Файл: білас Саынов атындаы араанды техникалы университеті нерксіптік клік кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Өнеркәсіптік көлік кафедрасы


СОӨЖ

Тақырыбы:«Темір жол көлігі»

Орындаған:Жомарт.А.Ж

Топ:ОП-22-1с

Тексерген:Умбетжанова.А.Т

2023

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

1.Темір жол туралы жалпы мәліметтер.................................................................4

2.Теміржолдағы техникалық технологияның ұйымдастыруы мен басқарудың негізгі элементтері туралы түсінік. .......................................................................6

3.Теміржол көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.................................9

4.Теміржол көлігінің еліміздегі рөлі....................................................................10

Қорытынды...........................................................................................................12

Пайдалаған әдебиеттер тізімі..............................................................................13


Кіріспе
Темі жол  біздің елімізде көліктіңбасты  түрі,   мемлекетке   деген маңызы зор. Халқаралық байланыстың дамуына, және халықтың, мәдениеттің, жоғарлауына халықттың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті.   Темір жол әр түрілі инжнерлік құрылғылармен техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды локомативті вагондар шаруашылығымен құрылыс, және құрылғы сигналдар электір жабдықтарына байлансты, станция тораптары.

Теміржол көлігі күрделі көп салалы шаруашылық. Оның құрамына теміржол мен кәсіпорындар, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, мәдениет-тұрмыс, медициналық мекемелер, ғылыми және оқу институттары, техникумдар, мектептер кіреді.

Тасымалдау процестерін орындау үшін жылжымалы құрамнан және құрылыстар мен құрылғылардан тұратын теміржолдың техникалық құралдары бар. Олар: бөлім бекеттеріндегі жол тарамдары. Олар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, қарсы қабылдауға, басып озуға, вагондарды таратуға, және сұрыптауға, т.с.с. операцияларды орындауға арналған; жолаушыларды мінгізуге, түсіруге және т.б. қызмет көрсетуге арналған құрылыстар; жүктерді түсіруге, тиеуге, сақтауға арналған құралдар; пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндіріс процестерін жеделдетуге арналған автоматика, телемеханика, байланыс және есептеу техникасының құрылғылары; локомотивтер мен вагондарды жабдықтау мен жөндету құрылыстары; электрмен қамтамасыз ету құрылғылары (бұған қосалқы жетек стансалары және электрлендірілген жолдардағы түйіспе жүйелері кіреді); сумен қамтамасыз ету құрылғылары; материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету құрылғылары.


Теміржол қарамағындағы өнеркәсіп орындарына қызмет көрсететін (вагондарды беру, қайтару және тиеп-түсіру операциялары және басқалары орындалады) аймақтық көлік салаларының аралық қатынасының (шаруашылық есепті) бірлестіктері мен өнеркәсіп орындары кіреді.

Теміржолдардың барлық аймақтарда орналасуына, пойыздардың барлық жағдайда жүйелі түрде жүруін және теміржол конвейерінің барлық бөлімдерінің нақты түрде өзара бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігіне байланысты, олардың жұмыс ерекшеліктеріне лайықты басқару құрылымы да өзіне тән ерекше болады. Бұл құрылымның теміржол көлігін басқаруда негізгі принциптері бар:

а) бір орталықтан басшылық етуді (төменгі органдар жоғарыға бағынады), жол бойындағы бөлімшелерге үлкен хұқықтар мен дербестік беруді үйлестіру ;

б) дара басшылықты сақтау;

в) өндірістік-территориялық принциппен басқаруды ұйымдастыру.

Ол барлық теміржол жүйесінде нақты басқаруды қамтамасыз етуге және бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге мүмкіншілік туғызады.

1.Темір жол туралы жалпы мәліметтер
Темір жол көлігі — рельс жолдары бойынша доңғалақты көлік құралдарымен жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылатын жер үсті көлігінің түрі. Көлік құралы жай дайындалған жер бетінде қозғалатын автомобиль көлігінен айырмашылығы, теміржол көлігі Ол жүретін жолдармен жүреді. Теміржол жолдары, әдетте, металл дөңгелектермен жабдықталған жылжымалы құрам қозғалатын шпалдар мен балластқа орнатылған болат рельстерден тұрады. Алайда, басқа жол құрылғысы да мүмкін-мысалы, жолдар цемент негізіне бекітілген балластсыз жол.

Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы, әдетте, автомобильдерге қарағанда үйкеліске аз қарсылыққа ие, ал жолаушылар мен жүк вагондарын ұзын пойыздарға қосуға болады. Пойыздардағы қозғаушы күш-бұл электр қуатын пайдаланатын немесе өз қуатын өндіретін локомотивтер, әдетте дизельді қозғалтқыштар. Темір жол көлігі оның басқа түрлерімен салыстырғанда қауіпсіз көлік түрі болып табылады. Теміржол көлігі жолаушылар мен жүк ағындарының үлкен көлемін жеңе алады және энергияны үнемдейді, бірақ әдетте көлік желісінің жүктемесі аз болған кезде автомобиль көлігіне қарағанда икемді және капиталды көп қажет етеді.

1960 жылдары Жапонияда және басқа да елдерде электрлендірілген жоғары жылдамдықты темір жолдар пайда болды. Монорельс және маглев сияқты кейбір басқа жер үсті көлік жүйелері мұндай кең қолданысқа ие емес.

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.


Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елек салынды.

1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді. 1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.


1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.

Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).
2.Теміржолдағы техникалық технологияның ұйымдастыруы мен басқарудың негізгі элементтері туралы түсінік.
Техника. Теміржол көлігінің техникасының немесе техникалық құрамдалуының негізін жасанды құрылыстары бар жолдар, станциалар және жолаушылық жүктік және қамтамасыз ету құрылғылары бар басқа да бөлек пункттер жылжымалы құрам, депо, энергиямен қамтамасыз ету құрылғылары, эксплуатациялық жұмысты басқару және қозғалысты реттеуге арналған арнайы құралдар, байланыс құралдары.

Теміржол - бұл, әдетте үйінді немесе ойынды үстіне қиыршықтан, гравиден немесе құмнан жасалған балласты призма орнатылған нақты өлшемдері болатын жер құрлысы. Балласты призманың үстіне белгіленген эпюр бойынша темір бетон, ағаш немесе металл шпалдары орнатылады, ал оларға ерекше қыстырғыштар арқылы болат рельстері бекітіледі. Бұндай конструкцияны классикалық деп атайды.

Трассаны жобалау және құрылыс кезінде темір жолын түзу және көлденең етуге тырысады, ал оған жеткізуге мүмкін болмағанда профиліндегі қатты еңістікті және планының домалануын болдырмауға тырысады. Еңістік қатты болған сайын және қисықтықтардың радиустары аз болған сайын қозғалысқа қарсы кедергі көп болады, әрі басқа да бірдей жағдайларда пойыздың массасы және оның қозғалыс жылдамдығы аз болады, яғни өткізу және тасымалдау қабілеттілігі аз болады.

Жасанды құрылыстарға көпірлер, тоннельдер, жолаушы және жүк платформалар тіреуіне дуалдар, су өткізгіш трубалар және т.б. жатады. Аталған құрылыстардың барлығы жолдық габарит немесе құрылыстардың жақындау габаритіне байланысты соғылады. Бұл габариттің өзі тұрақты құрылыстардың кез-келген бөлігі кірмеуі керек, шектеулі белгілерді білдіреді. Теміржолдағы негізгі желілерде бұл габариттің максималды биіктігі 6400 мм, ал ені 4900 мм болады. Жолдық габарит барлық жылжымалы құрамның темір жолдағы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Оның белгіленген габариттер арасындағы керекті қашықтықты белгілейтін өзінің максималды биіктігі 5300 мм және ені 3600 мм габариті болады. Тез арадағы жолды жөндеу және оған қызмет көрсету үшін әртүрлі жолдық машиналардың үлкен паркі қызмет етеді.


Станциялар және басқа да бөлек пункттер аралықтар деп аталатын теміржолды бөліктерге бөледі. Сонымен қатар станциялар теміржол көлігінің негізгі өндіріс бөліктері болып саналады және көбінде оның жұмысының көлемімен сапасын анықтайды. Станциялардың бес негізгі түрлері болады: аралық, бөлімшелік, сұрыптау, жолаушы, жүктік. Аралық станциялар ең минималды жол құрлымы болады ( басынан басқа екі-үш станциялық жол); жолаушыларға қызмет көрсету үшін арналған кішкентай жолаушы ғимараты (билет кассасы мен күту залы бар). Жүктерді тиеу мен түсіруге және сақтауға арналған шамалы жүк шаруашылығы. Аралық станциялар әдетте 100-150 км сайын салынады. Олардың 10-20 жолы болатын жолдың шаруашылығы, құрамдау құрылғылары бар локомотив депосы. Салыстырмалы түрдегі дамыған жүк және жолаушы ғимараттары болады. Сұрыптау станциялары әдетте көлемді жүк ағындарын сұрыптауға арналған пункттерде соғылады.

Оларға: үлкен далалардың өндірістік орталықтары, негізгі ағындардың қиылысу және тармақталу нүктелері жатады. Олардың негізгі қызметіне станциядан өтетін барлық пойыздардың құрастырылуы мен ажыратуы жатады. Өзінің қызметін атқару үшін сұрыптау станциялары 50-100 және одан да көп жолы болады.

Жолаушы станциялары үлкен қалаларда соғылады және негізінен жолаушыларға қызмет көрсету үшін арналады. Бұл станциялардың ірі жол құрлысы, бөлімдері мен құралдардың кешені бар арнайы вокзалы жолаушы пойыздардың локомотивтеріне қызмет көрсетуге арналған локомотив шаруашылығы, жөндеу базасы бар вагон шаруашылығы болады. Жүк станциялары негізінен үлкен көлемде жүктерді тиеу түсіруге арналған болады

Жүк станциялардың үлкен жол құрлысы болады және олар өндіріс, сауда, ауыл шаруашылық және басқа да мекемелердің кірме жолдарымен байланысады.

Белгілі бір көлемде тек техникалық емес әрі комерциялық операцияларды орындайтын станциялардан басқа тек техникалық функцияларды орындайтын бөлгіш пункттер болады. Оларға қарама-қарсы пойыздардың қиылысуы болатын бір жолды линиялардағы басып озу пункттері жатады.

Теміржолдардың жылжымалы құрамына локомотивтер және өзі қозғалатын біліктер мен вагондар жатады.

Локоматив - бұл вагондардың қозғалысын қамтамасыз етуге арналған негізгі белсенді бірлік. Қозғалтқыш түріне байланысты олар былай бөлінеді:

Қазанның буының көмегімен жұмыс істейтін поршенді машиналы қозғалтқышы бар паравоздар;

Күш қондырғысы ретінде іштен жану қозғалтқышы қолданатын тепловоздар;

Теміржол желісінің үстінде ілінген контакт сымдарынан тұрақты немесе айнымалы токпен жұмыс істейтін элетр қозғалтқышы бар электровоздар;