Файл: 2таырып. Ксіпорынны негізгі капиталы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Дәріс жоспары:

  1. Кәсіпорын негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы.

  2. Негізгі қорларды бағалау

  3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.

  4. Негізгі өндірістік қорды пайдалану көрсеткіштері .


1. Еңбек заты мен еңбек құралдары өндіріс барысында бірігіп өндіріс құрал-жабдығы деп аталады. Олардың заттай және ақшалай өлшемдері бар. Егер заттай қарастырсақ - өндірістік құрал, ал ақшалай - өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қордың құрамы өте көп, олардың өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі және айналым қоры деп екіге бөлінеді.

Негізгі қорларға (негізгі қаржыға) машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б., яғни бірнеше жыл өндіріс процессіне қатыса отырып, бастапқы заттық түрін өзгертпейтін өндірістік қордың бір бөлігі жатады. Олар өз құнын дайын тауарға бірте-бірте бірнеше жыл ішінде ауыстырады.

Негізгі қор (негізгі қаржы) пайдалану мақсатына байланысты екіге бөлінеді:

- өндірістік емес негізгі қаржылар: өнім өндірісіне тікелей қатыспайтын, тұтыным өндірісінде пайдаланылатын қаржылар (тұрғын үй, халық ағарту, мәдени, денсаулық, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету қорлары)

- өндірістік негізгі қаржы: өнім өндіруге тікелей қатысады (машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б.)

Өндіріске қатысу белсенділігіне байланысты төмендегідей жіктеуге болады:

- активті (техника, көлік және т.б.жылжымалы мүліктер)

- пассивті (ғимарат, беріліс құралдары, сақтау қоймаларыжәне т.б. жылжымайтын мүліктер)
  1. Негізгі қорлардың сыныптамасы


Топтардың аттары
  1. Қолданылуы және қысқаша мінездемесі


І. Ғимараттар

өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

ІІ. Құрылыстар

өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларларды атқаратын инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары т.б.)

ІІІ. Жіберу құралдары

Энергияны , сұйық және таза газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)

ІҮ. Машина мен құралдар

1. Күш машиналары мен құралдар

(генераторлар, электор бөлшектері, бу машиналары мен трубиналар т.б.)

2. Жұмыс машиналары мен құралдар

Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.)

3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар

өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зертеулер жүргізуге қажетті.

4. Есептеу техникасы

Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

5. Басқа да машиналар мен құралдар

(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)

Ү. Тасымалдау құралдары

Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

ҮІ. Құрал-сайман

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)

ҮІІ. Өндірістік түгендеме

өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)

ҮІІІ.Шаруашылық түгендеме

Көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.


2. Негізгі қорлар (қаржылар) заттай және ақшалай өлшемде есепке алынады. Заттай есептегенде санақ (инвентаризация) жүргізіледі, ақшалай есептеу үшін бухгалтерлік баланс жасалады.

Негізгі қаржыларды заттай есептеу, олардың сандық және сапалық құрылымын, өндірістік мүмкіншіліктерін, пайдалану мерзімін анықтау үшін жүргізіледі.

Негізгі қаржыларды есепке алу үшін олардың толық бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құндарын есептейді.

А) Толық бастапқы (баланстық) құн – негізгі қорды жасауға (сатып алуға) және оны кәсіпорынға жеткізу шығындарының жиынтығы. Оны мына формула бойынша есептейді:

ТБҚ = Б + ТШ

Мұндағы:

ТБҚ – толық бастапқы құн, тг;

Б – негізгі қаржыларды сатып алу бағасы, тг;

ТШ – негізгі қаржыларды жеткізудің транспорттық шығындары.

Бұл көрсеткіш пайдалану мерзімінде өзгеріссіз қалдырылады.

Б) Қалдық құн – негізгі қаржының толық бастапқы құнынан оның тозған құнын алып тастағандағы қалған бөлігін атайды. Ол қашанда толық бастапқы құннан төмен және толық бастапқы құнның өнімге көшпеген бөлігін көрсетеді.

ҚҚ = ТБҚ – ТБҚ * НА * У / 100

Мұндағы:

ҚҚ – қалдық құн, тг;

ТБҚ – толық бастапқы құн, тг;

НА жылдық амортизация нормасы, %

У – негізгі қаржыны пайдалану уақыты (жыл саны н/се жұмыс көлемі)

В) Қалпына келтіру құны - әр жылғы шығарылған қордың бағаларын бір деңгейге келтіру.

3. Негізгі қорлар өндірісте пайдалану кезінде тозады (ескіреді), оның екі түрі бар:

- табиғи тозу (ескіру)

- моральдық тозу (ескіру)

Табиғи тозу – қорды пайдалану кезінде олардың бүлінуі, сынуы, істен шығуы.

Моральдық тозу – қолданылудан ҒТП-тің дамуына байланысты шығып қалуы немесе сирей бастауы.

Табиғи тозу деңгейіне байланысты негізгі қорлар өзінің құнының бір бөлігін жойып отырады немесе өз құнының бір бөлігін жаңа өндірілген өнімнің құнын құруға қатысады. Кәсіпорындағы негізгі қорларды жөндеу немесе жаңарту, оларды бастапқы қалпына келтіріп пайдалану өте тиімді.

Негізгі қорлардың әр-бір түрінің тозу құнын есептеп және одан шығатын қаржыны жеке қолға жинақтап, сол арқылы негізгі қорлардың табиғи тозу шығынын жауып қалпына келтіруді – амортизация деп атайды.

Амортизацияның атқаратын қызметтері:

- негізгі қорлардың тозу деңгейін жалпы формада сипаттау. Бұл негізгі қорларды қалпына келтіруді жобалау, негізгі қорларды ауыстырып жөндеуге қажетті қаржылық қорды қалыптастыру үшін керек.


- өндіріс шығындарын анықтау

Амортизацияның тозудан айырмашылығы ол физикалық ұғым емес, экономикалық ұғым, яғни тозудың ақшалай формасын бейнелейді (көрсетеді) және ол жекелеген жыл аралықтарында тозу мөлшерімен сай келмеуі мүмкін, себебі негізгі қорлардың барлық түрі бірдей тозбайды (ескірмейді), ал амортизация жыл ішінде теңбе-тең (бірдей) үлеспен есептелінеді.

Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тоғызын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизаторлық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:

Н = Ф1- Фж

Ф1 х Т х 100 % (пайыз),
Мұндағы: Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге;

Фж – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге;

Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = Н х Ф

Мұндағы: Н – амортизация нормасы (%);

Ф – негізгі қорлардың орташа жылдамдық құны, теңге

Негізгі қорлардың амортизациясын есептеудің әдістері

Аудару тәсілі

Есептеу базасы

Есептеу тәртібі

1.Сызықтық тәсіл

1.Нб (бастапқы құны)

2.Ан (аммортизация нормасы)

3.Т (тиімді пайдалану мерзімі)

1.Нб – 120 мың тг.

2.Т – 8 жыл

3.Жылдық аммортизация соммасы

4.Ан – 12,5% (15/120*100)

5.Айлық амортизация нормасы;

(12,5%/12)=1,0417%

6.Айлық аммортизация соммасы;

120 мың.тг*1,0417/100=1250тг

2.Тиімді пайдалану жылдар сандарының сомасы бойынша есептеу тәсілдері.

1.Нб

2.Т

3.Тиімді пайдалану жылдар сандарының сомасы

1.Нб – 120 мын.тг

2.Т – 8 жыл

3.36(1+2+3+4+5+6+7+8)

Пайдалану жылдары бойынша аммортизация сомасы және нормасы;

1- жыл;8*100/36=22,22%

120*22,22/100=26664 тг.

2 – жыл;7*100/36=19,44%

120*19,44/100=23328 тг.

..........

8 – жыл;1*100/36=2,77

120*2,77/100=3333

5.Ай сайынгңы сомма жылдық сомма негізіне есептеледі /12

3.Негізгі қорлардың құнын өнім көлеміне пропорционал-ды аудару тәсілі.

