Файл: Таырыбы Сыбдыры слу, Алтын кз! 1 жргізуші. Кеш жары рметті крермендер! 2жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!"

1- жүргізуші . Кеш жарық құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
1- жүргізуші. Бармысыңдар жалынды жастар қауымы!
2-жүргізуші. Егеменді еліміздің жарқын болашағын жалғаушы биылғы «Сыбдыры сұлу» Алтын күз атты концерттік кешіне қош келдіңіздер
1-жүргізуші. Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы екенін ұғындық.танаптардағы самалмен тербелген егін сабағы молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып, Күн сүйген жандардың қажыр қайраты. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы анық.

2-Жүргізуші : Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!

  1. Жүргізуші : Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
    Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
    Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
    Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)

2- жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.

1- жүргізуші: Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік: Тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: К.Молдабаев, Сәтенова Айдана,Базарханова Назерке, мектеп директоры: Ж. Құлахметова.

2-жүргізуші : Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру
2. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)

3.«Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
4. «Мәдениет» (мимикамен көрсету)
5. Ән өнері
6. «Сән үлгісі»
7. «Бояулар сыры»
8. «Көңілді аспазшы»
9. Би өнері

10.«Сұр мерген»

1- жүргізуші: Ол үшін әр сыныптың басшысы шығып қоржыннан нөмір алуы тиіс. Сол белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі.

Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей
1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз Шарты: қатысыушы әр сынып өздерін таныстырып шығады.


2-жүргізуші: 2- кезең

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім - ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!
Бұл бөліміміз «Кім ойға жүйрік» деп аталады. /Жасырынған конвертке жұмбақтар беріледі. Соған жауап береді.

1- жүргізуші: 3 - кезең «Сиамдық егіздер»
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.
1- жүргізуші: 4 - кезең «Мәдениет»
Шарты: әр жұп әділқазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек. Тапсырмаға берілген сөйлемдер: Кешке мейрамханаға келіңізші. Ертең сабақ болмайды екен. Мен сіздің суретіңізді салғым келеді. Біз сіздерді жаңа жыл мерекесін қарсы алуға шақырамыз, т. б.
2- жүргізуші: 5 - кезең «Сұр мерген»
Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.
1- жүргізуші: 6 – кезең «Сән үлгісі»

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісімен,

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.

Келесі кезекті сән үлгісіне береміз.
Шарты:әр сынып өздерінінің дайындаған киім үлгілерін көрсетеді
2- жүргізуші:7 - кезең «Бояулар сыры»
Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)
1- жүргізуші: 8 - кезең «Көңілді аспазшы»
Жақсы асын сақтайтын қонақтарға,
Қашан келер, кім келер болжам бар ма?
Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған,
Кім жетер пейілі кең қазақтарға! Ас мәзірін анасының, жеңешесінің қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарына кезек берелік. Шарты: Әр сынып өздерінің дайындыған тағамдарын ұсынады.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектептегі бүгін болар сайыстың,

Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.

Дарханның орындауындағы тамаша әнін қарсы алыңыздар

2-жүргізуші: 9 – кезең « Би кезеңі»


Мың бұралған өнерімен,
Тамсандырған халықты

Шарты: Әр сыннып өздерінің дайындаған билерін ұсынады.
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
2- жүргізуші: Ендігі кезде әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік
1- жүргізуші: Қорытынды. Марапаттау.
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп

2- жүргізуші: Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз! «Күзгі бал - 2014» сайысын аяқтаймыз.

№142 орта мектебіндегі «Сыбдыры

сұлу – Алтын күз!» тақырыбында

өткізілген байқау жайлы

Анықтама
№142 орта мектебінде «Сыбдыры сұлу – Алтын күз!» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында байқау болып өтті. Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Байқау оқушыларды әділқазы алқасымен және сайыс кезеңдерін таныстырудан басталды. Әділқазы алқасы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Молдабаев, бастауыш сынып мұғалімі Ж. Райымбекова , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ш. Райымбекова болды.

Байқау сегіз кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша әділқазы алқалары бағалап отырды. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде барлық қатысушылар жоғары ұпайлар алды. «Күзгі киім үлгісі», кезеңінде 9-сынып оқушыларының киім үлгісі ерекше көзге түсті. Өз өнері көрсету кезеңдерінде 8-10-сынып оқушылары өте жақсы деп бағаланды.



Байқау соңында барлық кезең бойынша жоғарғы ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз деп танылып, марапатталды.


Мектеп тәлімгері : Байдалиева Салтанат

Тақырыбы: «Алтын күз »
Мақсаты:
1. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.

2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конкурс
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.

Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Арайлы «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Сіздердің құрметтеріңізге « Жылайды жапырақ» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Ендеше ортаға 2 топ сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық

  1. «Күрең күз»

  2. «Күзгі шуақ»

( Сайыскерлер ортаға шығады)

Жоспар

1.Таныстыру

2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)

3 Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)

4. Сән үлгісі.

5.«Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі)

6. Қорытынды

1-бөлім

Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан

Өнерімен, білімімен аты озған

Әдеп-ғұрпын жоғалтпай аулымыздың

«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

(Әр сынып өздерін таныстырып өтеді)

2-бөлім

Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)

3-бөлім

Жүргізуші:Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі- бірін

Өнерпаздар-дарындар.

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін.

Бұл бөлім Көрме. «Үй тапсырмасы» деп аталады. (Сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасаған қолөнерімен таныстырады)

4-бөлім

Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,


Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

5 бөлім

Жүргізуші сурак жауап туры

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Жапырақ

3 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.

4 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.- Жеміс.

5 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр» 
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей --------------------

6 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.

7 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.

8- сұрақ .Менің әжемнің ұлы маған аға емес. Ол кім? ( Әке)

9-сұрақ. Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады, ал 5 жұмыртқаны ше? ( 4 мин)

10-сұрақ- Бір топ бала сап түзеп келеді. Екеуі алдында, екеуі артында, екеуі оң жақта, екеуі сол жақта. Барлығы қанша бала? (4 бала)

11-сұрақ Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

12. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)

13. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)

14. Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)

15. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

16. Судың неше күйі бар, ата (қатты, сұйық , газ)

17. Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы бар? (5 бала)

Жұмбақ

18. Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл тәп-тәтті. (Қарбыз-арбуз)

Мақал-мәтелдерді аяқта
19. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
20. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
21. Ананың сүті – бал,(баланын тілі бал)

22 Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде)