Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




МАГИСТРЛІКДИССЕРТАЦИЯ





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


ӘОЖ 372.854 Қолжазба құқында

Ералы Еңлік Асхатқызы
Тақырыбы.Химияны оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру


  1. 7М01541– Химия БББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., доцент

Ермаханов М.Н.




Ш ымкент, 2023

МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер ................................................................................ 4

Анықтамалар .................................................................................................. 5

Өрнектеулер мен қысқартулар .................................................................... . 6

Кіріспе ............................................................................................................. 7

1 тарау. Теориялық бөлім. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың ойындық әдістері – инновациялық оқыту формасы ретінде ............................. 8

1.1 Химия курсындағы ойындық жүйе орны және оның психологиялы-педагогикалық міндеттері ................................................................................... 8

1.1.1 Ойындық технология – заманауи инновациялық оқыту әдісінің жаңаша түрі .......................................................................................................... 10

1.1.2 Оқу іскерлік ойын түрлері мен оларды қолдану мүмкіндіктері .... .11

1.1.3 Ойындық әдістер арқылы химия сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін реттеу .............................................................................. 12

1.2 Химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану----------------- 15

1.3 Оқу процесінің тиімділігін арттырудағы ойынның рөлі.------- 18

1.4.Дидактикалық ойынды дамыту технологиясы "не? Қайда? Қашан?»---19

1.5 Оқу процесінде ойын технологияларын қолдану нәтижелерін талдау----20

1.6 "Химиялық реакция теңдеуі" ұғымын қалыптастыру әдістемесі

1.7 Ғылыми-білім беру саласындағы инновация----------------------- ---- - 23

1.8 Майлар тақырыбы .................................................................................-----. 26

1.8.1 «Майлар» тақырыбы бойынша әдістемелік жасалымдар ............... 35

1.8.2 «Майлар» тақырыбындағы дидактикалық тапсырмалар............... 39

2 тарау. Эксперименттік бөлім ................................................................... 42


2.1 Әдістемелік жасалымдар ....................................................................... 42

2.2 «Сөйлемді аяқтаңдар» бақылау тапсырмаларының тізімі ................. 51

2.3 Алынған нәтижелерді талдау ................................................................ 52

Қорытынды ................................................................................................... 56

Түйіндемелер ................................................................................................ 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................... 60





НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасының 2.1-2000 стандарты. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Терминдер және анықтамалар;

Қазақстан Республикасының 003. 1 2008 жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім беру;


Қазақстан Республикасының 2.1 – 2000 стандарты. Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі;

Қазақстан Республикасының 9001-2001 ИСО стандарты. Сапалық менеджмент жүйесі. Қойылатын талаптар.




АНЫҚТАМАЛАР
Бұлдиссертацияда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер қолданылды:

Ойынның жаппай формасы – бірмезгілде көптеген адамдар басшылыққа алатын ортақ мақсатпен тура және кері байланысқан тираждалған бірлік ойын;

Оңтайландыру (оптималдандыру)– бұл көптеген мүмкін нұсқалар арасынан ең үздік нұсқаны таңдау үдерісі;

Сабындар –жоғарғы майлы қышқылдардың тұздары;

Май – бұл глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирі;

Этерификация–қышқылдармен спирттердің әрекеттесуі нәтижесінде күрделі эфирлердің түзілу реакциясы;

Липаза– майларды ыдыратушы ферменттер.




ӨРНЕКТЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ОТҚ – Оқытудың техникалық құралдары;

ІО – Іскерлік ойындар;

АКТ – Ақпараттық компьютерлік технологиялар;

R – Көмірсутектік тізбектегі радикал;

МПа– Қысым өлшемі.

К іріспе
Оқушыларда: - Экономистке, электрмен дәнекерлеушіге, электр монтаждаушыға, есепші мен заңгерге химияны оқыту не үшін қажет? – деген сұрақ әрқашан туындайды. Химия бойынша әлсіз білім нәтижесі ретінде кейін химиямен байланысты арнайы пәндерді игеру кезінде қиындықтар пайда болады.


Сонда ғана оқушы өзіне жүктелген міндеттерді шешіп, қажетті ұжымдық еңбек дағдысы мен машығына ие болады. Осы негізде қажетті сапалық белгілердің қалыптасуы жүреді.

Сондықтан, таңдалған диссертациялық жоба тақырыбы зинновациялық оқыту әдісі ретінде оқытудың ойындық формаларының дидактикалық мүмкіндіктерін орта мектептің органикалық химия сабақтарында қолдану негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту әдітемелік тұрғыдан өзекті болып табылады.

Зерттеу нысаны – Орта мектепте органикалық химия бойынша сабақтар ұйымдастырудағы ойындар.

