Файл: оамдастыа жмылдырылан ызметкерлер бірлесе жмыс істеп, білім алуы шін бірлескен жмысты андай тиімді трлерін пайдалануа болады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТИІМДІ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС
Қоғамдастыққа жұмылдырылған қызметкерлер бірлесе жұмыс істеп, білім алуы үшін бірлескен жұмыстың қандай тиімді түрлерін пайдалануға болады?
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтары үздіксіз бірлескен жұмыстар мен бірлескен зерттеулер арқылы ересектерге толыққанды және келешегі зор білім алуға мүмкіндік береді. Олар жаңа әдістемелердің жекелеген мектептерден тысқары таралуына мүмкіндік беру арқылы мұғалімдерге және мектептің басқа қызметкерлеріне педагогикалық әдістемелерді зерделеу мен жетілдіру мақсатында оқуға және бірлесе жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әртүрлі мектептердің қызметкерлері арасында құрылымдалған өзара әрекеттестік көптеген апталар немесе тіпті айлар бойы созылатын, қоғамдастықта білім алуға бағдарланған қоғамдастық ішіндегі жұмыстың тиімді түрі болып табылады.

Тиімді бірлескен жұмыс түрлері:

• бірлескен зерттеуді іске асыратын топтар;

• біліктілікті арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар (мысалы, біріккен топтар күндері);

• бір мектеп мұғалімдерінің басқа мектепке құрылымдалып баруы (қоғамдастық аясында танысуға бару);

• бірлескен коучинг және тәлімгерлік (мысалы, Сабақты зерттеу тобы);

• бірлескен жұмыс топтары (мысалы, жоба бойынша жұмыс тобы, жоспарлау тобы).

Кәсіби қоғамдастық ішінде жүретін оқытудың барлық түрлері қоғамдастыққа қатыстырылған барлық мектептердің «атынан» іске асырылуы тиіс. Яғни ересек адамдардың белгілі бір тобы жаңа дағдылар мен біліктіліктерді дамыту мақсатында жұмыс істеген кезде, ол мұны қоғамдастықтағы барлық мектептермен өз нәтижелерімен бөлісу үшін, басқалар да бұдан пайда көруі үшін жасайды.
Қоғамдастық ішіндегі бірлескен зерттеу не үшін қажет?
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының мүшелері өз әріптестері атынан инновацияларды енгізіп, эксперимент жүргізіп, проблемаларды шешу үшін өзіне саналы түрде бірлескен жұмыс жүргізу міндетін алады. Мұны істеу үшін оларға әдіснама қажет – орындалатын жұмыс пен ол өтетін жағдайлар үшін икемді және бейімдеуге болатын, бірақ соған қарамастан қазіргі мектептің қатаң жағдайларында (мысалы, күтпеген жерден кеңес барысының өзгеруі, басымдықтардың өзгеруі, ресурстар мен штат бірліктерін бөлу) өмір сүру үшін жеткілікті дәрежеде құрылымдалған бірлескен жұмыс тәсілі. Қоғамдастық ішіндегі бірлескен зерттеулер бұл мақсатқа жету үшін тиімді құрал болып табылатындығын дәлелдеп шықты.


Зерттеу мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтарының негізгі қағидаттарының бірі болып табылады (Earl & Katz, 2005). Негізгі идея – тәжірибеге негізделген зерттеу – фактілер және деректер арқылы басқарылатын оқу. Қоғамдастықтағы зерттеуге сонымен қатар қоғамдастықтардың зияткерлік деректерін қалыптастыратын және кәсіби жұмыс пен оқыту үдерісін басқару туралы ұжымдық білімді дамытатын бірлескен жұмыс тәсілдерін әзірлеу кіреді. Бірлескен жұмыс арқылы жаңа білімді бірлесе құруға қатысатын қоғамдастықтарда зерттеу жобалары мектептер арасында инновациялық педагогикалық әдістемелерді таратудың жиі қолданылатын тәсілдерінің бірі болып табылады (Church et al, 2006). Қоғамдастықтардағы бірлескен зерттеулер ынтымақтастықты дамытуда және елдер мен мектептер арасында оқыту тәжірибесімен тиімді алмасуға ықпал ете отырып, өзгерістерді іске асыруда тиімді құрал болып табылатынын дәлелдеді.

Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтары жұмысында бірлескен зерттеулерді пайдалану әдетте «жасырын» болатынын атап өткен жөн. Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтары өздерінің бірлескен зерттеу жүргізу тәсілдерін әртүрлі атайды – жағдаятты жағымды бағалау әдісі (позитивті зерттеу), тәжірибелік зерттеу, зерттеу топтары, тәжірибе арқылы оқыту топтары, жетекші зерттеушілер топтары, жетекші әзірлеушілер топтары. Кейде қоғамдастықтардың үйлестіруші топтары немесе мектеп директорларының форумдары қоғамдастық атынан бірлескен зерттеу топтарының қызметін атқарады.

Мұндай топтар бірлескен жұмыс пен оқыту әдістемелерін бірлесіп әзірлеу жолын ұстану қоғамдастықтың бірлескен зерттеулерінің негізгі айрықша ерекшеліктері болып табылады деген пікірде ауызбіршілік танытуда.


Ойлануға арналған сұрақтар

1. Зерттеу тобының алдына қойылған қандай зерттеу мақсаты сіздің жағдайыңызда мектеп жұмысына немесе қоғамдастыққа көбірек пайда әкелер еді?

2. Сіздің жағдайыңызда шағын зерттеу топтары жұмысына негізделген бірлескен жұмыстарты қалай пайдалануға болады?

3. Өз жағдайыңызда зерттеу тобын құру кезінде тәжірибеге қандай негізгі ереже мен жұмыс үдерістерін енгізер едіңіз?