ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
«Армысың, әз Наурыз»
(Ахмет ауылы)
Күні:17.03.2022 ж.
Сыныбы: 10
Сынып жетекші: Жолдыбаева Г.Д.
2022 жыл
1)1-жүргізуші: Бақбер
Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз - бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе- реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
2)2-жүргізуші: Дильназ
Наурыз - барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз - достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз - қаңкылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат - Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.
3) 1-жүргізуші: Бақбер
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
(шашу шашамыз)
4)1-оқушы: Жасмин
Армысыздар, ақ ниетті асыл жандар!Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз тойында Ахмет ауылында болып жатқан «Қыз ұзату тойына» дәл келіп қалыпсыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!
5)2-оқушы: Жоғары шығыңыздар! Төрлетіңіздер!
6)2-жүргізуші:Дильназ Қазақ халқы – салт- дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әдет-ғұрып қазақ халқының мызғымас заңы. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол.
7) 1-жүргізуші: Бақбер Соның айғағы ретінде қыз баланың бойжетіп, оң босағаны аттау уақыты жеткенде «Қыз ұзату» дәстүрінде айтылатын «Сыңсу»-дан үзінді тамашалаңыздар.
8) 2-оқушы: Ділнар
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би – билеп
Інжу маржан шашайық. (Би)
9)3-оқушы: Қарақат
Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық
(Белбеу тастау ойыны)
Бақбер:
Ал, ағайын, қадірменді қонақтар! Қазақ даласының ерке қызы Гүлжанат қызымыз өз теңін тауып ұясынан ұшқалы отыр. Қызымыздың әрдайым жолы ашық болсын!
Ала жолдары, қара жолдары болмасын деген ниетпен қызымыздың ақ жолын төсесек. Сонымен бірге аяулы анасын ортаға шақырсақ.
Қазақ қызының өмірінде ең мағыналы да сәтті кезеңдердің бірі бұл сәукеле кию Бұл сәукеле алтынмен апталып, күміспен күптелген. Барған жеріңе балдай батып, судай сің. Анаңның сыйын қабыл ал. (Гульжан апай сәукеле кигізеді)
Мамасының (Гульжан апайдың тілегі)
Амина:
Қимайды ұзатқан жақ ару қызын
Жан жүйең қалай ғана сыздамасын
Халқымның қыз ұзату салты менен
Айтылар сыңсу әні қоштасатын
(Гульжанат сыңсу айтады)
Әкесі:
«Қыз бала –қонақ» деген осы екен.Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр қызым!Сені мұңайтқым келмейді,қуантқым келеді.Өйткені,өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып,бақытты сапарға шығып барасың, мен осыны ойлап қуанамын!Күйеу бала екеуіңе бар айтар тілегім қараған кезде ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар.
Бақбер:
Бәрекелді, ағайын, ендеше қызымызды шығарып салайық. Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!
(Ақ жолмен шығарып саламыз)
Ерасыл:
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би – билеп
Інжу маржан шашайық.
1- жүргізуші: Дильназ
Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, ішіп қойыңыздар...
Қадірмеңдер қонақтар!
Айналайын, асылдар
Тоя ішсін деп тамсанып
Тоғыз түрлі дәм салып.
Наурыз көже пісірдік
Оттан көже түсірдік.
Бал көжеден татыңыздар.
Ерасыл дастарханда отырғанда айтады көже ішіліп болган соң
Салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық ,тазалық пен татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын! Дендеріңізге амандық-саулык, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Жасмин:
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жердің тойы – Наурызым!
Елдің тойы – Наурызым!
Төлдің тойы – Наурызым!
Көңіл тойы – Наурызым!
Көктем тойы – Наурызым!
Қарақат
Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,
Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.
Ежелден көктем мейрамы Наурыз,
Еліме жаңа бақыт бере берсін!
Амина:
Наурыз тойын тойлайық міне ағайын
Амандықпен туа берсін күн сайын
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға
Мерекені бүгінгімен жабайын
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде.