Файл: "Білім туралы" азастан Республикасы Заны 5бабыны 111 тармашасына сйкес Бйырамын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 71

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      106. Қажет болған жағдайда ПМПК балалар мен жасөспірімдерді денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді: медициналық тексеру, емдеу, мүгедектікті рәсімдеу және үйде оқыту үшін медициналық көрсетілімдерді айқындау үшін.

      Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары (ауруларға), соның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану салдарынан, және де суицидтік мінез-құлық бойынша күдіктенген кезде, балалар мен жасөспірімдер психикалық денсаулық орталықтарына жіберіледі.

      107. Қажет болған жағдайда ПМПК тексеру нәтижелері бойынша балаларды әлеуметтік қорғау органдарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету мәселесін шешу үшін жібереді.

      108. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (бұдан әрі - Құжаттардың тізбесі) бекітілген 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша ПМПК-да жүргізіледі:

      1) алдын ала жазылу журналы;

      2) баланың даму картасы.

      109. ПМПК-да есепте тұрған бала туралы деректер құпия сипатта болады, балаланың даму картасынан үзінді көшірмелер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және білім беру мен денсаулық сақтау саласының орталық уәкілетті органдардың жазбаша сұранысы бойынша беріледі.

      110. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың даму картасынан үзінді көшірме мен оны оқыту мен тәрбиелеу жөнінде жазбаша ұсынымдар сұраныстары бойынша беріледі.

      111. Қажет болған жағдайда мектеп жасындағы балаларға жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында сынамалық оқыту жағдайында 3-12 ай ішінде; ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға - ПМПК-да құрылған диагностикалық топтарда диагностикалық зерделеу жүргізіледі. Диагностикалық топтардағы балаларға динамикалық зерделеу психологиялық-педагогикалық жұмыс барысында қажетті қызметтерді көрсетумен жүзеге асырылады.

      112. Балаларды диагностикалық топқа кіргізу, болу мерзімін ұзарту немесе қысқарту, 3 айдан бір жылға дейінгі болу мерзімінің ұзақтығын көрсете отырып, ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.

      113. Тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандары диагностикалық топтарда жеке дамыту бағдарламасын жасайды, оқыту формасы (жеке немесе топтық) мен апталық оқу-дамыту сабақтарының санын белгілейді.


      114. Жеке оқу-дамыту көмегін мамандар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне байланысты көрсетеді:

      1) психолог;

      2) арнайы педагог (дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед (логопед);

      3) әлеуметтік педагог;

      4) тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі;

      5) дене шынықтыру мұғалімі (емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы).

      115. Диагностикалық топтарда дамытушы диагностикалық оқыту күнтізбелік жыл бойы бір жастық немесе әр-түрлі жастық қағида бойынша жеке, кіші топтық және топтық формада ұйымдастырылады.

      116. ПМПК мамандарының жұмыс күнінің ұзақтығы – аптасына 24 сағат, меңгерушілердің, тіркеушілердің, статисттердің жұмыс күнінің ұзақтығы – аптасына 30 сағат.

      117. ПМПК-да балаларды тексеру және кеңес беру кезінде осы Қағидалардың 
118119120121122123124125126127128, 128 тармақтарында көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және кеңес беру шарттары, талаптары мен бағдарламалары жүзеге асырылады.

      Туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру келесілерді қамтиды:

      1) неврологиялық денсаулығын, сенсомомторлық және психикалық-тілдік ерекшеліктерін бағалау, неврологиялық бұзылыстары мен ауруларын анықтау және олардың бала дамуына, тәрбиесі мен оқуына келтіретін әсерін анықтау мақсатында жүргізілетін неврологиялық тексеру. Балаларды дамытуды, оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін емдеу және емдеу (қорғау) режимі мәселелері бойынша отбасына консультация береді;

      2) психикалық денсаулығын, психикалық-тілдік ерекшеліктерін бағалау, психикалық бұзылыстары мен ауруларын анықтау және олардың бала дамуына, тәрбиесі мен оқуына келтіретін әсерін анықтау мақсатында жүргізілетін неврологиялық тексеру. Отбасына балаларды емдеу және емдік (қорғаушылық) режимінің мәселелері бойынша (қажет болған жағдайда) консультация беру және ұсынымдар беру;

      3) зерде және эмоционалды-тұлғалық дамуының деңгейі мен ерекшеліктерін бағалау, психикалық дамуының бұзылыс түрін белгілеу мақсатында жүргізілетін психологиялық тексеру. Отбасына баланы психикалық дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда);

      4) сөйлеу тілінің даму деңгейі мен ерекшеліктерін бағалау, сөйлеу тілінің бұзылыс түрін анықтау мақсатында жүргізілетін логопедтік тексеру; Отбасына баланың сөйлеу тілін дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда);

      5) баланың білім, білік, дағдылары көлемін бағалау, олардың жасына, бағдарламасына және оқыту сатысына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін педагогикалық тексеру. Отбасына баланы оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда);

      6) балалардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін анықтау мақсатында балаға және оның отбасына жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық тексеру. Отбасына әлеуметтік даму, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда).


