ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті | Мектеп: №127 ЖББМ | ||||||||||
Күні: 24.11.2021 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Мамасерикова Е.Р. | ||||||||||
Сынып: 10Б (Т2) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Бөлім атауы Сабақтың тақырыбы | Мұхит -тіршілік мекені. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер» романы Мұхитті қорғау | ||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау | ||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | ластану, мұнай, өндіріс қалдығы, улы зат, судың құрамы қырылып қалу, плангтон, майда шабақтар, су қоры, алаңдатушылық тудыру, ыдырау, тыңайтқыш қалдығы | ||||||||||
АКТ дағдыларын дамыту | Сабақ таныстырылымы, бейнематериал, аудиожазба | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс – әрекеттер | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут 5 минут 15 минут 3 минут | Қызығушылықты ояту. Мұхит тіршілігіне қандай қауіп тууы мүмкін? (ойбөлісу) Тыңдалым алдындағы тапсырма: Оқушылар төменде берілген сөздердің аудармасын тауып жазады, қай сөз табына жататынын анықтайды. Үлгі: ластану – загрязнение – тұйық етістік
Тыңдалым тапсырмасы:
https://www.youtube.com/watch?v=HFwI-r-wXRI
Оқылым. Оқылым алды тапсырмасы. «Мұхит ластану проблемасы» тақырыбына диалог құрастыру. | https://www.youtube.com/watch?v=HFwI-r-wXRI | |||||||||
15 минут | Оқылым тапсырмасы. «Әлемдік мұхиттың экологиялық проблемалары» тақырыбындағы мәтін беріледі. Біздің планетамыздың үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам қөздері болып табылады. Жердегі өмірдің тіршілік етуі үшін мұхиттардың мәні өте зор. Бүгінгі күні мұхиттардың биологиялық қорларының азаю мәселесі туындап отыр. Мұхиттың ластануы дегеніміз — тірі ағзаларға зиянды әсер ететін, теңіз суының саласын төмендететін, балық аулау шаруашылығына, теңіз қызметтеріне кедергілер келтіріп, адам денсаулығына қауіп төндіретін заттардың теңіз ортасына тікелей түсуі. Ластанудың химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық түрлері бар. Мұхиттарға басты қауіп төндіретін ластаушы затгар: химиялық заттар , күл-қоқыс және пластмассалар, радиоактивті қалдықтар, мұнай. Олардың кейбіреулері улы, баяу ыдырап, тірі ағзалар денесінде жинақталады. Мұнай мұхит суында тұрақты түрде жинақталады. Мұхит суларының биологиялық ластануы да маңызды мәселелердің бірі. Мұхиттарға өзен ағыстарымен келіп түсетін ауру тудыратын микроағзалардың негізгі бөлігі жағалау аймақтарындағы тіршілік ету ортасына тез бейімделеді. Осы микроағзалар теңіз өнімдеріне жиналып, адамдардың жаппай ауруына себепші болады. Мұндай жағдайлар соңғы жылдары Жерорта теңізінде жиі байқалып жүр. Оның кейбір жерлерінде ауланған балықтың 80%-ы микроағзалармен уланған. Әлемдік мұхитта батпайтын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтар әсерінен механикалық ластанулар едәуір көбейіп кеткен. Радиоактивті өнімдер мұхитқа ядролық қаруларды сынаудың әсерінен түседі және де арнайы контейнерлердегі радиоактивті қалдықтарды тастау барысында түрлі ақаулар туындап, үлкен аумақтарды ластайды. http://ikaz.info/lemdik-m-hitty-ekologiyaly-problemalary/
Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Мұхит тіршілігін сақтайық» тақырыбына өз көзқарасыңды 5 сөйлеммен жаз. Дескрипторлар:
| http://ikaz.info/lemdik-m-hitty-ekologiyaly-problemalary/ | |||||||||
4 минут | Рефлексия. 1. Сабақтағы белсенділігім ___ 2. Досымның белсенділігі ____ 3. Маған ой салған ақпарат _____ | |