Зерттеу пәні – химияны өтуде оқушылардың танымдық іс-әрекетінеинновациялық әдіс ретінде ойынның тигізер ықпалы.

Зерттеу мақсаты – органикалық химия пәнін өту арқылы оқушылардың танымдық іс-қимылын арттыру және ойындармен ұтымдарды қолдану арқылы педагогикалық жағдайларды талдау .
Зерттеу жорамалы:

- егер орта мектепте органикалық химияны оқыту кезінде оқу үрдісінің кейбір формаларында инновациялық әдіс ретінде ойындарды қолданса, онда бұл оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігініңжоғарылауы мен олардың химияны меңгеру деңгейінің артуына мүмкіндік береді.

Зерттеу мен жорамалды тексеру мақсатына жету үшін алға келесі міндеттер қойылды:

а) әдеби көздер талдауын жүргізіп, органикалық химияныоқыту кезінде оқу үрдісінде оқытудың ойындық әдістерінің жүйелі орнын анықтау;

1 тарау. Теориялық бөлім. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың ойындық әдістері – инновациялық оқыту формасы ретінде
Түрлі ақыл-ой тапсырмаларын шешетін сан-алуан ойындық әрекеттер оқу пәніне деген қызығушылықты арттырып, жоғарылатады.

«Қолданбалы» терминін терең түсіну Н.И.Лобачевский бойынша, ол – зейінді қоздыру мен қолдаудың қажетті құралы, онсыз оқыту тиімділігі артпайды. Заманауи дидактика сабақта оқытудың ойындық формаларын қарастыра отырып, олардағы педагог пен оқушылардың тиімді ұйымдасу мүмкіндігін, шынайы қызығушылық пен оларға тән сайыстық элементтерін дұрыс талдайды.

Олар ойынға қатысушы ретінде ұстазының ақпаратын жақсы меңгереді, былайша айтқанда, педагог шынайы ақпарат тасушы ретінде ойната алуы тиіс [3].

Ойында оқушының ойлау мен пайымдау ерекшеліктері, белсенділігі мен қатынастағы дамушы сұранысы ерекше көрініс береді... Ойын – бұл балалар өз құрдастарымен қатынасқа түсетін өзіндік әрекет. Оларды ортақ мақсат, жетістікке жетуге деген бірлескен әрекет біріктіреді.. Ойын ерекше маңызға ие болып, ол сабақтардағы оқытумен, күнделікті өмірдегі бақылаулармен тығыз байланысты болады. Ол ойын міндеттерін өз бетінше шешуге, ойға алған межені жүзеге асырудың ұтымды тәсілін табуға және оларды сөзбен білдіруге үйретеді. Тұлғаның психикалық дамуы мен қалыптасуы үшін ойын маңызын зерттеу өте қиын. Мұнда балалар өмірінен ойындық әрекетті бөліп алуға және бұл кезде даму үдерісінің қалай жүретіндігін байқауға болмайтындықтан, таза эксперимент жүргізу мүмкін емес. Баланың мотивациялық-қажеттілік сферасы үшін ойын маңызы ерекше болып табылады. Д.Эльконин жұмыстарына сай, мотивтер мен қажеттіліктер мәселесі бірінші жоспарға шығады.


Ойын үрдісі оның белсенді қатысушысының сапасының қалыптасуына мүмкіндік беріп, шешімдерді тауып, қабылдауға үйретеді, түрлі жағдайларда көрініс беретін қабілеттіліктерді дамытып, саналылыққа, әрекет шапшаңдығына үйретеді. Қатынас жасау, байланыс орнату мен ерекше эмоциялық орта жасау дағдысына жетелейді.
1.1 Химия курсындағы ойындық жүйе орны, оның психологиялы-педагогикалық міндеттері мен ойын түрлері
Жасөспірім үшін мұғалім сөзіне қарағанда, құрдас сөзінің маңызы жоғары екендігі белгілі. Жұмыстағы сайысу, кеңес алу мүмкіндігі, уақыттың қатты жетіспеушілігі – осы барлық ойындық элементтер оқушылардың оқу әрекетін белсендіріп, пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады.

Соңғы уақытта оқытудағы электронды-тесттік және компьютерлік ойындарға үлкен маңыз берілуде. Тестілеу білімді тексерудің үйреншікті формасы болып, мұнда ойындық форманы қолданады. 7-ден 11 сыныпқа қарай ойын қиындай түседі.

Ойын критерийлері:

1. Ойын бір сабаққа есептелуі тиіс.

2. Ойын ережелерді түсінуде күрделі болмауы қажет.

3. Ойын рухани тұрғыдан ескі болмауы керек.