      118. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және кеңес беру бағдарламаларын орындау кезінде ПМПК тіркеушісі ата-аналардың өтініші бойынша ата-аналардың шағымдары мен сұраныстарын анықтайды (баланың дамуына не кедергі келтіреді және консультациядан не күтеді). Анамнестикалық мәліметтерді және баланың дамуының әлеуметтік жағдайын алдын ала жинау жүргізіледі.

      Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және ата-аналарға консультация беру мынадай тәртіппен жүргізіледі.

      1) Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнезбен танысу. Баланың жасына, коммуникативтік, сөйлеу және ақыл-ой даму деңгейіне, басқа да бұзылулардың (есту, көру, тірек-қимыл аппараты) болуына байланысты тексеру стратегиясы мен тактикасын айқындау. Тексеру жүргізу үшін жағдайларды ұйымдастыру.

      2) Мамандарды таныстыру, ұсыну. Сұраныстар мен шағымдарды нақтылау. Тексеру барысында мамандардың ата-аналармен сұхбаты.

      3) Психологиялық тексеру. Баланың жасына, сөйлеу қабілетінің болуына немесе болмауына байланысты, сөйлеу қабілеті дамымаған ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларға, сөйлеу тілі дамыған мектеп жасына дейінгі балаларға, сөйлеу тілі дамыған балаларға арналған үш зерттеу стратегиясының бірі таңдалады.

      4) Логопедтік тексеру.

      5) Педагогикалық тексеру.

      6) Неврологиялық және психиатриялық тексеру жатады.

      7) Әлеуметтік-педагогикалық тексеру.

      Әртүрлі тексерістердің реттілігі баланың жеке ерекшеліктеріне және тексеру жағдайына байланысты өзгереді.

      8) тексеру нәтижелерін алқалық талқылау (психоневрологиялық және соматикалық денсаулық проблемаларының (медициналық тексеру нәтижелері бойынша) және баланың әлеуметтік-психикалық бейімделуіне эмоционалды-коммуникативтік және психорекулярлық даму ерекшеліктерінің (бұзушылықтарының) әсерін бағалау: нақты жағдай контекстіндегі іс-әрекет, қарым-қатынас, мінез-құлық, оқыту және тәрбиелеу).

      9) отбасында, білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын жасау жөніндегі ерекше білім беру қажеттіліктерін және тиісті ұсынымдарды айқындау.

      10) ПМПК-ның жалпы қорытындысын жасау немесе қосымша тексеру жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдау (бастапқы тексеру бір-төрт қабылдау ішінде жүргізіледі).


      11) баланың даму проблемалары бойынша ата-аналарға кеңес беру, оларды еңсеру жолдары мен жағдайлары туралы ұсынымдар беру.

      Қажет болған жағдайда ПМПК мамандарымен жеке отбасылық кеңестер өткізіледі, медициналық, психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы нақты жеке ұсыныстар жасалады.

      12) кері байланыс (ата-аналардың сұрақтарына жауаптар, ата-аналардың ұсынылған ұсынымдарды түсінуін нақтылау).

      119. Психологиялық-педагогикалық тексерудің шарттары мен талаптары мыналарды қамтиды:

      1) Тексеру баланың жақсы көңіл-күйі мен жағымды эмоционалды жағдайы жағдайында жүргізіледі. Білім алушы үшін психологиялық жайлылық атмосферасын құру керек: эмоционалды түрде қолдау, баланы мадақтау, өтініштерді, тапсырмаларды, талаптарды орындауға мәжбүрлемеу, егер ол бас тартса, теріс ескертулер мен бағалауды, оның ішінде қателіктерді (сараптама жағдайын қоспағанда) болдырмау.

      2) тексеру процесінде ата-аналардың қатысуымен баланың мінез-құлқына, іс-әрекетіне, жүйке-психикалық денсаулығының жай-күйіне түсініктеме беру және бағалау қажет емес. Сондай-ақ, баланың қатысуымен ата-аналардың теріс ескертулері мен теріс сипаттамаларын сыпайы түрде тоқтату керек. Қажет болған жағдайда тексерудің бір бөлігі бөлмеде ата-анасының қатысуынсыз жүргізіледі.

      3) эксперименттік зерттеу барысында тапсырмалардың баланың жасы мен мүмкіндіктеріне қол жеткізуін, ал тапсырмаларға нұсқаулар берген кезде – олардың іс-қимыл тәртібін түсінуін қамтамасыз ету қажет. Психикалық функцияны немесе дағдыларды зерттеу бір емес, бірнеше ұқсас әдістермен жүзеге асырылады.

      4) сенсорлық және қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тексеру кезінде баланы тексеру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы әдістемелер мен қосалқы жабдықтар пайдаланылады.

      5) ПМПК-ның оқу қызметін зерттеу үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық санаттарына арналған жалпы білім беретін және арнайы мектеп ұйымдарының оқу бағдарламалары, бастауыш мектептің жекелеген оқу пәндері бойынша оқулықтары болуы тиіс.

      120. Психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері мыналарды қамтиды:

      1) баламен әңгімелесу, бақылау, эксперименттік психологиялық-педагогикалық тексеру.

      2) ата-аналардан сұрау, сауалнама жүргізу, мектеп құжаттамасын зерделеу: мұғалімнің педагогикалық сипаттамасы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұсынысы мен қорытындысы, оқу пәндері бойынша үлгерім табелі, оқушының жазбаша жұмыстары.