ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «№33 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» КММ
БЕКІТЕМІН: ТЕКСЕРІЛДІ:
№33 МЛ директоры: Директордың ТІЖО:
Алиев Н.М. Нышанова Ғ.
СЫНЫП САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ЕЛ ЖАСТАРЫ» бағдарламасы (Жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру). Наурыз мерекесі
СЫНЫП: 7 «А»
СЫНЫП ЖЕТЕКШІ: ЖАСПАНОВА Ж.Ж.
АЛМАТЫ 2022Ж
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Мектеп: № 33 мектеп-лицей |
Күні: 14.03.2022ж | Мұғалімнің аты-жөні: Жаспанова Ж. Ж. Практикант: Тохметова Алина, Тілеш Арай |
Сыныбы: 7 «А» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | “ЕЛ ЖАСТАРЫ” бағдарламасы (Жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру). Наурыз мерекесі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | - оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру |
Сабақтың мақсаты: | Барлығы: 1) оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру; 2) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту; 3) өмірге деген құштарлықтарын арттыру. 4) Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; 5) ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу; |
Бағалау критерийлері | Жолда жүру ережелерін біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жағымды атмосфера орнату Сәлемдесу және жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. | ||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе 13 минут | Интербелсенді тақтада «Жолда жүру ережелері» атты бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=SbXKx1Lrw9g Видео бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады: 1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар) 2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен) 3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол) 4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді) 5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі) 6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан) 7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды) Енді екінші тақырыбымызға көшеміз. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас — Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. | 1) Әр оқушы сұраққа жауап беру арқылы берілген ұғымдарды қалай түсінетінін айтады. 2) Ол сұрақтарды өз өмірімен байланыстырып сараптайды. Осы арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» , «Дұрыс» деген мадақтау сөзімен ынталандыру Презентация (Power point) | |||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 10 минут | №1-тапсырма «Постер» Әр топтын топ басшылары шығып, үстел үстіндегі параққа жазылған сұрақты таңдау арқылы топ атауын анықтап, сол сұрақ бойынша постер қорғайды | Оқушылар бірлесіп, постер дайындайды | | А3, маркер | |||||
12 минут | №2-тапсырма «Би жарысы» Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы «Қара жорға» бейнеролигі көрсетіледі. Әр топтан 1 ұл, 1 қыз шығады. №3-тапсырма «Салт-дәстүр» Әр топқа конверт таратылады. Конверт ішінде мозайка ретінде суреттер беріледі. | Оқушылар көрсетілген бейнероликті қайталап билейді. Оқушылар мозайканы құрастырады. Шыққан сурет бойынша қысқаша көрініс көрсетеді. | | Презентация (Power point) Конверт | |||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. | «Тілек айту» әдісі бойынша жылы лебіздерін білдіреді. | | | |
Киіз үй. Киіз үй бөліктерін ата?
Наурыз көже қалай жасалады?
Қазақ халқының ұлттық аспабы?
КИІЗ ҮЙ
ДОМБЫРА
НАУРЫЗ КӨЖЕ