Файл: азастан Республикасы Оу аарту министрлігі ызылорда облысыны білім басармасыны азалы ауданы бойынша білім бліміні Мстафа Матаев атындаы 170 орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің Мұстафа Матаев атындағы №170 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Жаратылыстану . Судың қасиеттері

(сабақтың тақырыбы)


Бөлімше:

Заттар және олардың қасиеттері

Педагогтың аты-жөні

Шамшадин Г.Қ

Күні:

15.12.2022ж

Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:21

Сабақ тақырыбы

15. Судың қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.3.1 Судың физикалық қасиеттерін анықтау .(дәмсіз, иіссіз, белгілі формасының болмауы , аққыштығы)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың судың қасиеттерімен танысады . Судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

. Сабақтың басы (10–12 мин)

ІОқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату. (Теңіздің дыбысының дыбыс жазбасын тыңдату).
Білім алушылардың сабаққа қызығушылығын дамыту мақсатында Жұмбақты шешуді ұсынылады: Ол – Жердің көшірмесі, Онда барлық мұхит, теңіз, Орман, қала таулардың бар бейнесі. Ол не? – Глобуста қандай түс басым? Неліктен? Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысы ұйымдастырылады. Жұмбақты тыңдатылады, ойларын ортаға салады..

Жұмбақты шешуді ұсынады: Ол – Жердің көшірмесі, Онда барлық мұхит, теңіз, Орман, қала таулардың бар бейнесі. Ол не? – Глобуста қандай түс басым? Неліктен? Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.
Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады.

Жұмбақты тыңдап, ойларын ортаға салады, сұрақтарға толыққанды жауап береді. Өз болжамдарын айтады. Глобуста көк түс басым екенін айтып, ол көк түс су екенін айтады. Жер бетінде су көп екенін болжамдайды.

Қойылған мəселе бойынша болжамдар ұсынады. Тақырып пен мақсаттарды талқылауға қатысады. – Табиғи су көздерін жəне оның қасиеттерін анықтауды үйренеміз. – Суреттерге орнақ нəрсе – су. – Сумен байланысты табиғат құбылыстарына жаңбыр, қар, бұршақ жауу жатады.


Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.


ҚБ: «Ду қол шапалақ». Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді.

ҚБ: «Кімдікі дұрыс?». Оқушылардың бастамасын қажетті бағытта қолдайды. Глобус

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі




ҚБ: «Кімдікі дұрыс?». Оқушылардың бастамасын қажетті бағытта қолдайды

II. Сабақтың ортасы (25–23 мин)

Глобусқа қарап, олардың пікірі бойынша неліктен Жерді көгілдір ғаламшар деп атайтыны туралы əңгімелеуді ұсынады.

«Су – су емес» ойыны Сөзді айтады, ол суды білдірсе, оқушылар шапалақтайды, суға қатысты болмаса, орнында екі қадам жасайды. Мысалы: мұхит, жел, қар, жаңбыр, құм, сүңгі, жартас, шық, мұзтау, тиін т.б.

Ғылыми күнделіктегі 2-тапсырманы орындап, өз білімдерін тексеруді ұсынады. – Судың қасиеттерін анықтап, кестені толтырыңдар

«Судың қасиеттері» деген пиктограммаға назар аударады. Оқулықтағы ақпаратты оқуды сұрайды.

Тəжірибелер жүргізуге кеңес береді. № 1 тəжірибе Үш стақанға (су, сүт жəне күнбағыс майы құйылған) бір-бір қасықтан салыңдар. 1. Судың қандай қасиеттері көрінеді? № 2 тəжірибе Суды түрлі пішінді ыдыстарға алма кезек ауыстырып құяды. 1. Осы тəжірибе бізге судың қандай қасиеті туралы əңгімелеп берді? 2. Таза су мен таза ауаның қандай қасиеттері бірдей?

Ғылыми күнделіктің 1-тапсырма мен 3 тапсырманы орындауға нұсқау береді
Су жоғалып кеткен жағдайда не болатынын білесің бе? Деген проблемалық сұрақ қойылды.


Динамикалық үзіліс Жел соқты гу-гу, Жаңбыр жауды тырс-тырс. Жаңбыр басталды, Күн ашылды
Зертте. Екінші кезең отпен байланысты болғандықтан, тәжірибеніпедагог өзі көрсетеді.

Су мен мұз туралы бейнефильм көрсетіледі 1 мин
Жеке жұмыс жүргізіледі. «Мұз тапсырмасы»
.

Су – басты байлық, сондықтан оны сақтау керек. Оқулықтағы мəтінмен жұмыс пен «Сен білесің бе?» деген қосымша ақпаратты ұсынады. Бүкіл тірі ағзалар үшін судың маңызын анықтауды жəне адам мен табиғаттың арасындағы байланыстың мысалдарын келтіруге тапсырма береді. «Экологиялық апат» сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру

Оқылған материал бойынша оқушыларға сұрақ қояды: 1. Табиғи су көздерінің негізгі қасиеттерін ата. 2. Су қандай қасиеттерге ие? 3. Адам өз өмірінде судың қандай қасиеттерін пайдаланады?

Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді. – Су ғаламның бүкіл жерінде бар. Өзен, теңіз, мұхиттар – су, өмір көзі. Глобус пен карталарда ол көгілдір түспен көрсетіледі. Оттегісіз тіршілік ететін организмдер бар, ал сусыз ешкім тіршілік ете алмайды
Тапсырманы орындайды

Жұмысты дəптерге орындайды.

Суреттерді көреді, жеке тəжірибесіне сүйеніп, ойларын ортаға салады, мəтінді оқиды.

Оқушылар әр – түрлі жағдаяттарды қарастыра отырып ,пікірлерін білдірді. Оқушылардың өз пікірлерін қорғауға , бетпе – бет әдісі арқылы жұппен осы проблеманы талқылауға 2 минут уақыт берілді. Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі жұптық диалогқа түсе отырып талдайды


Оқушылар кезекпен көмектесіп, бақылап тұрды. Қатырылған мұз текшелерін формалардың бір бөлігін ыдысқа немесе стақанға салынды. Оларды жылы жерге – күн сәулесінің астына немесе жылу батареяларының астына қойылды..Не болды? Ыдыстағы су қалай пайда болды. Осылайша оқушылар су салқындағанда мұзға айналатынын, ал оны қыздырғанда қайтадан сұйықтыққа айналатынын, оны одан әрі қыздыра берсе, буланатынын түсінеді

Осы бейнефильмді түсінгеніне қарай

Жеке жұмыс жүргізіледі. «Мұз» тапсырмасын орындау арқылы оқушылар мұздың қасиеттерін белгілейді.

Мұғалімнің ауызша пікір білдіруі

ҚБ: Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді

Дескриптор арқылы бағаланады . Мұз суға қарағанда көп орын алатындығын білді. -

1балл

Мұз таулардың үлкен бөлігі су астында болатындығын біледі. -1балл

Мұз дегеніміз – судың қатты күйі екендігін біледі -1



Сабақ барысында қолданылатын ресурстар: ыдыс, қасық, су құйылған шағын кастрюль; алдын ала ашық шөлмекте немесе банкада қатырылған су; оттық; плёнка немесе әйнек; оқушылардың санына қарай әртүрлі формаларда алдын ала қатырылған мұз текшелері. Интернет ресурстар: мұзтаулар жайлы бейнекөрініс; Алатау жайлы бейнекөрініс.


ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Мұғалім оқушыға отбасы мүшелерінің күніне қанша стақан су, қанша кесе шай жəне басқа да сусындар ішетінін санауды, Ғылыми күнделікке қорытынды жасауды ұсынады

Оқушылардың сабақтағы өзіндік оқу əрекетін, өзінің мақсатқа қарай жылжуын, өздігінен бағалауын ұйымдастырады. Оқушылардан құтыны бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды: • Қызыл түс – ештеңе түсінбедім; • Сары түс – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын; • Жасыл түс – барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.