлкен бір кітапша бар деген сөз. Сонда, қазір полиция жалған нөмірлері бар ескерту парақшаларын беріп жатыр. Сондай-ақ аталмыш жүйе жұмыс істемейді. Тіпті, сіз қандай-да бір ақпарат беруге қатысты, мына бір сайтқа кіре аласыздар дегенге байланысты дау айтуға болады. Бұл біздің азаматтар ұшырасып жүрген қиындықтарға және бүгінгі таңда құқық қорғау органдары, яғни прокуратура, полиция жүргізіп жатқан жұмыстарға деген сенімді қалыптастыруға орай мысал. Өте бір маңызды тұсы – кезекші прокурор. Бұл бұрыннан келе жатқан керемет институт. Ол туралы көп айтуға болады. Міне, сіз келдіңіз, мысалы, сіз арызды қалай толтыратынын білмейсіз немесе сізге ескерту парақшасын берген жоқ – бұл жиі кездесетін жайт. Сіз өзіңіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылып жатқанын білдіңіз де, біреумен сөйлеспекші болдыңыз. АІІБ-де кезекші прокурордың телефоны жазылып тұр. Ол бәрі заңды іске асырылып жатыр ма, жоқ па, дегенді жалпы бәрін бақылауы тиіс. Қарайық, 2012 жыл, жаңалық: Қазақстанда кезекші прокурор жобасы енгізілуде. Олар әлі күнге дейін жұмыс істейді. Бұл жолы да, бірді-екілі жағдай шығар, мүмкін, бірақ пікірлерге көз жүгіртейік, онда бұл институт жұмыс істемейді дегенді оқисыз. Көп жағдайда, түнде шұғыл желілер тұтқаны көтермеген кезде, ол сізге қатты керек болғанда сіз кезекші прокурорды орнынан таппайсыз. Адамдардың жазған пікірлерін оқып көріңізші, бұл 2000 жылы болған, аталмыш институт енді енгізілген кезде, ол уақытта да, қазіргідей, кезекші прокурорды орнынан таппапты. Біз осы қазір, мен қоғамдық тәртіп туралы ойланып, ол туралы өзімнің учаскелік инспекторыммен сөйлескім келген сәттен басталып, мен құқықбұзушылық оқиғасына тап болып, арыз беріп, кейін менің арызым қаншалықты заңды рәсімделгенін білгім келген сәтпен аяқталған оқиғаны қарастырдық. Бұл шын мәнінде барлық азамат жолықтыруы мүмкін қиындықтардың соңы емес. Сондықтан, егер 2014 жылы бас прокурор құқық қорғау органдарына қаншалықты сенеді деген веб-сайттан алған ақпаратта 9% ғана сенеді деп тұрғанына таң қалмаңыз. Пайыз неге сонша төмен? Әсіресе, Ольга айтқан сандармен салыстырғанда. Себебі сауалнамаға құқық бұзушылық туралы арыз берген, яғни сол жолда қиындықтарға кезіккен адамдар қатысты. Ал бұлар өте маңызды сандар. Айта кететіні, құқық қорғау органдарын жаңғырту бағдарламасында айтылғаны – бағдарламаның нәтижеге қол жеткізу өлшемдерінің бірі халықтың сенім артуы болып табылады. Ол жерде 2020 жылы 60% адамның сеніміне ие болу көрсетілген. Бұл жерде жалпы халықтың сенімі емес, нақты қиындықтарды жолықтырған халықтың сенімі ескеріледі деген үміттемін. Шыңғыс дұрыс атап өтті, мүмкін, билікке сене ме, жоқ па деу керек шығар, тұрғындар үшін полиция қызметкері немесе учаскелік инспектор билік өкілі болып табылады. Шын мәнінде, шешімдері өте көп. Бұлар оңай іске асыруға болатын шешімдер, олар үстіңгі жағында көрініп жатыр, бәрін тізу қиын. Мен тек Ресейдің Азаматтық бастамалар комитеті қаржыландырып отырған «Ашық полиция» деген жобаны көрсетемін. Маған тіпті «ашық полиция» деген сөз емес, «түсінікті полиция» деген ұнады. Біздің полицияның бізге, азаматтарға түсінікті болуы өте маңызды. Мен оны түсінетіндей болу керек, адам ретінде мен оған келгенде маған не істеу керек екені түсінікті болу керек. Бұл бағытта бастамалар өте көп, кіріп, олардың бірнешеуін алсаң болғаны. Ал бірақ егер нақты өзіміз туралы айтар болсақ, қазір біз өмір сүріп жатқан уақытта көп нәрсе керемет, мінсіз. Биылғы жылы қарастырылған немесе қабылданған заңдар құқық қорғау органдарының жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны халыққа жақын етуге жол ашады. Бірінші, қоғамдық бақылау мен мониторинг механизмдерін айтып отырмыз. Бүгін жұмыс істемейді деп айтқан кез келген институтты алыңыз да, қоғамдық бақылау мен мониторинг жүргізіп көріңіз. Өте жеңіл, қаржы аз жұмсалатын жоба, жүзеге асыру оңай. Полиция жұмысының ақпараттық ашықтығы. Есімізге түсірейік, қазір бізде ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданбақшы. Сол кезде, мемлекеттік органдар бар ақпаратын, оның ішінде бүгін Шыңғыс Лепсібаев өз таныстырылымында айтып кеткен ақпаратты да ашық көрсетуге, сондай-ақ полиция бөлімшелерінде азаматтардың құқығы туралы пайдалы ақпараттарды барынша орналастыруға міндетті болады. Жай ғана кезекші прокурордың, басқалардың да тақталарын бір қарап шығыңызшы. Ол жерге қосарыңыз болады және бұл азаматтар үшін өте пайдалы. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты шағымдар бойынша бірыңғай желі құрылса. Өйткені мұндай келеңсіздіктерге азаматтар жиі ұшырап жатады, мысалы, сіз бір жерге қоңырау шалғанда, бұл сұрақ бізге емес, бұл бас прокуратураға немесе тағы басқа бір жерге деген жауаптарды жиі аламыз. Азаматтарымызды түрлі құзыретті орындарға жүгіртуді доғарсақ қайтеді, оның орнына қазіргі сияқты «1414» - мемлекеттік қызметтерді берейік. Мен өте жақсы есімде сақтап қалдым және пайдаланып жүрмін. Егер құқық қорғау органдарына қатысты осындай балама болса, өте керемет болар еді.