Файл: Д.онаев атындаы 44 мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Д.Қонаев атындаы №44 мектеп_гимназиясы


(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы.

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

7.1.XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Педагогтің Т.А.Ә.

Убаев Бейбит Ибатович

Күні:

12.10.2022ж

Сынып: 7 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтайды

*Бағалау критерийі

Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын тұжырымдайды

Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтайды

ОДД

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

*Тарихи концепт

Дәлел (фокус)

*Тарихи ойлау дағдысы

Тарихи дереккөздерді интерпретациялау

ЕББҚ (ПМПК диагнозы)

Психикалық дамудың тежелуі. Жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі 1- топ


    
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы
5мин



Ұйымдастыру кезеңі.

Миға шабуыл Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі, «Ойландырар 5 сұрақ»:

1.Неліктен 1716 жылы Қайып ханнның Ресейге күш біріктіру туралы өтініші қанағаттанбады?

2.Ресей империясының Қазақстанды құрамына алуының себептерін анықта?

3.Әскери бекіністер неліктен Ертіс жағалауына салынды?

4.Әскери бекіністердің салынуын Ресей империясы қазақтар мен жоңғарларға қалай түсіндірді?

5.Неге Еділ мен Жайық аймағында қазақтар мен орыстар арасында шиеленістер болып тұрды?

ЕББҚ: Оқушыға I Петрдың «Қазақстан-Орта Азияға шығатын кілт пен қақпа» деген пікіріне сәйкес кілт пен қақпаның суреті беріліп,оны бояу ұсынылады.



Мұғаліммен амандасады

Үй тапсырмасына қатысты сұраққа жауап береді

Оқушы суретті бояйды.

«Үздік жауап» номинациясымен жылдам әрі толық жауап берген оқушылар АУЫЗША марапатталады

Оқушыға қолдау көрсетіліп, мұғалімнің мадақтауы жүргізіліп отырады.

Оқулық

Қазақстан тарихы 8(7)-сыныбына арнлған оқулық/З.Е.Қабылдинов,Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева, 26-29 беттер


https://www.google.com/search?q=%D0%

3 мин
Сабақтың ортасы

10мин

12 мин

10мин


Бастапқы ынталандырушы материал

Суретпен жұмыс


Сұрақтар:

- Суретте кім бейнеленген?

-Суретті көріп, Сізге қандай ой келді?

-Бүгінгі сабағымызда қандай мәселе зерттеледі деп ойлайсыздар?
Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге пысықталады. зерттеу сұрағына назар аударылады.

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?

Жеке: Оқушылар берілген тақырып бойынша мәтінді оқиды.

Жұппен: Тақырыпты талдай отырып, әр жұп «Борт журналы» әдісі бойынша кесте толтырады.

Нұсқаулық: «Борт журналы» әдісі бойынша кесте толтырыңыз:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?





Оқушылар бұған дейін білген білімдерін кестенің 1 бөлігіне толтырса, 2 бөлігіне жаңа дереккөзден қандай жаңалық алды соны толтырады

ЕББҚ: Мәтіндегі деректерді оқи отырып, дұрыс жауабымен сәйкестендіреді

Сәйкестендіру кестесі

Әбілқайыр Петербургке өз елшілерін жіберді

1731ж 19ақпан

Ресей патшайымы А.Иоанновна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды

1730ж

Жоңғарлар қазақтардың біраз жерін босатуға мәжбүр болды

ХҮІІІ ғ. 20-30ж.ж.

2 тапсырма

Әбілқайыр ханның Ресейге қосылуда Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарын анықтап,кестені толтырыңыздар

Әдісі: «GREAT» формуласы

Түрі: жеке жұмыс

G

Маңызды оқиға





R

Ерекше есте қалатын




E

Тәжірибеден мысал келтіру(себебін анықтау)





A

Болашаққа әсер ету





T

Салдардың қауіптілігі





Дереккөз.Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. Әбілқайырдың Кіші жүзді Ресей құрамына алу туралы хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:

Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.

Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтардан ешқандайда тонаушылық пен өкпеге жол берілмейді. Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер» [22, 90].

Әбілқайыр хан мен басқа да ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау ұшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. Тевкелев бастаған елші-лер жіберіледі.

Қазақ билеушілерін Ресейге бодан болу женінде ант беруге көндіру үшін А.Тевкелевке маңызды саяси өкілеттер беріледі. Сондай-ақ оның елшілігі қазақ жерінде геодезиялық жұмыстар жүргізіп, аймақтың географиялық жағ-дайы, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер жи-науы тиіс болды. Нәтижесінде 1731 жылы 10 қаэанда Ресей бодан­дығын қабылдау және оған адал болу женінде антты бірінші болып Әбілқай-ыр хан, онан соң Бөкенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясы-ның қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді.Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, XIX ғасырдың 50-60- жыл-дарында әскери күш қолдану арқылы аяқталды.

Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8668/
© e-history.kz

ЕББҚ: Мәтінге қарап тарихи диктант толтырыңыз:

1. Қазақ билеушілерін Ресейге бодан болу женінде ант беруге көндіру үшін ................. маңызды саяси өкілеттер беріледі.

2. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде .......... беделді би-сұлтандар мен батырлар болды.

Кілт сөздер: 29, А.Тевкелев.

3 тапсырма

«Бір жағынан, Басқа жағынан» әдісі

Топпен жұмыс

Сыныптың қарама - қарсы қабырғаларына 2 түрлі тұжырым ілінеді.Сынып оқушылары өз таңдаған қабырғаларына барып тұрады.

Бір қабырғадағы тұжырым: «Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдауы дұрыс болды деп есептеймін,себебі.....»

Екінші қабырғадағы тұжырым:

«Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдауы дұрыс болмады, себебі.....»

ЕББҚ: Төмендегі 2 сұрақпен танысып дұрыс жауабының астын сызыңыз:

1.Әбілқайыр хан Кіші жүздің ханы болды иә/жоқ

2. Кіші жүздің Ресей құрамына қосылуы туралы грамотаға А.Иоанновна 1931 ж. 19 ақпанда қол қойды. иә/жоқ


Оқушылар суретте кім бейнеленгенін айтады

Суретті көріп, қандай ой келгенін атайды

Сабақтың зерттеу тақырыбын анықтайды


Сұрақтар негізінде сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады

Мәтін беріледі

(оқушылар мұқият оқып алады)

Дескриптор:

1.ХҮІІІ ғ. қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы бұған дейін білетін 1 мәлімет жазады

2.ХҮІІІ ғ. қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы бұған дейін білетін 2 мәлімет жазады

3.ХҮІІІ ғ. қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы жаңадан білген 1 мәлімет жазады

4.ХҮІІІ ғ. қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы туралы жаңадан білген 2 мәлімет жазады

Оқушылар жауаптарымен сыныппен бөліседі

Сыныптастарының қолдауымен ерекше білімді қажет ететін оқушы мәтін бойынша сәйкестендіру кестесін толтырады

Дескриптор:

1 . ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығындағы маңызды оқиғаны атайды

2 . Осы оқиғадағы ерекше есте қалатын деректі анықтайды

3 . Осы оқиғаның себептерін түсіндіреді

4 .Осы оқиғаның болашаққа әсер етуін тұжырымдайды

5. Осы оқиғаның салдарының қауіптілігіне баға береді

Сыныптастарының қолдауымен ерекше білімді қажет ететін оқушы мәтінге қарап, кілт сөздерді орнына қойып тарихи диктант жазады.

иә немесе жоқ деп дұрыс жауабының астын сызады.

Оқушылардың ұсынған дұрыс жауаптарына мұғалімнің мадақтауы жүргізіледі

«Үздік жұп» номинациясымен бағалау

Оқушының жауабы мұғалім тарапынан қолдау тауып,мұғалімнің мадақтауы жүргізіліп отырады.

«Тамаша», «Керемет»,

«Өте жақсы», «Жарайсың» сөздері арқылы оқушыларды ынтыландырып, жігерлендіріп отырамын.

Мұғалімнің ауызша қолдауы, мадақтауы жүргізіледі.

Оқушының жауабы мұғалім тарапынан қолдау тауып,мұғалімнің мадақтауы жүргізіліп отырады.

Әбілқайыр хан мен оның Ресейге жолдаған өтінішінің алғашқы нұсқасы

https://assembly.kz/sites/default/files/u114/img-20181112-wa0071_0.jpg

Оқулық Қазақстан тарихы 8(7)-сыныбына арнлған оқулық/З.Е.Қабылдинов,Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева, 30-34 беттер

ХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8668/



Сабақтың соңы
5 мин



Мұғалім сабақтың рефлексиясын жазбаша немесе ауызша алуына болады.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді...

Үй тапсырмасы: 9-10параграфты оқу

Оқушыдан күтілетін жауаптар:

Мен бүгінгі сабақта ХҮІІІ ғ.б. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайының күрделі болғандығын,саяси бытыраңқылық, сырттан төнген қауіп-қатерлердің болғанын білдім.

Мен бүгін Әбілқайыр ханның рөліне ене отырып, ауыр кезеңді басынан өткергенін сезіндім.

Мен келесі сабақта, Әбілқайыр ханнан кейінгі қазақ хандығының жағдайы қандай күйде өрбігенін білгім келеді?



Бағалау сындарлы кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады.