Файл: айта ру саясатыны негізгі кезедері жне оларды сипаттамасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қайта құру саясатының негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы.

Жалпы Кеңес Одағында 1985-1991 жылдар аралығы қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі 3 бағыты айқындалып кезеңге бөлінді:

1)Әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету. 2)Қоғамды демократияландыру 3)Елде жариялылықты қамтамасыз ету

Әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада болып табылады. Алдымен өндіріс саласында өнімніғ тапшылығы зауыттар мен фабрикалардың жұмыс жасауына кері әсерін тигізді. Өйткені тауардың жетіспеушілігі оның сапасын жоққа шығарды. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатыр алу арқылы жеделдетуге бағытталған бағытты орындамауға тырысты. Алайда шетелден сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, зауыт фабрикалар, теміржол станциялары, қоймалар қар мен жаңбыр астында пайдаланылмай қалып қойды. Қайта құрудың осы алғашқы кезеңі негізінен ұрандық сипаты бар шешімдер мен бағдарламаларды қабылдаумен есте қалды. Мысалы КОКП ОК-нің 1985 жылы 7 мамырдағы “Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар” қабылданды. Яғни спиртті ішімдіктерді өндіру мен сатуға шек қойылды. Баспасөз беттерінде салауытты өмір салтын ұстау сынды мақалалар, іс-шаралар туралы хабарламалар жиі шығып отырды. Бірақ қол жеткізіп жатқан нәтиже тек уақытша болған еді. Өйткені екі жылдан кейін керісінше көшеде мас адамдар көбейіп, самагон сату орын алды. Кейін нашақорлық пен улы заттарды шегу фактілері де жиі бола бастады. Осы маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып жіберді. Сонымен қатар жағымпаздық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз жағдайлар орын ала берді.

Қоғамды демократияландыру деп аталатын екінші кезең халықтың әл ауқатын жақсартуға, қоғамдық сананы дұрыстауға негізделген. Мұның дәлелі ретінде “Мемлекеттік мекемелер туралы” заңын айтсақ болады. Осы аталған заң қоғамның алға жылжуына ықпал еткенмен, мәселелер шешімін таппады. Тағы бір маңызды, орындалмай қалған бағдарламалардың бірі тұрғын үй саласы болды. Сол кезеңде КСРО-да алғашқылардың бірі болып Қазақстан “Тұрғын үй-91” бағдарламасын жасады. Бұл бағдарлама орындалды бірақ барлық жерде емес. Бірақ Қазақстандағы барлық тұрғын үй мәселесін 5 жылда шешу мүмкін болмады.

Елде жариялықты қамтамасыз ету деп аталатын үшінші кезеңінде қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, тарихы, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жайлы талаптар қойып, бұл мәселелер жаңа қырынан көріне бастады. 1987 жылы алғаш рет Қазақстанда кеңестерге халық депутаттарын сайлау болды. Республиканың 19 ауданын бұл округтік сайлау өтті және 2270 адам осы сайдауға кандидат болып ұсынылды. Еңбек ұжымдары депутаттыққа өздерінің қалауларын ұсынып, кандидаттар халықпен кездесу барысында өз бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік болды.


Міне осылайша еліміздегі қайта құру саясаты халықтың жігерін жандырып, сана-сезімін оятып, ұлттық намысын күшейтті.