Файл: лтты ндылытара не жататынын білесі бе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Біз ұлттық құндылықтар туралы ақпаратпен алғаш рет «Ұшқан ұя» шығармасымен танысу барысында танысқандықтан, оқушылардың ұлттық құндылықтармен қаншалықты таныс екенін анықтаудан бастауды жөн көрдік.

Зерттеу барысында біз Галкин жалпы орта білім беру мектебінің 8 А сынып оқушылары арасында ұлттық құндылықтар туралы не білетінін, ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік.

  1. Ұлттық құндылықтарға не жататынын білесің бе?

  2. Ұлттық құндылықтар туралы ақпаратты қайдан аласың?

  3. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет пе?

1-сұрақ бойынша қатысушылардың 27%-білемін, 55%-білгім келеді, 9%- жоқ білмеймін деп және 9%- қызықпаймын деп жауап беріпті.



1-кесте

Сауалнама нәтижелерінен біз оқушылардың басым бөлігі ұлттық құндылықтар туралы білмейтінін, алайда білгілері келетінін байқадық. Алынған қорытындылар бізді ұлттық құндылықтар туралы ақпаратпен оқушыларды таныстыру жолдарын қарастыру және олар үшін ұтымды тәсілдерді анықтау қажет екенін көрсетті.

2-сұрақ бойынша ұлттық құндылықтар туралы ақпаратты үйден алатындар -27%, мектептен – 64 %, ғаламтордан - 9% алатынын көрсетті.



2-кесте

3-сұрақ бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты қатысушылардың пікірлері келесідей: дәріптеу қажет дегендер – 82 %, ескінің жұрнағы – 9 %, оған менің қосар үлесім шамалы дегендер – 9 %.



3-кесте

Сауалнама нәтижесін саралай келе, 8-сынып оқушыларының ұлттық құндылыққа қатысты білімдерінің аз екенін, алайда ол туралы білуге деген қызығушылықтарының жоғары екенін анықтадық. Сол себепті біз оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолдарын анықтай бастадық. Мұнда біз оқушыларға қызықты және оңай жолмен ұлттық құндылықтар туралы танымдарын кеңейтіп, білімдерін жоғарылатуды мақсат еттік. Ол үшін келесі іс-шараларды жоспарлап отырмыз:

Іс-шара

Өткізілетін орны

Уақыты

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, салт-дәстүрлерді көрсететін кинофильмдер тізімін жасау, олардың көрсетілімін ұйымдастыру

Ауылдық мәдениет үйі

Әр сенбі

Ұлттық салт-дәстүрлерді сахналау

Мектептегі акт залы

Наурыз

Квест-ойын

Мектеп

сәуір

Футболкаларды принттеу

Оқушыларға өздерінің жеті аталары немесе рулары туралы ақпарат принттелген футболкаларды кию арқылы өздерінің ұлттық құндылықтарын дәріптеу ұсынылады. Әр оқушы футболкаға орналастырылатын ақпараттың орналасу дизайнын өзі жасайды.

-

-

Қазақы жыл қайыруға сәйкес күнтізбе жасау

Күнтізбе дизайнында тек жыл атауларын ғана енгізіп қоймай, әр жылы туған қазақтың ұлы тұлғаларының бейнелерін орналастыру, олардың негізгі ойларын жинақтау. Бұл күнтізбе тек жылды көрсету міндетін ғана атқарып қоймай, оқушыларға қазақтың ұлы тұлғаларын танытады. Оларға деген қызығушылықтарын оятады.

-

мамыр


4-кесте

Оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында біз оларға қызықты әрі олар жеңіл меңгере алатындай іс-шараларды таңдауға тырыстық. Оқушылардың өздерін қызықтыра отырып, қажетті ақпаратты жеткізуді мақсат еттік.

Қорыта айтқанда, біз ұсынып отырған іс-шараларды жүзеге асыра отырып, біз заманауи әдіс-тәсілдермен өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейміз.