Файл: Алматы облысы Іле ауданы 31 жалпы орта білім беретін мектебіні математика пні малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алматы облысы Іле ауданы №31 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі

Тогызбаева Алима Бегимхановнаға

Пікір

2018-2019 оқу жылынан бастап Тогызбаева Алима Бегимхановнамен қызметтес-әріптес болып келемін.Жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін ,педагогикалық іс-тәжірбиесінің озық үлгісін көрсете білді.Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруға қолданатын әдіс-тәсілдері ұстаз еңбегінің таптырмас құралы.Сөзімнің дәлелі:пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени-көпшілік,қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып,көрініс табуы.

Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың.Үнемі ізденіс үстінде,сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.Алима Бегимхановна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз.Тапсырылған кез-келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.Алима-жаны таза ,ұқыпты адам.Эстетикалық талғамы жоғары,адамгершілігі биік.Жақсы сырлас.Ақыл –парасаты өмірде көрген-білгендігімен ұштасып жатады.Төрт баланың анасы,отбасында ұжымында сыйлы жан.Әріптестерімен тату,керек жағдайда көмек қолын созады,ешкімге жамандық ойламайды.Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.Мен Тогызбаева Алима Бегимхановна туралы мінезі ашық ,көңілді дос,текті адам деген пікірдемін.

А.Тогызбаеваның әріптесі

математика пәнінің мұғалімі: Тоқтар Э.Т