Файл: азастанды полиция жазалаушы орган ба лде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Тек қана жол ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде жолды тиісті жерден жүріп өтпегені үшін ғана 200 мыңнан жоғары әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, азаматтар жауапқа тартылды. Бұл бағытта күн сайын жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар, мереке және демалыс күндері ІІД аппаратында отырған адамдарымызды да осы жұмысқа тартамыз. Әрбір көше қиылысына, немесе әрбір жолдың бойына полиция қызметкерін, өкінішке орай, тұрғызып қоя алмаймыз. Ал айтқандай жұмысына салғырт қарайтын, әрекет жасамайтын қызметкерлермен жұмыс жүргізіп келеміз. Байқаған шығарсыздар, биыл ІІД бейнетіркегіштерді іске қосты. Әлі де сатып алып жатырмыз. Қаржы бөлінуде, қолдау көрсеткендері үшін әкімдікке және ІІМ-не рахмет. Бұл құқықбұзушы да, қызметкер де өздерін заң аясында екенін сезініп, тәртіп бұзбауына ықпал етеді, сөйтіп, біздің жұмысымызға үлкен көмек береді. Жоғарыда айтып кеткендей, демалыс және мереке күндері біздің қызметкерлер демалғанның орнына аппараттың жеке құрамы, оның ішінде әкімшілік полиция аппараты шығып, белгіленбеген жерлерден өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне жұмылдырылады. Бізде 123 білім беру мекемесі бар, таңертең бәріңіз куәсіздер, біздің барлық қызметкерлеріміз шығады. Негізгі жұмыс мектеп маңында жүргізіледі. Бұл тек полиция қызметкерінің ғана жұмысы емес, бұл әрбір азаматтың жұмысы. Әрбір азамат үйінде отбасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жерде ең бастысы - қауіпсіздік. Театр киім ілгіштен басталады демекші, мұнымен бәрі айналысуы тиіс.
Динара Сәтжан, модератор: Сіз өте дұрыс айтасыз, егер бала ата-анасының қызыл түске өткенін көрсе, оның ойында осылай жасауға болады екен ғой деген ой қалыптасады. Біз әуелі өзімізден, ал ең жақсысы, баладан бастауымыз керек. Мектептерге барып, қандай-да бір қоғамдық сабақтар өткізесіздер ме?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Мен әңгімемді бізде 123 білім беру мекемесі бар, солармен жұмыс істейміз деп бастаған болатынмын. Олардың барлығында, яғни барлық мектептерде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор бар. Апта сайын жолда жүру ережесі, құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы сабақтар өткіземіз, онда мамандар психологпен бірлесе отыра балаларға барлығын түсіндіреді. Міне осындай жұмыстар атқарудамыз.
Динара Сәтжан, модератор: Ольганың сұрағы болған сияқты, иә?
Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ:
Жоқ, менікін сұрақ деуге келмейді, бұл көбірек пікір. Құрметті қонағымыз біздің алдымызда ақталып қиналғанын қаламаймын. Негізінде түсінждіру жұмыстары да жүргізілуде, мектептерде арнайы сағаттар да өткізілуде. Бізде, тіпті, «Жас полиция қызметкері» сияқты жұмыс бар ғой деймін. Мұндай әрбір мектепте бар. Қазір полиция ақпаратты беріп, ал халықтың оны қабылдамағаны үшін жауап бере алмайды. Бұл жерде мәселе екі бағытта қозғалыс бар көшелер болғандығы. Тұрғындар жағынан да қозғалыс осындай болуы тиіс. Өкінішке орай, бізде құқықтық мәдениет өте төмен, мұны бәрі мойындайды. Біздегі полиция қызмет көрсететін ұйым десек те, біздің халық оны олай қабылдамайды. Олар: «біз салық төлеушілерміз, олар біздің ақшамызға күн көруде, олар бізге міндетті, ал біз талап етуге қақымыз бар» деп ойламайды. Өкінішке орай, біздің халық бұлай ойламайды. Сондықтан біз қазір полицияға тап беріп отырмыз. Жұмыс жүріп жатыр, керуен ақырын болса да жылжып келеді. Мұны мойындау керек. Әрине, кемшіліктер бар. Өзгерту қажет кейбір тұстары туралы, іс-әрекет алгоритмінен хабарсыз азаматтар қалыптасқаны туралы бүгін көп айтылды. Бір құқықбұзушылық орын алғанда, адамдар не істеу керек екенін, полициядан не талап ету керектігін, арыз берген соң, қайда бару керек, оның орындалу барысын қалай бақылау керектігін білмейді. Бұл жағынан, әрине, жұмыс жүргізу керек. Ал былайша кінә тағу...
