Файл: аза халыны ауыздебиеті Маалмтелдер Жмбатар Ертегілер Трмыссалт жырлары.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ халқының ауыз-әдебиеті:

Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар

Ертегілер

Тұрмыс-салт

жырлары

Қазақ ырымдары

Жаңылтпаштар

Лиро-эпостық жырлар

Аңыз-әңгімелер

Қандай лиро –эпостық жырларды білесіздер?

  «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»

«Қыз Жібек»

«Айман-Шолпан»

«Есім – Зылиха»

«Мақпал қыз»

Сабақтың тақырыбы:

«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры

Оқу мақсаттары:
  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізесіз, ерекшеліктерді бақылайсыз;


  • Берілген тақырып бойынша сұрақтарға еркін жауап бересіз.

Жаңа сөздер:

Олжа-пайда, кіріс, табыс

Қияметтік- ақыреттік

Медеу қылу-тірек болу

Менсінбеушілік-қомсынушылық, кемсінушілік

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп тараған түрі. Бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше нұсқалар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады.

"Қозы Көрпеш - Баян" жайы көбінше екі жастың қайғылы қазасымен бітеді. Әуелі Қозы Көрпеш өледі, содан кейін ғашықтық дертінен Баян да өледі. Бірақ кейбір нұсқаларында халық Баян мен Қозыны мұрат-мақсатына жеткізіп қояды.

Тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны қандай жыр?

Жырдың қанша түрлі нұсқасы бар?

"Қозы Көрпеш - Баян" жайы немен аяқталады?

1

2

3

Жауап үлгісі:

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны- ғашықтық жыр.

Жырдың 16 түрлі нұсқасы бар.

"Қозы Көрпеш - Баян" жайы екі жастың қайғылы қазасымен бітеді.

1

2

3

Жырдың кейіпкерлері:

Қозы — басты кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді. Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі. Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі.


Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам. Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді.

Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозының ағасы. Ай мен Таңсық — Қарабайдың асыранды қыздары.

Қозы 

бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң адам.

Баян

Қарабайдың асырынды қыздары.

Қодар

басты кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.

Сарыбай

жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозының ағасы.

Қарабай

Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі.

Айбас 

Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.

Ай мен Таңсық

ақылына көркі сай сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.

Тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

Қозы 

бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң адам.

Баян

Қарабайдың асыранды қыздары.

Қодар

бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.

Сарыбай

жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозының ағасы.

Қарабай

Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі.

Айбас 

Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.

Ай мен Таңсық

ақылына көркі сай сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.


Қозы көрпеш — Баян сұлу кесенесі —

X–XI ғғ. тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Тапсырма.

Бейнежазба бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1.Махаббат құрбандары ...

2.Қарабай мен Сарыбай ...

3.Мәңгілік махаббат мұнарасы ...

4.Кесенені ... жасатқан.

5.Кесененің формасы ...

Жауап үлгісі:

1.Махаббат құрбандары -Қозы

Көрпеш пен Баян сұлу.

2.Қарабай мен Сарыбай бай сұлтандар.

3.Мәңгілік махаббат мұнарасы –

Қозы көрпеш — Баян сұлу кесенесі

4.Кесенені Сарыбайдың інісі Тайлақ

би жасатқан.

5.Кесененің формасы ерекше.

Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасынан көрініс

Қорытынды:
  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгіздіңіз, ерекшеліктерді бақыладыңыз;


  • Берілген тақырып бойынша сұрақтарға еркін жауап бердіңіз.