Файл: Фурманов жалпы білім беретін мектебіні аза тілі мен дебиет пн малімі Байтурина Гульнар Турсыновнаны жмысына пікір.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Фурманов жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Байтурина Гульнар Турсыновнаның жұмысына

ПІКІР

Байтурина Гульнар Турсыновна Фурманов жалпы білім беретін мектепте қазақ тілімен әдебиет пән мұғалімі болып 2010 жылдан бері, бүгінгі күнге дейін қызмет атқаруда. Байтурина Гульнар Турсыновна шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз маманын жетік меңгерген шебер маман. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, әртүрлі ойын жаттығулар өткізіп,оқушыларға қызығушылығын арттыру үшін сабақтарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана біледі.

2018-2019 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мадақтамасымен марапатталды.

2019 жылы «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК Алғыс хатын алды.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы тәрбие жұмысының маңыздылығы тақырыбында іліктілігін арттыру курсынан өтіп сертификат алды.

2020 жылы «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай» жобасы аясында, Абай Құнанбайұлының «Қыс» атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауға дарынды шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат берілді.

2021 жылы өскелең ұрпақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Арқалық қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» мадақтамасымен марапатталды.

2021жылы мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша сабақты жоғары деңгей курсын табысты аяқтады және сертификат берілді.

2021 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» ( бағалау тапсырмаларын орындау және сараптау) тақырыбында педогог кадрлардың біліктілігін арттыру қашықтық курсын аяқтап сертификат алды.

2021 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту ( эссе жазу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі)» тақырыбындағы біліктілігін арттыру бағдарламасы аясындағы қашықтықтан оқыту курсын аяқтап сертификат алды.

2022 жылы өскелең ұрпақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Арқалық қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» мадақтамасымен марапатталды.

Байтурина Гульнар Турсыновна білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген маман.


Мектеп директоры: Р.И.Досмаилова