4. Ойын барлық оқушыны қамтитындай жаппай болуы тиіс.

5. Бағалар жеңіл қойылып, оқушылар қорытынды бағаның қайдан шыққандығын білулері тиіс.

6. Ойын қызығушылықты төмендетпейтіндей, динамикалық түрде болуы тиіс.

Ойын үдерісінде оқушыларда туындайтын оң эмоциялар олардың асқынжүктелу жағдайларының алдын-алып, коммуникациялық және танымдық дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ойын оқушыларда жүктелген істі орындау жауапкершілік сезімін, ұжыммен және жеке жұмыс жасау дағдысына тәрбиелеудің тамаша құралы. Ол танымдық әрекеттің белсенуіне, ұйымдастырушылық және басқа да қабілеттердің байқалуына жол ашады.

Дәріс, пікірталас және жазбаша жұмыс секілді дәстүрлі әдістермен оқыту және тәрбиелеу оқушылардың фактілік материал білімі мен маңызды теориялық қағидаларды игеруге ұтымды көмектессе де, бұл әдістер екі қатынаста жетілмеген болып табылады.. Рөлдік ойынның артықшылықтары (Чеслер мен Фокс бойынша):

1. Оқушының жасырын сезімдерді көрсетуіне көмектеседі.

2. Оқушының айналадағылардың сезімі мен олардың мотивациясын ұғынуына ықпал етеді.

3. Алуан әрекет түрлерінде жаттығуға мүмкіндік береді.

4. Жалпы әлеуметтік мәселелер мен топтық әрекеттестік динамикасын көрсетеді.

5. Академиялық жазба материалды жылдам
, әрі тікелей ұсынуға мүмкіндік береді.

6.Мотивтеуші және тиімді әдіс саналады.

7. Оқушы үшін де, ұстаз үшін де кері байланысты қамтамасыз етеді.

8. Топ мазмұн мен қарқынды бақылай алады.

. Жарыс-ойынматериал мазмұнына байланысты мұғалімнің ойынға қарапайым қолданбалы материалды емес, оқу бағдарламасының барынша күрделі сұрақтарын енгізуіне мүмкіндік береді. Оның басқа дидактикалық ойын түрлері алдындағы негізгі педагогикалық құндылығы мен артықшылығы осында.

Оқытудың шынайы практикасындабарлық ойын түрлері жеке, әрі бір-бірін толықтырушы ретінде болуы мүмкін. Әрбір ойын түрі мен олардың сан-алуан бірігулерін қолдану оқу материалының ерекшелігімен, оқушылардың жас ерекшеліктерімен және басқа да педагогикалық факторлармен анықталады.

1.1.1 Ойындық технология – заманауи инновациялық оқыту әдісінің жаңаша түрі

Сабақтың ойындық формасы оқушыларды оқу әрекетіне ояту мен ынталандыру құралы ретіндегі ойындық әдістер мен тәсілдердің көмегі кезінде жасалады.

Ойындық технологиялардың концепциялық негіздері:

• Ойындық әрекеттің психологиялық механизмдеріөздік өрнектеудегі, өздік бекітудегі, өздік анықтаудағы, өздік реттеу мен өздік жетілудегі тұлғаның іргелі сұраныстарына сүйенеді.

• Ойын– психогендік әрекет формасы (Д. Узнадзе).

• Ойын– баланың «іштей әлеуметтену» кеңістігі, әлеуметтік жағдайларды игеру құралы (Л. Выготский).

• Ойын– елестетудегі тұлға еркіндігі, «іске аспаған қызығушылықтардың иллюзиялық түрде жүзеге асуы» (А. Леонтьев).

• Ойынға қосылу қабілеті адамның жас ерекшелігімен байланысты болмағанымен, ойын әрбір жаста өзіндік ерекеліктерге ие.

• Бала ойындарының мазмұны негізгі мазмұны болып заттық әрекет табылатын ойындардан адамдар арасындағы қатынасты көрсететін ойынға қарай дамиды.

Бұл кезде ойындық сюжет оқудың негізі мазмұнына параллелді түрде дамып, оқу үрдісін белсендіруге көмектеседі. Іскерлік ойын жаңа материалды игеріп, меңгерудің, шығармашылық қабілеттіліктерді дамытудың кешенді міндеттерін шешу үшін қолданылып, оқушылардың әртүрлі ұстанымға ие оқу материалын ұғынып, игеруіне мүмкіндік береді.

.

Операциялық ойындар. Олар нақты спецификалық операциялардың, мысалы, шығарма жазу, есеп шығару, үгіт және насихат жүргізу әдістемесінің орындалуына көмектеседі. Операциялық ойындарда сәйкес жұмыс үдерісі моделденеді.