Файл: "Білім туралы" азастан Республикасы Заны 5бабыны 111 тармашасына сйкес Бйырамын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      4) мүмкіндіктері шектеулі баланың отбасына психологиялық-педагогикалық консультация беру;

      5) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультация беру;

      6) отбасылық консультация беру.

      Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету нысаны (жеке, шағын топтық, топтық түзету-дамыту сабақтары) баланың психикалық-дене жағдайы мен мінез-құлқының ерекшеліктерімен, пәнаралық командалық бағалау мамандарының ұсыныстарымен анықталады.

      180. Оқытудың мазмұны Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық басшысы бекітетін жеке-дамыту бағдарламасымен айқындалады.

      ЖДБ пәнаралық командалық бағалау ұсыныстарының негізінде әзірленеді және баланың психикалық дамуының барлық аспектілерін қамтиды.

      181. 0-ден 1 жасқа дейінгі балаларға бекітілген кестеге сәйкес ата-аналар үшін айына 1-2 рет консультациялық сабақтар ұйымдастырылады. Ерте жастағы балалар үшін (1-3 жас) ата-аналардың қатысуымен жеке және топтық сабақтар өткізіледі.

      182. Орталыққа апта сайын келу мүмкіндігі жоқ ата-аналардың сұратуы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту форматында түзете-дамыта оқыту циклын жүргізуге жол беріледі.

      183. Орталықта үй-жайлар болған кезде балалардың күндізгі, аз мерзімді болу топтары, ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттер құрылады.

      184. Күндізгі және қысқа мерзімді топтар жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары және "үлгілік оқу бағдарламалары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      185. Топтар балалардың психикалық-дене даму деңгейін және мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, бір жастағы немесе әртүрлі жастағы айқындама бойынша жинақталады.

      186. Топтардың толықтырылуы Қазақстан Республикасы Санитариялық қағидаларға сәйкес балалардың санаты мен жасына байланысты белгіленеді.

      187. Психологиялық-педагогикалық көмек, оқыту мен тәрбиелеу Жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау және олардың нормаларына сәйкес арнайы әдістер мен қазіргі заманғы оқыту технологияларын, сондай-ақ арнайы жабдықтарды қолдана отырып, балалардың психофизикалық ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.


      188. Педагогтер (арнайы педагог (дефектолог) үшін нормативтік оқу жүктемесі: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед, педагог-психолог, дене шынықтыру мұғалімі, музыка қызметкері), ЕДШ нұсқаушысы үшін аптасына 18 сағатты, күндізгі және қысқа мерзімді топтардың тәрбиешілері үшін – 25 сағатты; басшы, әдіскер, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері, тіркеуші үшін-30 сағатты құрайды.

      189. Оңалту орталығына баруға жалпы медициналық қарсы көрсетілімдер::

      1) декомпенсация сатысындағы соматикалық аурулар;

      2) асқынған инфекциялық аурулар;

      3) созылмалы ерекше емес аурулар (туберкулез және т. б.);)

      190. Жеке сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:

      1) емге төзімді жиілікке қарамастан құрысудың үлкен ұстамалары;

      2) әр түрлі генездегі айқын энцефалопатиялық және психопат тәрізді мінез-құлық бұзылыстары (емдеу кезеңінде).

      191. Топтық сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:

      1) айына 1 және одан да көп рет жиілігі бар эпилепсияның үлкен ұстамалары және аптасына 2-3 және одан да көп рет жиілігі бар шағын немесе тырыспайтын ұстамалар;

      2) әртүрлі генездегі энцефалопатиялық және психопат тәрізді мінез-құлықтың бұзылуы (емдеу кезеңінде).

6-тарау. Аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы қызметінің үлгілік қағидалары

      192. Аутизм орталығы – жеке даму бағдарламаларын (бұдан әрі – Қолдау бағдарламалары), жеке даму жоспарын (бұдан әрі – ЖДЖ), "Аутизм. Әлем баршаға ортақ" бағдарламасы аясында аутизмі бар (аутистік спектрдің бұзылыстары) балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, түзету-дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратын арнайы білім беру ұйымы.

      193. Аутизм орталығында психологиялық-педагогикалық қолдау жеке; кіші топтық/топтық түрде; аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар баланың отбасына психологиялық-педагогикалық кеңес беру және оқыту түрінде ұсынылады.

      194. Аутизм орталығы аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларға, оның ішінде білім беру ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында оқитын, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау болмаған жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

      195. Аутизм орталығы білім беру ұйымдарының мамандарына аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды оқыту, түзету, дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді.


      196. Аутизм орталығын басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысаны әдістемелік кеңес болып табылады.

      197. Аутизм орталығын тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.

      198. Аутизм орталығына ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балалар қабылданады. АСБ скринингін жүргізу және консультациялық-диагностикалық көмек алу мақсатында ата-аналардың (заңды өкілдердің) қолдау Аутизм орталығына ПМПК ұсынымы мен қорытындысынсыз өтініш жасауына жол беріледі.

      199. Аутизм орталығында психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру осы Қағидаларға 
6-қосымшаға сәйкес жұмыс оқу жоспарымен және Орталық директоры бекітетін оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.

      200. Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдауды клиникалық педагогтер жүзеге асырады.

      Супервайзер (әдіскер) психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын, нысандарын, әдістерін анықтауда әдістемелік көмек көрсетеді, клиникалық педагогтердің командалық және жеке бағалауды ұйымдастыру бойынша, ЖДЖ және отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді.

      Әлеуметтік педагог ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік жәрдемақылар, қызметтер, мүгедек балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша кеңес береді.

      Тіркеуші ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың құжаттарын тіркейді және оларды психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін жүгінген кабинет басшысына береді. Мамандарды жұмысқа қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

      201. Психологиялық-педагогикалық қолдау балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, "Аутизм. Әлем баршаға ортақ" бағдарламасына сәйкес оқытудың арнайы әдістері мен қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылады.

      202. Аутизм орталығында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ұзақтығы "Аутизм. Әлем баршаға ортақ" білім беру бағдарламасы және аутизмі (аутистік спектрдің бұзылыстары) бар балалардың даму ерекшелігіне сәйкес аптасына 3 рет қарқындылығымен, цикл – 36 сабақ. Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.

      203. Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің (қызмет көрсету) тәртібі:

      1) ПМПК қорытындысы бойынша баланы Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға сәйкес қолдау орталығында тіркеу (www. chis.kz).

      2) Баланың алғашқы консультациясы және анамнестикалық деректерін Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға сәйкес жинау.

      3) Баланың психофизикалық жағдайын клиникалық педагогпен диагностикалық тексеру (MCHAT-R (Modified Checklist for Autismin Toddlers) (М-ЧАТ-А), ADOS-2 (Autism, Diagnosis, Observation, Schedule) (АДОС-2), құрылымданбаған бақылау).

      4) ABLLS – R (ЭЙБИЛЛС-А) базалық сөйлеу және оқу дағдыларын бағалау хаттамасына немесе тіршілік-тынысы мен денсаулығының жұмыс істеуінің, шектелуінің халықаралық сыныптамасына (бұдан әрі – ҚХС) сәйкес функционалдық талдау (бұдан әрі – ФТ).


      5) Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға сәйкес ФТ нәтижелері бойынша ДЖБ әзірлеу.

      204. ЖДЖ іске асыру мынадай қолдау бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) "Ерте қолдау" бағдарламасы ата-ана мен 0-ден 3 жасқа дейінгі баланың өзара әрекеттесуіне бағытталған.

      Сабақтың ұзақтығы - 60 минут, циклдің ұзақтығы-36 сабақ.

      2) "Оқыту дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3 жастан 10 жасқа дейінгі баланың оқу дағдыларын дамытуға бағытталған.

      3) "JASPER сөйлеу дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу және ойын дағдыларын дамытуға бағытталған.

      4) "Әлеуметтік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан бастап баланың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

      5) "Өмірлік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан бастап баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

      6) "Қарқынды курс" бағдарламасы баланың психологиялық даму деңгейі мен жасын ескере отырып, оның тіршілік әрекеті дағдыларын дамытуға бағытталған, баламен жеке сабақтар жүргізу және ата-аналарды жеке оқыту арқылы іске асырылады.

      Сабақтың ұзақтығы - 60 минут, курстың ұзақтығы -10 сабақ, осы бағдарлама шеңберіндегі сабақтар күн сайын өткізіледі.

      7) Бағдарламаның дефектолог/психолог әрбір сабақтың қорытындысы бойынша күн сайын мониторинг жүргізеді және цикл аяқталғаннан кейін баланың дамуын қорытынды бағалайды (қайталама ФТ).

      8) Цикл аяқталғаннан кейін дефектолог/психолог қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін ата-аналарға ұсыныстар жасайды.

      9) клиникалық педагог бекітілген кесте бойынша цикл бойы ата-аналар үшін жеке және топтық сабақтар нысанында оқыту семинарларын, тренингтерді, вебинарларды, консультацияларды, супервизияларды өткізеді.

      205. Бастапқы диагностикалық кеңес беруді, балалармен сабақ өткізуді, ата-аналарды кесте бойынша оқытуды қашықтықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

      206. Аутизм орталығының штаттық құрамы жүгінген балалардың саны және олардың қызметтерге қажеттілігі негізінде қалыптастырылады.

      207. Клиникалық педагог, супервайзер, әлеуметтік педагог үшін нормативтік оқу жүктемесі аптасына 18 сағатты, директор, Тіркеуші үшін 30 сағатты құрайды.

 

Арнайы білім беру
ұйымдары қызметінің
Үлгілік ережесіне
1-қосымша