Файл: арауылкелді орта мектебіні жоары саната аттестацияланушы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарауылкелді орта мектебінің

жоғары санатқа аттестацияланушы

орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сисенова Клара Туралиевна

Педагогикалық эссе

«Менің педагогикалық ұстанымым»

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Оқытудың мақсат- міндеттерін, бағасын білгендіктен өзгереді. Дұрыс жұмыс істеп, басқаларға үлгі бола білу үшін өзгереміз. Қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соның салдарынан олардың тіл байлықтары дұрыс жетілмейді. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін оқушымен жан- жақты дұрыс жұмыстар жүргізілу қажет. Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.Ұлтымыздың мәдениетін сақтап оны келер ұрпаққа жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі құрал болып саналады .Осы заманғы жаңа технология еңбек өнімділігін арттырып ,білім мен мәдениетті өркендете алады .Менің алдыма қойған өзекті мәселем орыс тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып ,оқушыларға теориялық ,практикалық кең төлемде , жан-жақты білім беру:

-Талабы бар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу ;

- Білімді меңгеру жолында іздену ,зерттеу жолдарын ұйымдастыру ;

-Орыс халқының ақын-жазушылары шығармаларының терең идеясын , жаңашылдық нышандарын аңғарту ;

-Оқушылардың танымдық ізденісін ,логикалық ойлауын дамыту ;

-Ауызша және жазбаша әртүрлі көлемде сипатта әртүрлі жанрда шығарма жазуға үйрету ;

Орыс әдебиеті сабағындағы ең басты жұмыстарының бірі оқушылардың шығармаларын қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны түсіне білулері жатады .Осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып , пайдаланамын . Орыс әдебиетін оқытуда сөздік әдіс , көрнекілік әдіс , өзіндік жұмы проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдік , мәнерлеп оқудың орны ерекше . Білімді оқушылардың өз ізденісі , өз еңбектері арқылы алуды ойластыру керек .

Алдыма қойған осы мақсатпен жұмыс жасаймын .

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сисенова К. Т.