Файл: Жолда жру ережелері Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жолда жүру ережелері
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;

  2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, оны білуге үйрету. Жол ережесінің белгілерімен таныстыру;

  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бүктемелер, бағдаршам, жол белгілері.

Сабақтың барысы:

Кіріспе кезеңі:

Мұғалім:- Жол заңы- дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тіртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіннің салдарынан бұзылады.жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып жатады. Сондықтан, әрбір оқушы жол ережесін бұзбай, абай болып жүру керек. Ол өзіміздің өміріміздің қауіпсіздігі үшін қажет екен.

- Сонымен, қандай балалар жол ережесін бұзбайды?

/Үлгілі, тәртіпті бала/
Негізгі кезеңі:

«Ойлан тап» жұмбақты шешу


  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. /Автобус-автобус-bus/

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. /Жол-дорога-road/

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. / Бағдаршам-светофор-traffic light/

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала- алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. /Жол-дорога-road/

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ, «Тоқта! Жүр!» дейді. / Бағдаршам-светофор-traffic light/

Мұғалім:

Балалалар, жол жүру кезінде қандай ережелер болады екен?

1-оқушы:
Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2-оқушы:
Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт
3-оқушы:
Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.


4- оқушы:
Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

5-оқушы:
Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

6-оқушы:

Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

7-оқушы:

Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

8- оқушы:

Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
Мұғалім:
1.  . Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!)

2.  Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)

3. Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус)

4. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? ( алдан түсіп,арттан мінеді)

5. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

6. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 

«Суреттер сөйлейді»

-Ақпараттық – көрсеткіштік белгілер
-Ескерту белгілері
-Тыйым салатын белгілер
-Сервис белгілері
-Басымдылық белгілері

-Жол таңбалары

Қорытынды: -Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.