Файл: азастанды полиция жазалаушы орган ба лде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, менің сізге сұрағым бар. Полиция қызметкері, басшы ретінде қоғамның қазақстандық полицияға сенбей отырғанын көріп отырсыз ба?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Шақырғандарыңызға рахмет. Бүгін өте мәнді диалог болды. Әлбетте, бүгінгі талқылау барысында айтылғандардың бәрін қаперімізге алатын боламыз. 2015 жылды департамент бастығы «Полицияның күші – халық сенімі» жылы деп атаған. Полицияға сеніммен қарамаса, біз өз жұмысымызды атқара алмаймыз. Сондықтан мен қысқаша әңгімелеп берейін. Ағымдағы жылдың басынан 75573 ӘБ-нің күші мен құралдарын пайдаланудамыз. Күн сайын қала аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен мың жарым қызметкер қадағалауға шығарылады. Адамдар көп жиналатын, шұғыл іс-қимыл мен қосымша жасақ күші талап етілетін жерлерде күн сайын талдау жүргіземіз. Мұндай жұмыстарды күн сайын атқарудамыз. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың өздеріде белсенді ат салысып, қолдау көрсетіп жатады. Қазір бізде мұндай 840 азамат бар. Оларды ынталандыру, марапаттау үшін әкімдік жыл сайын 13 млн теңге бөледі. Айта кету керек, тек осы жылдың өзінде азаматтардың көмегі арқылы екі мыңға жуық құқықбұзушылықтар мен жүз қырыққа жуық қылмыстың беті ашылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында заманауи техникалық құралдардың пайдасы зор болды, оның қатарында бейнекамералар да бар, олар тәулік бойы қосылып тұрады. Қазір қалада 791 бейнекамера орнатылған. Олардың көбі қиылыстар мен көлік көп өтетін жерлерге қойылған. Осы техникалық құралдардың көмегімен ағымдағы жылы 36 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар мен 180 қылмыс анықталды. Мұндай жұмыстарды тұрақты жүргіземіз. Сондықтан бүгін сөз сөйлеген спикерлер әлеуметтік сауалнамаларды көрсетіп жатыр, ол бойынша қалай десек те полицияға деген сенім жыл өткен сайын артып келеді. Біз жыл сайын өзіміз талдау жасаймыз, учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аймақтарды аралап тексеріп шығуы бойынша іс-шараларды үнемі өткіземіз. Бір мәліметті айта кетейін, бізде 860 мың тұрғыны бар қалада 261 учаскелік полиция инспекторы ресми тіркелген. Қазіргі сәтте бізде жүктеме көп, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, бір учаскелік инспектордың қарамағында 2300 азаматтан артық адам болмауы тиіс. Бұған қарап, қоғамды тәртіпті қамтамасыз ету үшін бізге әлі 100-ден артық учаскелік инспектор қажет екен.

Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, мысалы мен өзім әлі өзімнің учаскелік инспекторымды бірде-бір рет көрген емеспін. Адамдардың көбі көрмеді десем, қателеспеспін. Міне, сіз айтып отырсыз олар 261 деп. Әрине, барлық қала халқы үшін бұл сан аз. Бірақ олармен қарым-қатынасты жолға қою үшін не істеу керек? Біз оларды іздеуіміз керек пе әлде олар бізді іздеуі керек пе?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Бұл жұмысты біз үнемі жүргізіп келеміз. БАҚ-да, ІІД сайтында «Өз учаскелік инспекторыңды таны» деген айдар бар. Үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық тақтайшаларға учаскелік полиция инспекторының телефондарын іліп қоямыз. Сондай-ақ, байқадыңыздар ма, жоқ па, өткен жылы жасалған құқықбұзушылықтар үшін қандай жаза қолданылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын қызу жүргізгенбіз.
Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, не десек те, біздің полиция қоғамның, «Фэйсбуктің» арқасында жұмыс істеп жатыр. Бұлай деп отырғаным, шамамен жазда ғой деймін, педофил қыз балаға тиіскенде, бақылау камераларының арқасында, бұл бейнеақпарат әлеуметтік желілерде таратылғандықтан, жарты күннің ішінде жауызды тауып, ұстады. Жақында біздің әріптесіміз Жұмановаға шабуыл жасалды, бұл жолы да, айналасы бір аптаның ішінде полиция қылмыскерді тапты. Яғни осындай шұғыл сәттерде біздің полиция қылмыскерді тауып, басқа елде жүрсе де ұстап алуға қауқарлы екенін түсінеміз. Бірақ әлі де дұрыс жолға қойылмаған жайттар бар екенімен келісетін шығарсыз. Мысалы, мен өз учаскелік инспекторымды білмеймін. Меніңше осы жерде отырғандардың көбі... Өзінің учаскелік инспекторын білетін адамдар болса, қолдарыңызды көтеріңіздерші. Үш адам. Өкінішке орай осылай болып отыр. Енді бірақ, біз кімге барып арызданатынымызды білетіндей не істеуге болады? Меніңше, біздің полиция қоғаммен бетпе-бет жиі кездесуі тиіс, БАҚ-на да жиі шығуы тиіс. Әлеуметтік желіде белсенді жұмыс істеу үшін адамдар болу қажет, өйткені қазір «Фейсбукта», «Инстаграмда» парақшасы жоқ бірде-бір адамды білмеймін. Қазір көп жаңалықтарды оқиға өткен сәттен кейін бірнеше секундтардан соң әлеуметтік желіден көресің. ІІМ-де, оның ішінде ІІД-де жағдайды шапшаң бақылап отыратын жауапты адам бар ма?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Мен алдында айтып кеткендей
, ІІД-нің сайты бар, онда «Өз учаскелік инспекторыңды таны» деген айдар бар. Барлық байланыс телефондары, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік аймағының шекарасы барлығы бар. Бұдан басқа, учаскелік инспекторды халықпен жақындататын іс-шараларды үнемі өткіземіз. Менің алғашқы қызметім учаскелік полиция қызметкері болған. Мен бұл жұмыс туралы жұрттан естіп қана білмеймін. Қала, сіздер білесіздер, бізде миграция өте үлкен, жалға берілетін пәтерлер өте көп. Бұл қиындық туғызады. Бірақ бұлай деп, мен жауапкершіліктен қашып тұрған жоқпын. Тұрғындар өзінің учаскелік полиция инспекторын білетіндей болсын деп күн сайын ескертеміз. Біз өз тарапымыздан бұл жұмысты үнемі жүргізудеміз. Мен өз тәжірибем бойынша айта аламын, мен Республикадағы 4, 6, 8 үйлерге қызмет көрсеттім, мен сонда жұмыс істедім. Күн сайын десем болады, тұрғындармен кездесуге шығып тұрдым, өзімнің визиттік карточкамды тарататынмын. Сөйтіп бір ай өткен соң үйіне келіп, есік қақсаң, мұндай адам бұл жерде тұрмайтын, басқа жаққа көшіп кеткен болып шығады немесе алдында танысқан кезде туыстары немесе балалары болған, ал олар бұл туралы ақпарат қалдырмаған немесе азаматтардың есінде жоқ, ақыр аяғында ешкім ештеңе білмей шығады. Мен үйлерді өзім аралапжүріп осындай жағдайларға көп тап болғанмын. Осы бір азаматты немесе азаматшаны білетінім есімде тұрады, «сіз мені білесіз бе?» деп сұраймын. Тіпті әлеуметтік сауалнамалар да өткіздім. Шынымен біле екен деп, басшылық тексеретін. Адам сасып қалатын немесе тағы бір нәрсе. Сосын барып қойын дәптерінен немесе айнаның бір тұсынан іздей бастайды, ал ол жерде учаскелік инспектордың визиттік карточкасы тұр екен. Сол кезде мен: «есіңізде ме, мен келген едім ғой» деймін. Сосын кейбір адамдар шынымен естеріне түсіреді. Мұндай кездер, әрине, болады. Осындай тұстарымен үнемі жұмыс жүргіземіз.
Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, сіздің учаскелік полиция қызметіннен бастағаныңыз үлгі етерліктей. Қазір жақсы лауазымды қызметтесіз, әкімшілік полиция бастығының орынбасарысыз. Яғни сіз осылайша өстіңіз. Ал бұл жақсы учаскелік инспектор генерал погондарына қол жеткізеді дегеннің айғағы. Яғни жақсы мысал, полицияға үлгі етер тұлғасыз. Алайда барлық учаскелік инспекторлар мұны түсіне бермейді. Шынымен жұмыс істейтін адамдарға сұрақ шығар. Полиция саласында тұрақтағысы келетін адам үшін осы саланың қызметтік баспалдағындағы ең бастапқы қадамдардың бірі осы емес пе? Мен өз үйіме енді көшіп келгенде, өз учаскелік инспекторымды білетінмін. Ал қазір міне мен оны бес жылдан бері көрген емеспін, алайда мен ешқайда көшкен жоқпын. Мен «Альбион» тұрғын үй кешенінде тұрамын. Екі-үш жыл бұрын біздің үйдегі 10 пәтерде ұрлық болды. Тіпті, сол ұрлықтардың бірі былайша болған: бізде бесінші-алтыншы қабаттарда пентхаусдар, ұрылар алтыншы қабатқа көтеріліп, қабырғаны тескен. Елестете аласыздар ма, есікті емес, қабырғаны сындырған. Осының бәрі болған кезде, мен сол үйде тұратындықтан, «сонда сіздер қайда қарап жүресіздер?» деп сол учаскелік инспектордан сұрадым. Он пәтерге ұры түскен, бұл деген мүлде бассыздық қой. Сондағы оның айтқаны: біз жұмыс істеп жүрміз. Болды. Осыдан кейін бақылау бейнекамераларын қойып, өз қауіпсіздігімізді өзіміз қамтамасыз еттік. Міне, осыдан кейін мен көрген емеспін. Міне, жақында, осы жылдың басында әлде жазда ІІД-де болдым. Бақытыма орай, барлығы сәтті өтті. Мүмкін мені танитын болғандықтан шығар. Қалай болғанын білмеймін, мені тонап кетті, бірақ біз оны таптық, алайда біраз уақыт қажет болды. Мен сол кезде жақсы көмек көрдім, яғни маған көмектесті, ұрыны тапты, сот болды. Мен біздің полицияға сенемін, бірақ қазір мәселе басқада. Бейнекамералар бойынша айтыңызшы, сіздің айтуыңызша, бізде 800-ге жуық камера жұмыс істеп тұр. Бұлар тек далада тұрған камералар ма әлде үйлерде орнатылғандары ма? Олардағы жазбалар ақпарат береді ме?

Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Негізінде, мен айтып кеткендей, 791 камера, оның 507-сі көше қиылыстарында, 126-сы қоғамдық орындарда, ал қалғаны тұрғын үйлердің аулаларына қойылған. Мемлекеттік мекемелерге, мектептерге орнату бойынша әкімдік үлкен жұмыс атқаруда. Уақыт өте келе, бұл кмералардың барлығы бір орталыққа тоғыстырылады да, осының бәрі сол жерде бақыланады.
Динара Сәтжан, модератор: Сонда осы ақпараттардың барлығы келіп құйылатын орын әлі жоқ па?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Бұл жұмысты әкімдікпен бірлесе «Астана Смарт» жүргізуде. Бұл мақсатқа белгілі бір қаржы бөлінген. Сондықтан осы жұмыс жүріп жатыр. Жұмыс жақын болашақта өз нәтижесін көрсетеді. Жоғарыда мен ІІД-нің Жедел басқару орталығына келетін камералар туралы айттым.
Динара Сәтжан, модератор: Негізінде, әрбір қадам сайын камера қойып, толықтай полиция қаласын жасаса өте дұрыс болар еді. Сол кезде адам қылмыс жасамас бұрын, мені жан-жақтан үнемі түсіріп жатады деп ойланар еді.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Камераның әр жағынан үнемі полиция бақылап отыру керек деп ойламаймын.
Динара Сәтжан, модератор: Бірақ бір нәрсе бола қалса, қайта айналдырып, көруге болады ғой.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Иә, мұнымен келісемін.
Динара Сәтжан, модератор: Достар, біздің ІІМ-нен келген қонағымызға сұрақтарыңыз бар ма?
Көрермендерден: Бізде жолда көлік жүргізушілерді жиі жауапқа тартады. Адамдар, тіпті баласын ертіп алған адамдар жүруге, яғни жолды кесіп өтуге болмайтын жерлерден өтіп жатқанын өте жиі көремін, кейін олардан балалары үлгі алады. Мен осыдан бір ай бұрын көлікпен келе жатқанмын. Менде жасыл жанып тұр, ал балалар қызылға жүгіріп өтіп жатыр. Ал олардың бойлары кішкентай, бірден байқау өте қиын. Абырой болғанда, мен бірден байқап, тежегішті басып үлгердім. Олар үлкендерден үлгі алады. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, әсіресе баламен өтіп, жол ережесін бұзған қанша қарапайым адамдарды сіздің мекемеңіз жауапқа тартты? Мен жақында өзім көрдім, Мега маңайында адамдар жолды кесіп өтіп жатыр, ал әкімшілік полиция қызметкерлері еш әрекет жасаған жоқ. Мен олардың жанына «келіп, неге ана балалы әйелді тоқтатып, жауапқа тартпайсыңдар» дегенімде, қолын бір-ақ сілтеп, онсыз да шаруам бастан асады деді. Қайдағы тәртіп туралы айтуға болады. Біздің Президентіміз құқықбұзушылыққа шыдамау туралы айтып жатса, ал біздің ержүрек полицияларымыз баламен жолдан өтіп бара жатқанына қарап тұр. Ертеңгі күні, құдай сақтасын, бұл бала өзі өте шығам деп, мерт болса ше? Онда бұл тек анасының емес, әрекетсіздік танытқан полиция қызметкерлерінің де кінәсі болады. Мұндай заң бұзушылықты күн сайын көресің. Жолда келе жатасың, 5-6 адам жолдан жүгіріп өтіп жатады. Полиция еш әрекет жасамайды. Осыдан менде мынадай сұрақ туындайды. Биылғы жылы осындайлардың нешеуін әкімшілік жауапқа тарттыңыздар және жалпы, өз жұмыстарыңызды неге тиянақты атқармайсыздар?