Файл: Коучинг Lesson studyды жоспарлау, йрету жне ткізу Коучинг Lesson studyды жоспарлау, йрету жне ткізу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Коучинг: Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу

Коучинг: Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу
Биология пәні мұғалімі, І деңгейлі сертификатталған Г.К.Негмеджанова
Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Міндеттері: 



  • Lesson stady әдісінің өзіндік ерекшелігін ұғыну.

v Lesson stady әдісінің тиімділігіне көз жеткізу



  • Бір- бірінің пікірін, көзқарасын құрметтеуге, өзара ұжымдық әрекетке бейімдеу

Күтілетін  нәтиже



  • Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен ынтымақтастық орнатады;

v  Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады;



  •  Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар



  • Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.

v  Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.



  • Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл

Материалдар және ресурстар



  • Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба,үлестірме материалдар, маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар



Уақыты

Коучтің іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

Қолданатын әдіс- тәсілдер

 Табыс     критерийлері

1

5 минут

Әдістер бойынша топқа бөлу. «5-5-1», «Сен білесің бе?», «Кәрзеңке», «Чек лист» деп жазылған сөздер.

Коучтың алдында жабық жатқан қағаздарда «5-5-1», «Сен білесің бе?», «Кәрзеңке», «Чек лист» деген сөздер бар,  сол қағаздарды алып тиісті столға барады.

Топқа бөлу (Қосымша 1). 

-топ құрылады

2

3 минут

Қызығушылықты ояту: 
Өз топтарын қорғату.

Әр топ өз топтарының атын қорғайды. Бұл әдістің тиімділігімен бөліседі. 

Еркін микрофон

- әдістерді үйренеді, немесе еске түсіреді,
 - тиімділігін анықтайды 

3

1Оминут

Мағынаны ажырату:
Әр топқа тапсырма беріледі. тапсырма бойынша мәтін таратылады
1 топ. «Lesson stady» туралы не білесіздер?
2 топ. Зерттеу сабағын өткізу және қадағалау
3 топ. Оқушыны бақылау және оқушымен сұқбат
4 топ. Сабақтан кейінгі талдау
Оқып түсініп, ой түюге бағыттайды.

Мәтінді жеке оқып шығып, жұппен, топпен талдайды. Постер құрады.

ДЖИГСО-1 
(Қосымша 2).

- Басқаны тыңдай білуге, өз ойын тұжырымдап жеткізе білуге үйренеді

4

15 минут

Ой- толғаныс: 
Өздерінің топтары бойынша жұмыстарын қорғайды

1 топ «Сен білесің бе?», 
2 топ «5-5-1»,
3 топ «Кәрзеңке»,
4 топ «Чек лист» әдістері арқылы жұмыстарын қорғайды

Сын тұрғысынан ойлау әдісінің стратегиялары
(Қосымша 3). 

Бірін-бірі тыңдау, корытындылар мен шолу жасау, болжамдар мен ұсыныстар жасап үйренеді, алған білімдерін практикада қолданады

5

5 минут

Кері байланыс. Осы коучингтен алған пікірлері туралы сұрақтар беріледі.

Сұрақтарға жауап беріп, әсерлерін стикерге түсіреді, тақтадағы «+», «-» флипчартына өздері жазған қағазды жабыстырады.

Жазбаша ойларын білу

Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.


Қолданылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым, 2012 жыл.

  2. Қазақстан Республикасы  педагогикалық қызметкерлердің білімін көтеру курстарының бағдарламасы, 2012 жыл.

  3. Lesson stady: нұсқаулық Пит Дадли

  4. www.ssuecxtabe