Файл: азастанды полиция жазалаушы орган ба лде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Динара Сәтжан, модератор: Мүмкін, ІІМ-нің ардагерлер қауымымен кездесулер ұйымдастыру керек шығар. Мектептерде полиция қызметкерлері сабақ өткізеді, себебі кішкентайлардан бастаған өте дұрыс. Бізді қайта тәрбиелеу қиын. Бірақ бізге қауіпсіздік белбеуін тағып жүруді үйретті. Ал осыдан екі жыл бұрын көлеңкеленген шынымен, белбеуді тақпай-ақ жүре беретін едік. Айыппұл салып, қалтамызды қаға бастағанда, біз бірден белбеуді тағып жүретін болдық, телефонмен де сөйлеспейміз. Қазір тоқтатым-жолақтардың қасында тоқтауға қорқамын, дұрыс тоқтадым ба, жоқ па, камера қайда тұр екен деп ойланасың. Яғни сен қорқасың, айыппұлдан қорқасың. Меніңше, осындай беделіңіз, білім тәжірибеңіз бола тұра сіз алғашқылардың бірі болып, қоғамға шығып, сөйлесуіңіз керек сияқты. Осы қырынан ІІМ сізді тартуы тиіс деп ойлаймын.
Мәди Тайпин, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы: ІІД-дегі жұмыс бойынша тәлімгер болуға болады.
Динара Сәтжан, модератор: Әсіресе, жаңадан келген жас офицерлерге тәлімгерлік етуге болар еді. Мен журфакта оқыған кезде, бірінші курстан бастап жұмыс істеген болатынмын. Егер теледидарда қоса жүрмесем, тек ҚазМУ-де жүріп мен ештеңе үйренбес едім. ІІМ сіз сияқтыларды жұмыстарына тартуы қажет.
Мәди Тайпин, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы: Айтқым келгені, тікелей нәтижесіне әсер етпейтін функциялар өте көп. Әсіресе, учаскелік полицияның жұмысында жиналыстар өте көп болады. Негізгі жұмыс орнынан қол үзуге тура келеді. Осылар аз болса екен. Немесе атағы үлкенді шақырып алып, сол арқылы а йтып жіберсе болар еді. Ал былайша, барлық учаскелік инспекторларды шақырып алады, олар өз орындарынан кетуге мәжбүр болады. Мүмкін менікі дұрыс емес шығар, бірақ мен осындай жағдайларға куә болғанмын. Айтқым келген соңғы бір нәрсе – қазір жаңа технологиялар ғасыры, артық жүрісті қысқартуға болады деп ойлаймын. Қазір бәрінде электронды пошта, сайт бар. Полицияның интеллектуалдық жұмысын көбейту керек, олар сауатты қазіргі заманның адамдары.
Динара Сәтжан, модератор: Учаскелік инспектор өзіне қарасты аудан мен үйлердің тұрғындарымен WhatsApp ашып алу керек. Сосын бірден жаза беруге болады: қымбатты, көршілер, мұнда ТЖ орын алды, көмектеріңіз қажет деген сияқты. Қазір WhatsApp-чат арқылы бәрін шешуге болады. Ғасыр жаңалықтарының арқасында хат жазғыштарға ешқайда шықпай-ақ, үйлерінде отырып бар жұмыстарын бітірулеріне болады.

Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ: WhatsApp-қа қатысты айтайын дегенмін. Жақында бір дөңгелек үстел өткізгенбіз. Сонда айтылған нәрсе – Талдықорғанда WhatsApp ашып, билбордтар қойыпты және бұл жұмыс жақсы нәтиже беріпті.
Динара Сәтжан, модератор: Әрине, WhatsApp арқылы тікелей ҚІІД-не жаза аламыз ғой.
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Мұндай жұмыс іске қосылған. Ол жерде кез келген ақпаратты, фотосуреттермен жіберуге болады. Міне, екінші жыл, азаматтардан келген арыз, өтініштерді толық тіркеп, олар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз. Біздің қалада 25 учаскелік полиция бөлімшелері бар. Барлық учаскелік бөлімшелерде бізге қолдау көрсетіп келе жатқан ішкі істер органдарының ардагерлері бар. Кез келген учаскелік бөлімшеге келіңіз, қуана қарсы аламыз. Сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз бізге өте қажет. Біз оларды өте жиі жинай береміз дейсіз. Біз күн сайын нұсқаулық береміз. Учаскелік инспекторлардың 60%-ынан астамының еңбек тәжірибесі үш жыл және одан кем. Осыған орай, біз күн сайын оларды таңғы сағат 8-де үш аймақтық АІІБ-не жинаймыз. Ал күні бойы біз оларды жинамаймыз. Басқа жаққа көңіл бөлінетін жалғыз нәрсе – қаламызда іс-шаралар көптеп өтетінін сіздер білесіздер, міне, осыларға қатысу қажет. Кешке 22:00-де жұмыс аяқталған соң, жұмыс нәтижесін білу үшін жинаймыз. Бұл біздің бақылау жүргізу тәсіліміз.
Динара Сәтжан, модератор: Барлық қатысушыларға алғыс айтамын. Ілтипаттарыңыз үшін рахмет.
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Осы шараны ұйымдастырушы ретінде барлықтарыңызға, әсіресе, оларға қатысты сынның болатынына қарамастан қатысуға келісім берген ІІД-нің өкіліне ерекше алғыс білдіремін. Сондай-ақ, бүгінгі тақырыпты жандандырып, қыздыра жүргізе білген Динара Сәтжанға да алғысым шексіз, мәселеге барынша бойлап, жеке қызығушылығын да таныта білді. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша өткізіліп отырған сарапшылық клуб аясындағы соңғы кездесулердің бірі екенін айта кетейін. Министрлікпен арадағы келісім негізінде барлық кездесулер қорытындысы бойынша ұсынымдар беруге тиістіміз. Сондықтан барлық ұсынымдарды жинақтап, ортақ бір сараптамалық есеп әзірлейтін боламыз. Өткізілген осы әңгімелесу барысында жасалған ұсынымдарды осы отырғандардың ішінде біреуге жіберу қажет болса, біз жібереміз. Тағы да рахмет, біздің кездесулерімізге келіңіздер.
__________________________