Файл: Это имплантация плодного яйца вне полости матки (например, в маточных трубах, шейке матки, яичниках, брюшной полости). .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



8. Прогрессивті түтіктік жүктілікті анықтау кезіндегі диагностиканың сенімді, инвазивті емес ЕҢ ЫҚТИМАЛ әдісін көрсетіңіз:

  1. Бимануальды зерттеу

  2. Ультрадыбыстық зерттеу +

  3. Жатыр қуысының кюретажы

  4. Қынаптың артқы күмбезі арқылы ішперде қуысының пункциясы.

  5. Жүктілікке тест


9.Жатырдан тыс түтіктік жүктіліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ нәтижесін көрсетіңіз:

А. жатыр түтігінің жарылуы +

B. жатыр миомасы

С. мерзіміне жеткен жүктілік

Г. Жатыр түтіктерінің ісігі

D. аналық без кистасы
10. Түтіктік жүктілікті диагностикалаудың нақты ақпарат беретін ЕҢ ЫҚТИМАЛ әдісін көрсетіңіз:

A. трансвагинальды эхография.

B. қан сарысуындағы және зәрдегі хориондық гонадотропин титрінінің динамикасын анықтау.

C. Лапароскопия +

D. рентгендік гистеросальпингография.

E. қынаптың артқы күмбезі арқылы ішперде қуысының пункциясы.
11. Науқасқа прогрессивті эктопиялық жүктілік диагнозы қойылған. Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасын көрсетіңіз:

A. консервативті қабынуға қарсы емдеу

B. шұғыл түрде жедел хирургиялық емдеу +

C. жоспарлы түрде хирургиялық емдеу

D. инфузиялық терапия аясында динамикалық бақылау

E. әрі қарай басқару тактикасы туралы мәселені шешу үшін қынаптың артқы күмбезі арқылы ішперде қуысын пункциялау

12. Эктопиялық жүктіліктің сирек кездесетін орны көрсетілген ЕҢ ЫҚТИМАЛ жауапты анықтаңыз:

A. Жатыр

B. Ішперде +

C. түтіктік истмикалық бөлім

D. түтіктік ампулалық бөлім

E. түтіктік интерстициальды бөлім

13. Прогрессивті (өршіген) түтіктік жүктілікті емдеудің ЕҢ ЫҚТИМАЛ заманауи әдісін көрсетіңіз:

A. Кульдоскопия

B. ультрадыбыстық бақылаумен ұрық жұмыртқасының қуысына метотрексатты енгізу +

C. Лапаротомия, жатыр түтігін алып тастау

D. Кольпоскопия

E. Лапароскопия, жатыр түтігін алып тастау

14. Эктопиялық түтіктік жүктілік кезінде жиі жасалатын ЕҢ ЫҚТИМАЛ операция …

A. сальпинголиз

B. сальпингостоматопластика

C. сальпингоэктомия +

D. фибриолизис

E. лапаротомия
15. Бұзылған эктопиялық жүктіліктің клиникалық көріністері ЕҢ АЛДЫМЕН тәуелді:

A. ұрық жұмыртқасының локализациясы және бұзылыс сипатына ( жатыр түтігінің жарылуы, түтіктік түсік) +

B. әйелдің психо-эмоционалдық жағдайы және ұрықтың позициясына

C. жүктілік мерзімі және жамбас мөлшеріне

D. Әйелдің жасы және әйел денесінің конституциясына

E. қан қысымы және әйелдің салмағына

16. Жатыр түтігінің жарылуының ЕҢ ЫҚТИМАЛ клиникалық белгілерін көрсетіңіз:


1. Щеткин-Блюмберг симптомы

2. Френикус-симптомы +

3. Жүрек айнуы, құсу

4. Жыныс жолдарынан іріңді бөліністер ағуы

5. Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының цианозы

17. Төмендегі белгілердің ішінен түтіктік түсікке тән ЕҢ ЫҚТИМАЛ белгілерді көрсетіңіз:

A. жыныс жолдарынан қара қоңыр, шайыр тәрізді, аз мөлшердегі бөліністер бөлінуі+

B. сүт безінен сүттің секрециясы

C. қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының цианозы

D. жыныс жолдарынан мөлдір бөліністер бөлінуі

E. қан қысымының төмендеуі


18. Бимануальды зерттеу кезінде жатыр түтігінің жарылуын көрсететін ЕҢ ЫҚТИМАЛ белгілер:

A. бөшке тәрізді жатыр мойны, ұрық жұмыртқасы жатыр мойнының ішкі ернеуі деңгейінен төмен

B. жатырдың мөлшері жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, жатыр мойны каналы сәл ашық

C. жатыр мойныН жылжытқан кезде өткір ауырсыну, қынаптың артқы күмбезі тегістелген немесе дөңес +

D. жатыр мойны ауыртпалықсыз, шырышты, мөлдір бөліністер

E. жатыр мойны эрозиясы, жатыр мойны дисплазиясы
19. Эктопиялық-түтіктік жүктілік кезіндегі операцияның ЕҢ ЫҚТИМАЛ түрлерін көрсетіңіз:

A. тубэктомия және туботомия+

B. оофорэктомия және аднексэктомия

C. жатырішілік пердені кесу

D. рудиментарлы мүйізді алып тастау және кесар тілігі

E. гистерэктомия және лапаротомия
20. Бұзылған эктопиялық жүктілікті емдеу кезіне жүргізілетін іс-шаралардың ЕҢ ЫҚТИМАЛ реттілігі

A. қан құю, операция

B. терапевт, анестезиологпен кеңесу, хирургия

C. ультрадыбыстық зерттеу, қан құю, хирургия

D. операция, гемотрансфузия +

E. жүрек құралдарын қолдану, қан құю, хирургия
21. Науқас А., 24 жаста, етеккірі 2 аптаға кідірген, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді, кезеңдік ауырсыну және жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөлінуі туралы шағымдармен келді. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Гин.айнада: жатыр мойнының шырышты қабығының цианозы, қара қызыл, шайырлы бөліністер. Бимануальды зерттеуде: жатыр сәл үлкейген, қозғалмалы, оң жақта жатыр қосалқылары аймағында өткір ауырсыну,овоиды түзіліс, қамыр тәрізді жұмсақ, серпімді консистенция анықталады. Қынаптың артқы күмбезі тегістелген, қозғалтқанда күрт ауырады. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз:

A. физиологиялық жүктілік

B. мерзімінен бұрын босану

C. өздігінен түсік түсіру

D. эктопиялық жүктілік +

E. түсік жолында


Ситуациялық есеп:

26 жастағы науқас жедел жәрдем бригадасымен құсуға, бас айналуға, естен тануға, оң жақ иығына иррадиацияланатын оң жақ мықын аймағындағы кезеңдік, толғақ тәрізді сипаттағы өткір ауырсынуларға деген шағыммен ауруханаға жеткізілді. Соңғы қалыпты етеккір 2 ай бұрын болған, жүктіліктен қорғанбайды. Анамнезінде созылмалы екі жақты сальпингоофоритпен ауырған, сол жақтағы түтіктік жүктілікті емдеу барысында тубэктомия жасалған.


Объективті: терісі бозғылт, суық тер, ентігу, пульсі 108 рет 1 минутта, қан қысымы 90/60 мм сын. бағ., дене температурасы 37 ºС. Іші ісінген, пальпация кезінде ауырады, әсіресе оң жақ мықын аймағында ішперденің тітіркену белгісі әлсіз оң, перкуссия кезінде іштің жазық жерлерінде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады.

БИМАНУАЛЬДЫ ЗЕРТТЕУ кезінде: жатырдың мөлшері біршама ұлғайған, жұмсарған, "қозғалғыш" күйде («жүкті жатыр» симптомы) кезде ауырады. Оң жақ жатыр қосалқылары аймағын пальпациялағанда жұмсақ серпімді, қамыр тәрізді консистенция, шамамен 5×4 см болатын аймақта ауырсыну пайда болады, сол жақ жатыр қосалқылары анықталмайды, жатыр мойнын қозғалтқанда күрт ауырады, қынаптың артқы күмбезі ісініп, дөңестелген және қозғалтқанда күрт ауыру сезімі анықталады («Дуглас» айқайы), жыныс жолдарынан қою-қоңыр бөліністердің бөлінуі анықталады.

Ультрадыбыстық зерттеуде - іш қуысында көп мөлшердегі бос сұйықтық.
Сұрақ 1. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

Жауап нұсқалары:

А. жатырдан қалыптан тыс қан кету, овуляциялық дисфункция.

B. Бұзылған оң жақ түтіктік жүктілік. Геморрагиялық шок.

В. жедел оң жақ сальпингоофорит, пельвиоперитонит.

Г. жатырдан қалыптан тыс қан кету, жатыр миомасы.

Д. жүктілік 6 апта. Аборт жолда.
Сұрақ 2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолданған жөн?

Жауап нұсқалары:

А. трансвагинальды эхография.

Б. ЖҚА, коагулограмма, қан тобы және Rһ-тиістілігі, қынаптың артқы күмбезі арқылы ішперде қуысының пункциясы.

В. ЖҚА, коагулограмма, қан тобы және Rһ-тиістілігі.

Г. диагноз қою үшін клиникалық деректер жеткілікті.

Д. хирургпен кеңесу.
Сұрақ 3. Науқасты емдеудің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай?

Жауап нұсқалары:

А. жедел хирургиялық емдеу.+

B. динамикалық бақылау.

В. консервативті гемостатикалық терапия.

Г. жеке диагностикалық кюретаж.

Д. жоғары аталғандардың бәрі.