1.Нб

2.Негізгі қорлардың пайдалану кезеніндегі шығарылуы тиісті н/се жоспарланған өнім көлемі - Qж

1.Нб- 120 мын.тг

2.Qж – 200 мын.тг

3.Есепті айда – 2000 дана

4.Өнім бірлігіне кеткен аммортизация соммасы;(120/200)=0,6

5.1 – айдағы аммортизация соммасы(0,6*2000)=1200 тг

4.Қалдық құнды азайту тәсілі

1.Нб

2.Т

3.Ан*2

1.Нб – 120 мын.тг

2.Т – 8 жыл

3.Ан – 25(12,5*2=25)

4. 1 – жыл: 120*25/100=30 мын.тг

2 – жыл: (120-30)*0,25=22,5мын.тг

3 – жыл: (90-22,5)*0,25=16,9 мын.тг

.........

.........

.........

8 – жыл: (21,358-5,340)=16,018 мын.тг

104 мын.тг

Барлығы: 120 мын.тг



Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

  • Негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі

  • Моральдық тозу;

  • Техникалық қайта құрудың жоспары;

  • Жабдықтардың балансы;

  • Модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Негізгі қорлар толық тозған кезде өзінің толық құнын дайын өнімге көшіреді. Бұл құнның орны алынған өнімді сату кезінде толықтырылады.

Бұл процесс үздіксіз жүріп отырады.


Н егізгі қор




Күрделі қаржыландыру




Аммортизация






А ммортизациялық қор




Өндірілген өнім құнының бір бөлігі




Ө ндірілген өнімді сату


НҚ –дың айналым сызбасы.
4. Кәсіпорында өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның негізгі қорлармен қамтылу дәрежесіде әсер етеді. Оны төмендегідей көрсеткіштермен анықтайды:

Қормен қамтылу көрсеткіші (100 га а/ш жеріне қанша негізгі қор келетіндігін көрсетеді)

Ққам = НҚ / АшЖ * 100 га

Мұндағы: Ққам қормен қамтылу дәрежесі, тг;

НҚ – орташа жылдық негізгі қор құны, тг;

Ашж – ауыл шаруашылық жер алқабы, га.

Қормен қарулану көрсеткіші (бір еңбек ресурсына қанша негізгі қор келетінін анықтайды):

Ққар = НҚ / ЕР

ЕР еңбек ресурсының саны.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

А) Негізгі қорлардың өсім коэффициенті:
НҚӨк = ҚҚЖА / ТБҚЖБ
Б) Негізгі қорлардың өндірістен шығу коэффициенті:

НҚШк = НҚШ / ТБҚЖБ

Мұндағы:

НҚШ – жыл бойы өндірістен шыққан негізгі қор құны;
В) Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті:

НҚЖк = НҚқ / ҚҚЖА

НҚК – жыл бойы өндіріске қосылған негізгі қорлар құны, тг;

ҚҚЖА – негізгі қорлардың жыл аяғындағы қалған қалдық құны, тг.

Негізгі қорлар тиімді пайдалану тиімділігі түрлі көрсеткіштермен анықталады:

А) Қор қайтарымы (негізгі қор бір бірлігіне (100тг) жалпы өнімнің қанша мөлшері келетінін анықтайды).

Ққайт = ЖӨҚ / НҚ

Мұндағы:

ЖӨҚ – жалпы өнім құны, тг

Б) Қор сиымдылығы (жалпы өнімнің бір бірлігін (1 тг) алу үшін қанша НҚ қажеттігін көрсетеді. Қор қайтарымы көрсеткішіне кері көрсеткіш)

Қсиым = НҚ / ЖӨҚ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды жоғарлату жолдары:

1. Қормен қамтылу деңгейін жоғарлату

2. Негізгі қорлар құрылымын жетілдіру (активті бөлігін көбейту)

3. Негізгі қор мен айналым қорының арасында қажетті (пропорционалды) сәйкестілікті қамтамасыз ету.

4. Озық алдыңғы қатарлы технологияны енгізу, өндірісті ұйымдастыру және еңбек ақы жүйесін жетілдіру т.б.