Динара Сәтжан, модератор: Біз кінә тағып отырған жоқпыз, сұрап жатырмыз.
Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ: Менің ойымша, дәл қазір осы жерде, солай болып отыр. Себебі біз зерттеу жүргізгенбіз. Егер сіздердің ойларыңызша, «102» нөмірін білмейді десеңіздер, қатты қателесесіздер, оны мен дәлелдей аламын. Біздің елімізде адамдардың 70%-ы оны біледі. Нақты «102» нөмірін, ол ненің нөмірі екенін біледі, ал бірақ полицияларды ренжітетін бір тұсы, 20%-ы бұл қызметті «112» деп жауап берген екен.
Динара Сәтжан, модератор: Ал «112» - бұл не?
Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ: Мен қателеспесем, осы нөмірмен берілген бірыңғай анықтамалық желі болатын. Егер қазір бұл нөмір болмаса, бұл жерде кінәрат халықтың дұрыс ақпараттандырылмауында.
Динара Сәтжан, модератор: Ольга, үлкен рахмет. Динараның да айтары бар ғой деймін.
Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Біз осы іс-шараға дайындық барысында бір-екі мемлекеттік орган бізден былай деп сұрады: «Бізге ол сарапшылық клубта ешкім ұрыспай ма?». Ендеше былай. Ешкім ешкімді айыптап отырған жоқ. Тіпті, сұрақ жаудырғаннан гөрі, ұсыныстарыңызды айтыңыздар деген бағыт бергенбіз. Адам ойын айтады, артынан ұсынысын білдіреді. Міне сіздер осы ұсыныстар мәдениетінің, тіпті, жарайды сынның, мейлі ол құрылымдық болсын, осының аясында қарауларыңыз қажет. Мүмкін, сұрақ-ұсыныс болар. Негізінде, тұрғындарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту туралы заң бар екен, мен мұны кеше ғана білдім. Сіздер бүгін осы жерде 800 адам, 840 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға тартылды деп мысал келтірдіңіздер. Қарапайым халық, кез келген азамат полиция қызметкерлеріне көмектесуге дайынмын деп өтініш бере алады екен. Сондай-ақ, бұл үшін оларға, тіпті, ақша төлейді екен. Біздің әрбір сұрағымызға адамдар өте көп, оның ішінде тіркелмегендері қаншама деп жауап береді, бұл, әрине, шындық. Сәйкесінше, нормадан асып кетіп отыр, бір учаскелік инспекторға – 3 мың адам, Астанада жалғыз учаскелік инспекторге бүгін қиын, ол үлгермейді. Шынымен, өте үлкен жүктеме. Онда мынадай сұрақ туындайды: мүмкін тұрғындарды қатыстыру, тіпті, қажет болса, белгілі бір мөлшерде ақша төлеу керек шығар? Мүмкін, кәсіби полиция емес шығар, бірақ шылым тұқылын тастау, түкіру, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту сынды ұсақ құқықбұзушылықтарға шыдамау саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсете алатын адамдар. Осындай ұсақ қиындықтарды шешудегі халықтың рөлі қаншалықты деп ойлайсыз, оны қалай елестетесіз, осы қырынан айтып кете аласыз ба? Рахмет.

Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Бұл өте жақсы сұрақ. Өкінішке орай, қазір біздің халық қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге онша қолдау көрсеткісі келмейді. Мен алдында айтып кеткендей, 13 млн бөлінеді, оның бірыңғай есептеу орталығы [түсініксіз]. Қалада елуден астам аулалар қауіпсіз аула болып табылады, олар қоршалған, бейнекамералар орнатылған, кіреберістерінде консьерж отырады. Міне біз оларды шақырамыз. Бізде мұндай азаматтар өте көп. Тоғыз жоғарғы оқу орнында полицияға қолдау көрсететін топтар бар. Олар сабақтан бос уақыттарында, негізінен демалыс күндерінде қалада бақылау жүргізіп, қадағалып, полицияға көмектеседі. Өкінішке орай, азаматтар бұл іске қуана келіспейді. Барлығы келеді де, еңбекақы талап етеді. Заңнамаларға сәйкес, оларға еңбекақы ретінде бере алмаймыз. Ол бізде құқықбұзушылықты, қылмысты анықтауға белсенді қатысқаны үшін ғана төленеді. Қала әкімдігі жанынан бізде комиссия құрылған, сыйақыны кімге береміз, қандай ісі үшін береміз дегендердің бәрін осы комиссияда қаралып, шешіледі. Өкінішке орай, өтініш берген азаматтардың барлығы тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуға ниеттері жоқ, ал бірақ ақша төлеу жағынан келгенде, олар мұны еңбекақы деп ойлайды. Келіп алып, сұрақтардың астына алады.

Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, біз сізге адамдар жинауға көмектесейік, сосын оларды өздеріңіз бөлесіздер.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Рахмет, біз қарсы емеспіз. Бірақ белгілі бір біліктілік талаптар бар: бұл азаматтар алдында әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс. Сондықтан, бұл адамдарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылдамас бұрын, ең алдымен, іс бастап, барлық жағынан, яғни психикалық, наркологиялық, тағы басқа тексерулерден өткіземіз.
Динара Сәтжан, модератор: Сонда адам жай ғана келіп, өтініш жазса, болды ма?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Иә, өтініш берсе болды. Бізге келе алады. Мәрхаба. Мен өз телефон нөмірімді қалдырып кете аламын, келулеріңізге болады.
Динара Сәтжан, модератор: Еңбекақы төлейсіздер ме, жоқ па – мұны қалай шешесіздер?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Алдында айтып өткенмін, бұл комиссия арқылы шешіледі. Әкімдік жанында комиссия отырысы болады. Осы комиссияда қаралады.
Динара Сәтжан, модератор: Біреулерге ақша төледіңіздер ме, қанша?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Мен бұл туралы да алдында айтып өткенмін, 13 млн теңге бөлінеді. Жылына 13 млн теңге.
Динара Сәтжан, модератор: Бұл шамамен қанша? Қандай еңбекақыға үміттенсем болады? Сіздердің қатарларыңызға қосылайын дегенмін.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Тоқсанына 10-15 мың теңге.
Динара Сәтжан, модератор: Қымбаты әріптестер, тағы қояр сауалдарыңыз бар ма?
Ерболат Көшенов, Әскери заңгерлер альянсы: Менің қосарым бар. Қосман Сапарғалиевич, өкінішке орай, өз сөзінде полиция қызметкерлерінің жүктемесі туралы айтқан жоқ. Біз қазір олар не істеу керектігі туралы айтып жатырмыз. Бірақ полиция қызметкерлері минут сайын, секунд сайын өз өмірлерін, денсаулықтарын қауіпке тігіп, демалысты дегенді білмей, тәулік бойы кезекшілікте тұрып жұмыс істеп келеді, мұны барлығыңыз да білесіздер, ал бірақ ол туралы сөз қозғаған жоқсыздар. Психологиялық, физикалық және моральдық салмақ өте үлкен. Интернетте жүргізілген талдау барысында, ең қиын және ең қауіпті мамандық қайсысы дегеннің төңірегінде дау туындаған кездер де болған. Ең ауыр және ең қауіпті мамандықтардың бірі – полиция қызметкері болу. Мен сырттай ғана біліп отырған жоқпын, менің әкем АІІБ-нің бастығы болған. Бала күнімде мен оны өте сирек көретінмін. Мәселенің бұл жағы айтылған жоқ. Мұны бәріміз өте жақсы білеміз. Көпшілігі өз учаскелік инспекторын білмейді деген пікір айтылды, мүмкін бұл жақсы да шығар. Бұл адамның қылмыстық іс жүргізу саласына қатысы болмағандығын көрсетіп отырған болар. Өз учаскелік инспекторымызды білмейміз, ендеше бұл жақсылықтың белгісі шығар? Бұл уақытта учаскелік инспектор бізге белгісіз майдан алаңында шығар, қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде тұрғын шығар, біздің тыныштығымызды қамтамасыз етіп жүрген шығар.

Динара Сәтжан, модератор: Жақсы жағынан осылай болуы мүмкін. Ал егер бұлай болмаса ше? Мен оны білгім келеді, бір жағдай бола қалса, кімге хабарласамын? Менің телефонымда учаскелік инспекторымның телефоны болуы үшін, тіпті, мен оны аулада көріп, қалін біліп, амандассам да. Яғни бұл адам кім екенін мен білуім керек, бір жағдайға тап болсам, ол мені құтқаратынын білуім керек қой.
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Мен спикер емеспін, бұл отырысқа арнайы дайындалған да емеспін. Осы жерде естігендерімнің бәрін ескеретін болсам, Шыңғыс айтқан ақпарат, яғни полиция қызметкерлері бойынша алтыншы орында тұрғанымыз шын болса, нақтылап алайын, бұл сандар дұрыс па? Адам санына шаққанда 152 мың қызметкер бар екенін, біздің алтыншы орында тұрғанымызды кім растай алады? Немесе 100 мың адамға 444 қызметкерден келетін ше? Егер бұл ақпаратқа сенер болсақ, полиция қызметкерлері бізде жетерлік екен. Онда бұл мәселені шешу жолын үш бөлікте ұсына аламын. Бірінші: ІІМ, құрылым ішінде міндеттер дұрыс бөлінбеген шығар. Қызметкерлерді қағазбастылыққа салып қойып, сағаттап жазып отыратын бюрократиялық жұмыс өте көп болып отырған шығар. Міне сондықтан, жүктеме өте көп. Ал бізбен тікелей жұмыс істеуге тиіс адамдар аз шығар. Мүмкін аз емес шығар, бірақ жеткілікті емес. Мүмкін ІІМ-нің жүйесін өзгерту керек шығар. Учаскелік инспекторлар аз да, қағаздарды толтырып, көп жазуға мәжбүр, кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер көп шығар. Жүктелген міндеттерді жеңілдетіп, тікелей адамдармен жұмыс жасайтын қызметкерлерді көбейту керек. Екінші: қазіргі кезде шешім ретінде нені ұсына аламын – бұл учаскелік инспекторлардың барлық азаматтарды бір жерде таба алатын орындарда жұмыс жүргізуі. Адамдар өмір сүретін жерлерде, олар әйтеуір келіп түнейді ғой. Адамдар өмір сүретін жерлерде өздерінің тұрғындарын білетін полиция қызметкерлері жеткілікті болады. Егер бір құқықбұзушылық жасалса, ол қылмыскердің қайда тұратыны анықталып, сол жердегі көршілерінен жауап алынады. Сондықтан аталмыш инспекторлардың жұмысы бір жолға қойылса, міне, осындай жағдайларда көп мәселе оңайырақ шешілер еді. Инспекторлардың жұмысына қатысты айтар болсақ, оларды мүмкін ПИК немесе ТҮКШ-ның жұмысымен біріктіру керек шығар. Біздің ПИК-терде электршінің, сантехниктің, диспетчердің телефондары бар, учаскелік инспектордың да телефоны болса артық болмас еді.
Динара Сәтжан, модератор: Негізінде бар, Қосман Сапарғалиевич айтқан...
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: