Файл: азастанды полиция жазалаушы орган ба лде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білмеймін, жоқ. Бізге ПИК қағаз береді, онда барлық телефондар жазылған, ал бұл телефон жоқ. Неге учаскелік инспекторлар ПИК-термен тікелей байланыс жасамайды? Мүмкін нәтижесі болатын шағыр.
Динара Сәтжан, модератор: Мүмкін біз ол туралы білмейтін шығармыз?
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Онда жақсарту қажет, себебі ПИК-те учаскелік инспектор сияқты пәтерлердегілердің бәрін білуі тиіс, онда не болып жатыр, бұзақылық бар ма, зорлық-зомбылық бар ма дегеннен хабардар болуы тиіс. Бұл екіншісі. Ал үшіншісі, осы жерде сөз болған адамдармен жұмыс жүргізу, құқықтық ақпараттандыруды арттыру мәселесі. Егер біз өз учаскелік инспекторымызды білмегеніміз – полицияға түспегеніміздің белгісі, ал бұл жақсы дегенмен келіспеймін. Бұл бүгінше осылай. Ал ертең біз бір жағдайға тап болсақ, біз не істерімізді білмей, кімге барарымызды білмей, адасамыз. ТЖМ-не қарасты мекемелерде жер сілкінісі болғанда, өрт шыққанда не істеу керек деген сияқты оқулар өткізіледі. Неге жұмыс орындарында олар осындай оқулар өткізбейді? Бір курстар өткізіп, полиция жұмысымен байланысты оқиғалар кезінде қалай іс-әрекет ету керектігі жайлы бір сағат дәріс оқыса. Бұл жай ғана қысқа курстар емес пе, оны барлық мекемелерде өткізуге болады.
Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, сіз мұнымен келісесіз бе?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Астанада 4 мыңға жуық полиция қызметкері бар екен. Бізде ресми тіркелген 870 мың адам бар. Егер 870-ті 4-ке бөлсек, шамамен 100 мың адамға 200 полиция қызметкерінен келеді екен. Бұл статистикалық деректер қайдан келгенін білмеймін. Сонымен қатар, осында кіре берісте де, полиция тексеріп өткізіп тұр, ал бірақ бұл іске басқаларды тартуға болар еді. Сондықтан Астана бойынша 444 полиция қызметкері деген...
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: 200 әкімшілік полиция қызметкері бар Шыңғыс айтты, тағы да әскерилер бар. Негізінде, бұл сандарды сіз растап отырсыз ғой. Себебі Independence барлық жүйені есептеген, бірақ олардың жартысы әкімшілік екенін ол ескертті.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Мен алдында да айтып өттім, жалпы Республика бойынша ең үлкен жүктеме Астана қаласының полиция қызметкерлерінде. Бір тергеуші-анықтаушыға берілген істің санына қарасақ, басқаларға қарағанда ең көбі бізде.
Динара Сәтжан, модератор: Үлкен рахмет. Сондай-ақ бүгін бізде қонақта Астана қаласы прокуратурасы 2-басқармасының өкілі, прокурор Ерлан Ертаевич Баймұхаметов. Бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысты қандай ойыңыз бар? Бөлісе отыруыңызды сұраймын.

Баймұхаметов Ерлан Ертаевич, прокурор: Мен ең алдымен, өте ұтымды, іскерлік ұсыныстары үшін сөз алған тұлғаларымызға алғыс айтқым келеді. Меніңше, біздің полиция тұрғындарға әлі де жақындай түсуі қажет. Баяндамалар аздап дилетантский болғанын айтқым келеді, себебі полиция санын айтқанда Қазақстанның аумағын ескеру қажет деп есептеймін. Ол өте үлкен, шашыраңқы, сәйкесінше әрбір елді мекенде полиция қызметкері болу керек, міне, бұл да полиция санын өсіреді. Екінші, осы жерде айтылған - азаматтардың көп жайттарды білмеуіне қатысты. Мен, мысалы, қызым менен бір нәрсе сұраса, «Гуглдан» сұрашы деймін. Яғни «Гуглға» кез келген сұрағыңды енгізсең, жауабы шығады. Егер «Гуглда» «осындай ауданның учаскелік инспекторы» деп терсең, ол міндетті түрде ақпарат береді деп ойлаймын. Кезекші прокурорларға қатысты. Прокурор жұмыс орнында табылмаған кездер болған шығар мүмкін, бірақ қалалық прокуратурада да кезекші прокурор бар. Міне, сіз осы жерге хабарласып, ІІБ-дегі кезекші прокурор орнында жоқ деп шағымдана аласыз. Телефон бар: 71-24-67.
Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Бұл сұрақ бойынша біз хабарласқанбыз. Бізге бұл уақытта кезекші прокурор басқа полиция қызметкерлерімен бірге шақыртуға кетті деп жауап берді. Ал осылайша жұмыспен жүргені туралы кезекші прокурордың өзі хабарсыз болып шықты, себебі ол бізге «үйдемін, киімімді ауыстырып жатырмын» деген болатын. Кешіріңіз, кезекші прокурорға, прокуратура қызметкеріне қатысты шағым жасағанда, алар жауабың белгілі сияқты. Мүмкін бұл да бірді-екілі жағдай шығар, бірақ ол жеткілікті деңгейде жағдайдан хабар беріп тұр.
Баймұхаметов Ерлан Ертаевич, прокурор: Онда қала прокурорына ресми арыз беру керек, сол кезде қала прокуроры тиісті қызметтік тексеріс жүргізеді. Әлбетте, себепсіз жұмыс орнында болмаған қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылады. ІІД-дегі хабарландыру тақтасына қатысты ұсыныстар, өте орынды деп ойлаймын. Шынымен, менің ойымша, сол түсініктемелер мен нұсқаулықтарды қайта қарау керек. Олар кәсіби тілде жазылған, сондықтан қарапайым адамға түсіну қиын. Оны түсінікті етіп жазу туралы ұсыныс жасаймын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым түсіру желісін құруға қатысты айтсам, мұндай желі бар, бас прокуратурада колл-центр бар, ол осы сипаттағы шағымдарды тіркеп, кейін оларды құзыретті органдардың қарауына жіберу үшін ашылған. Шынымен, учаскелік инспекторлардың жүктемесі өте үлкен, біз мұны түсінуіміз керек. Оларға жүктелген міндеттер өте көп, олар әрбір пәтерді аралап шығып, әрбір адаммен сөйлесіп шыға алмайды. Оған қалай тырыссаң да уақыт жетпейді.

Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Ал егер бізде учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру ережесі бар, ол бойынша инспекторлар жылына 2 рет пәтерлерді аралап шығуы тиіс болса ше?
Баймұхаметов Ерлан Ертаевич, прокурор: Сіз елестетіңізші, барлық пәтерді аралап шығу?
Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Егер ереже ойға қонымсыз десеңіздер, оны өзгертіңіздер. Меніңше, егер ереже болса, оны ұстану керек немесе нақты шешімдерді ұсыну керек.
Баймұхаметов Ерлан Ертаевич, прокурор: Меніңше, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін тәртібі қиын адамдармен жұмыс істеген пайдалырақ сияқты. Міне, осындайлармен тығыз байланыста болу керек. Екінші, кәсіби этикаға қатысты айтарым бар. Ресейде кәсіби этика курстарын оқытатын академия бар. Біздің елімізде де Құқық қорғау органдары академиясының ашылуына орай, тиісті тәртіп орнатылады деп ойлаймын. Ал бұл бірден бола қоймайды, біздегі полиция қызметкерлері үздік әлемдік стандарттарға сай болуы үшін уақыт керек. Сондықтан аздап шыдамдылық таныту қажет. Ал оларды тәрбиелеу, оқыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.
Динара Сәтжан, модератор: Көп рахмет. Әлі сөйлемегендерге сөз берейік. Астана қаласы Мәслихатының депутаты Тимур Маратович Оразақов, сөз сізде.

Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Әрине, әңгіме барысында айтайын дегенмін, бірақ сөзді бөлгім келмеді, өйткені қандай қарқынмен сөйлеп жатқандарыңызды байқадым. Шынымен бірдеңе өзгереді дегенге сенімдісіздер деп ойлаймын. Сіздер сияқты адамдардың арқасында біздің мемлекетімізде жағдайлар жақсы жағына қарай өзгеріп жатыр. Өйткені әлемді бейжайлық танытпайтын адамдар ұстап тұр, әділдік те солардың қолында. Барлықтарыңызға, әсіресе, сөз сөйлегендерге рахмет. Нөлдік шыдамдылық қағидалары неге сақталмайды деген сұраққа қосарым бар. Бұл мәселеде адамдардың, көбінесе жастардың көңіл-күйі көрініс тауып жатады. Ольга Симакова сөз алғанда, полицияның рөлін ҮЕҰ-дар төмен бағалап отыр, ересек буын емес, жастар осылай бағалап отыр дегенді көрсетті. Өйткені ҮЕҰ-да жастар көбірек. Жастар өздеріндегі жастық жалынға қарай, көбірек және жиі сыншыл болып келеді. Бұл бір жағынан керемет, бірақ қарсылық білдіру басым. Жақында жаңалықтардан көрсетті, ер адам отбасымен, балаларымен тиісті емес жерден көшені кесіп өткен, оны полиция тоқтатқысы келген, ал ол болса, қарсылық білдірген, сөйтіп, оған күш қолдануға тура келді. Қызу талқылау болды – «не деген полиция, бұлай істеуге бола ма, балаларының, әйелінің көзінше» деді. Өкінішке орай, дұрыс түсініктен түрленіп шыққан қоғамдық кінәлау институты қазір өте дұрыс емес болып отыр деп ойлаймын. Яғни біз бұл тәртіп бұзушыны жамандап отырған жоқпыз, неге екені белгісіз, қоғам оны жақтап шықты, ал полицияны балаларының көзінше қолын бұрады деп сөкті. Тәртіп бұзушыны соттады. Бізде бұрын қалай болатын, көршілер не айтады, жұрт не ойлайды дейтінбіз. Бұрын аға буын жақындарының, таныстарының, көршілерінің сөзіне қалармыз деп қорқатын. Бұл полициядан да қорқынышты еді. Полициясы жоқ десе де болатын Швеция, Германия сынды елдердің тәжірибесіне қарасақ, адамдар заңды мүлтіксіз орындайды, ендеше мәселе біздің өзімізде, біз өзіміз сондаймыз. Заңның қатал болуына өзіміз кінәліміз. Біз еуропалық қоғам сияқты болуымыз үшін заңды жұмсартып жатыр, өлім жазасына кесуге тыйым салды. Біздің менталитет басқа. Біз таяқсыз, соққысыз, құр ғана бір сәбізбен заңды орындамаймыз, мен бұған сенімдімін. Ал бізге батысқа, Лондонға қараудың қанша қажеті бар. Динара, сіздің ол жақта еркін жүремін дегеніңіз, Сіз әлі қаланың шеткі аудандарына барған жоқсыз, бұрыш-бұрыштардан өткен жоқсыз. Әлде сіз статистиканы оқымайсыз ба? Сіз саяхаттаушы ретінде жүргінші жолағынан өттіңіз, болды, осыны еркін жүру дейсіз бе? Кешіріңіз, Лондонға қарағанда біздің Астанада жүру қауіпсіз шығар. Бұл жерде біз патриот ретінде сөйлеп отырған жоқпыз. Біз Астана өте қауіпсіз қала деп айтып отырған жоқпыз. Мен сіз қыдыруға қорқатын жерде тұрамын. Мен адамдардың күні-түні еркін қыдырып жүргенін өз көзіммен көріп жүрмін. Осылай тек сол жерде ғана емес. Қаланың көп бөлігінде осылай, қауіпсіз. Ал бірақ басқа қалаларда сияқты, бізде де қараңғы бұрыштарда қауіп бар. Неге? Өйткені оларда да біздегі сияқты қала тұрғындары бар, олардың арасында оңай олжаға кенелгісі келетіндер де кездеседі. Олар өлтіруге, ұрлауға неге дайын тұрады? Өкінішке орай, бізде қалай, егер мен МАИ қызметкеріне қалтама бұдан да ауыр салмақ салмас үшін 3 мың теңге пара беріп, 50 мың теңгелік айыппұлдан құтылып кетсем, ертеңіне достарыма барып, 3 мың теңгемен құтылдым деп мақтанамын, ал олар болса, жарайсың, келісе алады екенсің деп гөйітеді. Ешкім мені ешқашан сөкпейді, бірде-бір адам «сен неге пара бересің?», «сен жемқорлыққа жол салып жатырсың ғой», «балаларымызға зияныңды тигізіп жатырсың», «олар мұндай мемлекетте өмір сүрмейді» демейді. Жемқор – лауазымды тұлға – пара алып, қымбат көлік мініп жүргенде, біз: «не
деген керемет адам, қандай мықты, жақсы өмір сүре алады, жарайды» дейміз. Бұл қандай ақшаға шалқып өмір сүріп жатыр, жалақысы аз болса да, қалай ауқатты өмір сүруде деп сұрақ қоймаймыз. Біз одан сұрамаймыз. Ал кейін қаржы полициясы және басқа органдар оны темір торға тоғытқан кезде, жамандаймы. Біз бен сіз сияқты салық төлеушілердің ақшасына, бір-бірімізді бүркемелеп жүріп берген парамыздың арқасында шалқып-тасып жүрген кезде жамандамаймыз, сөкпейміз, керісінше, оның қолынан келеді деп мақтаймыз.
Динара Сәтжан, модератор: Мені үнемі бір сауал мазалайды – сол адамдар қалай тыныш ұйықтайды екен?
Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Қазір мен бұл әңгімені неге айтып отырмын дейсіздер ғой, өйткені ҮЕҰ, басқа да ұйымдар қазіргі сияқты азаматтарымыздың дүниетанымын өзгерту бағытында жұмыс жүргізсеңіздер деймін.
Динара Сәтжан, модератор: Сіз байқадыңыз ба, ол ақырындап өзгеріп келеді.
Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Әрине, ол өзгереді, себебі сіздер қарап отырған жоқсыздар, жұмыс жүргізудесіздер. Ішкі істер департаментінің немесе басқа шенеуніктердің нұсқауын орындамайтын блоггерлерді өздеріңізге тартып, сіздерді, яғни қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың сөзін сөйлейтіндей ету керек. Өйткені сіздер бір-біріңізді өте жақсы түсінесіздер. Содан кейін ғана қандай-да бір ұсынымдар немесе нұсқаулар түзіп, мүмкін, министрлік арқылы сол құрылымды өзгерте алармыз. Ольга өз сөзінде әскери киім киген адамдарға тиісудің қажеті жоқ, олар ақталып отырған сияқты деген болатын. Оларға жасалар ескертулер көп, кемшіліктері баршылық екенін түсінеміз. Ал сол үшін өздеріне өздері ұрысып, жазаламайды ғой. Біз қоғамдық бірлестіктермен бірге Мәслихаттар арқылы, Мәжіліс арқылы, үкіметтік емес ұйымдар арқылы, Президент арқылы өзгерістер енгізуге тырысамыз. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз үшін тағы бір мәрте алғыс айтқым келеді. Бірақ осымен тоқтап қалмау керек. Мәслихаттың жұмысы туралы бір-екі ауыз сөз айтып кетейін. Полиция қызметкерлерін көше қиылыстарына тұрғызып қоюға бізде қарсы шықтық, себебі олар әрбір қиылыста тұрып алып, кептелістер жасайды. Егер кептеліс болса, онда ол жерде полиция тұр деп күлетінбіз. Реттеуші полицияны алып тастаңыздар дедік. ІІД алып тастады. Үш айдан соң адамдар жолда жүру ережесін сақтамай кетті. Яғни егер оларды жазалайтын қолында таяғы бар адам тұрмаса, адамдар тәртіп сақтаудан қалады. Одан зор қиындық – жол апаттары туындады. Біз қателескен екенбіз, реттеушілерді қайта қойыңыздар деп өтіндік. Иә, кептелістер бар, бірақ жол апаттары мен зардап шеккендер азайды. Барлық қажетті мәселелерді, өтінімдерді мәслихатта қаржыландыруға тырысамыз. Қазір полиция жақсы жарақтандырылған, көліктермен, техникамен, қару-жарақпен, бейнекамералармен өте жақсы жарақтандырылған. Біздің қалада материалдық қамту өте жақсы жолға қойылған. ІІД-не біз қаржыны жақсы бөлеміз, өйткені бұл біз бен сіздің тыныштығымыз.

Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Мен аталмыш заңды әзірлейтін жұмыс тобының құрамында болдым. Бұл өте жақсы прогрессивті шара, ол жергілікті жерлердегі полиция жұмысын түбегейлі өзгертеді. Өйткені жергілікті әкімдіктің рейтингіне құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету енетін болады. Бұл жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігін түбегейлі өзгертіп, полицияның да жұмысына мүлде басқаша әсер ететін болады.
Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Мен сіздерге бірден айтамын. Бұл сала әкімдіктің рейтингінде үнемі болған. Үнемі әкім жауап беретін, үнемі әкім қадағалайтын. Әрине, департамент министрлікке бағынады, бірақ ол көбінесе қалаға бағынады. Мен жаңа полицияны құру жөніндегі комиссияның мүшесімін. Негізінде айтарлықтай ештеңе өзгермейді. Бұрын қалай жұмыс істеп келсе, әрі қарай да солай жұмыс істей береді. Бұрын қалай бағынып келсе, солай бағына береді. Бұрын қалай жақсы болса, солай жақсы болады.
Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ: Бізде билікті полиция жұмысына қарап бағалайды деген Шыңғыстың сөзімен келіспеймін, себебі біздің зерттеулер жергілікті биліктің рейтингі полиция жұмысына байланысты деп көрсетіп отырған жоқ.
Мәди Тайпин, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы: Менің айтпағым, бұрын мен полиция қызметкері болғанмын, мен оның қыр-сырын аздап білемін. Полиция – қоғамның айнасы. Қоғам қандай болса, полиция сондай болады. Сондықтан полициядан көп нәрсені талап етуге болмайды, біздің бәрімізде жұмыс барысында қандай-да бір кемшіліктеріміз бар. Осындай жас тұлғалар полиция жұмысына көңіл бөліп, тұтастай қоғамдық тәртіптің жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп отырғаны мені қуантады. Бұл жақсы қозғалыс. Қарапайым полиция қызметкері оның жұмысын бақылап, баға беретін адамдар бар екенін білуі үшін полиция мен халық арасында қандай-да бір көпір орнату қажет. Сырттай қарап олардың жұмысы туралы бір нәрсе айту қиын, бірақ белгілі бір мониторинг жүргізілуде. Мүмкін сіздер апта сайын өтетін жиналысқа келерсіздер, онда барлық жеке құрам жиналып, өздерінің пайымдауларын, ескертулерін, шағымдарын ортаға салады. Бірнеше адам келіп, полиция алдында осы жерде айтылғандарды жеткізіп, сөз сөйлесе жақсы болар еді. Бірқатар сұрақтардың басын ашайын дегенмін. КСРО кезінде бізде бір ғана жоғарғы мектеп болатын. Ал қазір тек Қазақстан Республикасында ғана 4 жоғарғы оқу орны бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институты. Түлектер өте көп – жылына шамамен 400 офицер бітіріп шығады. Жақында АІІБ-де болдым, оның тергеушісі Семей жеке меншік университетін бітірген екен, тағы біреуінен сұрап едім ол да Семей жеке меншік университетін бітіріпті. Арнайы оқу орындарында тергеушілер мен криминалисттерді 4 жыл оқытады, ал ол азаматтық оқу орнынан келген, онда ол бұл пәндерді қысқа-қысқа өтіп, үстірт оқып шығады. Ал сонда осыншама түлектер қайда жүр? Неге олар біздің астанамызды қамтамасыз ете алмай отыр? Осы сұрақты зерттеп көру керек еді. Қаншама қаржы жұмсалуда, олар үш жыл жұмыс істеп өтеу керек, әйтпесе, мемлекетке ақша төлейтін болады. АІІБ оларға жұмысқа келгендер және қайда түскендері туралы жыл сайын ақпарат беріп отыра ма? Мен, ІІМ-нің зейнеткері ретінде өз пайдамды тигізер едім. Органдардың ардагерлерін тарту тәжірибеде бар екенін білемін.