Файл: Халы денсаулыы жне денсаулы сатау жйесі туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 221

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде жүргізілетін іріктеуді қоспағанда, осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін қозғайтын құқықтық актілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру туралы талап қоюға;

      12) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;

      13) санитариялық-қорғаныш аймақтарын: жұмыс істеп тұрған объектілер үшін алдын ала (есептік) санитариялық-қорғаныш аймақтарын, белгіленген (түбегейлі) өлшемдерін белгілеуге және олардың өлшемдерін өзгертуге;

      14) жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;

      15) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен, мамандарды тарту қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартуға құқығы бар.

      2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін құжат;


      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

      3) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:

      санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

      жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;

      халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      адамдардың өмірі мен денсаулығына және мекендеу ортасына қауіпті деп танылған жағдайда, шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу туралы қаулылары.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      39-бап 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.


39-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды әлеуметтік қорғау

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақыларына үстемеақыға құқығы бар.

40-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі

      1. Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Эпидемиялық мәні жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тексерулерден босату мерзімдері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

41-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоспардан тыс тексеру түріндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жоспардан тыс тексерулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілерге қатысты жүргізіледі.


42-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

43-бап. Өнiмді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиялогиялық сараптама жүргізу

      1. Өнімді (тауарларды) іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің әкелінуін, өндірілуін, қолданылуын және өткізілуін анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу үшін кәсіпкерлік субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.

      Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.

      Халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған кезде адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      2. Өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша халыққа сәйкес келмейтін өнімді тұтынуға және өткізуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында Сәйкес келмейтін өнім тізілімі орналастырылады.


44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау

      1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары:

      1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес өзі жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;

      2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;

      3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсер етуі туралы анық ақпаратты алу;

      4) уланулардың және инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануы пайда болуының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;

      7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;

      8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы ақпарат беру болып табылады.

      3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.