Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эксперименттік бөлім. Майлардың химиялық қасиеттері.

Мұғалімнің сөзі:Балалар, біз майлардың физикалық қасиеттерімен таныстық, енді олардың химиялық қасиеттерін зерттеуге өтейік.

Майлардың химиялық қасиеттері олардың күрделі эфирлер класына жатуымен анықталатындықтан, олар үшін қандай реакция тән?

Оқушылар: Гидролиз реакциясы.

Мұғалім: Күрделі эфирлердің гидролизі қандай ортада жүреді?

Оқушылар: Қышқылдық және сілтілік орталарда.

Мұғалім: Күрделі эфирлердің гидролиздену реакциясы майлар үшін де тән, өйткені олар өздерінің химиялық құрылысы бойынша күрделі эфирлер болып табылады.

(Бұл реакция ұзақ уақыт жүретіндіктен, оны оқушылардың жеке тобы орындап, кейін осы тәжірибе бойынша есеп жазады. Тапсырма кеспе қағазында беріледі.

1 тәжірибе. Диаметрі 5-6 см кішігірім фарфор кесешеге бюреткадан костор майының тура 1 мл мен 0,2 мл (4 тамшы) 35%-дық күйдіргіш натр ертіндісін құямыз.

Толықтай біртекті эмульсия түзілгенше сілтіні маймен кішігірім шыны таяқшамен араластырыңдар.

Күнбағыс майынан ерекшелігі, кастор майының тұтқырлығы жоғары болып, салқын температураның өзінде-ақ, сабындала бастайды, ал оны сілтімен араластыру кезінде майдың қоюлануы бойынша – эмульсия түзілуі орын алады.

Кейін, кесені асбест торы бар сақинаға қойып, торға кішігірім жалын тиетіндей спирт шамының жалынында қыздырыңдар. Кесешені сынауықұстағышпен ұстай отырып, ұдайы шыны таяқшамен араластырыңдар. Масса қоюлана бастаған кезде, тамызғышпен 2 мл дистелденген су құйып, сабындық желім деп аталатын біртекті, азғана сарғыш түсті мөлдір сұйықтық түзілгенше, қайтадан ұзақ уақыт араластырыңдар. Сабындық желім таяқшаға жабысқанша, суды булауды жалғастырып, соңында кесешеден таяқшаны суырып алғаннан соң, ақ түсті қопсыңқы пластиналар түрінде жабыспайтын болады. Кесені оттан алыңдар. Егер қайнау қалыпты жүріп, май күймесе, онда ақ түсті қатты сабынның кішігірім кесегі алынады.

Осы тәжірибемен параллелді түрдесыныпқа келесі тәжірибені жасауды ұсынуға болады.

Мұғалім: Зерттеу тобы жеке тпсырманы орындап болғанша, балалар біз келесі тәжірибені жасайық.

Мұғалім: Дұрыс, онда осы тәжірибені жасап көрелік.

2 тәжірибе. Үш сынауыққа май құйып, әрқайсысына: «Мезим», «Фестал» және «Гастал» таблеткаларының (алдын-ала фарфор келіде ұсақталған) ұнтағын себеміз.

Мұғалім: R1,R2 және R3радикалдары бірмезгілде әртүрлі карбон қышқылдарының түзілетіндігін көрсетеді.

Бұл реакция сілтілік ортада жүретіндіктен, мұны «зерттеуші-оқушылар» жасайды. Олардың не алатындығын көрейік!


Оқушылар: Реакция нәтижесін көрсетіп, реакция теңдеуін жазады.

Мұғалім: Сілтілік ортадағы майлар гидролизін сабындану деп атайды, өйткені, жоғарғы карбон қышқылдарының натрийлік тұздары түзілетіндіктен, олар сабындар деп аталады.

Майлардан құрылысы әртүрлі 300-дей карбон қышқылдары табылғанымен, олардың көпшілігі азғана мөлшерде болады. Мұны қалай дәлелдеуге болады?

Оқушылар: Қанықпаған көмірсутектерге сапалық реакция бар – бұл бром суымен және калий перманганатымен әрекеттестіру.

Оқушы: Балалар, сендердің үстелдеріңде зерттелуші материал (маргарин, балық майы, кулинариялық май, сары май және басқалар) тұр. Майлардың қанықпаған сипатын қалай дәлелдейсіңдер?

3 тәжірибе. Сынауыққа 2-3 тамшы май құйып, 1-2 мл бром суын қосыңдар.Барлығын шыны таяқшамен араластырыңдар.

Күтілетін нәтиже: егер май құрамындақанықпаған карбон қышқылдарының қалдықтары болса, онда бром суының түссізденуі жүреді. Маргарин құрамында қаныққан карбон қышқылдарының қалдықтары болғандықтан, қанықпаған көмірсутектер қасиетін көрсетпейді.

Мұғалім: Балалар бізге майлар қолданысы бойынша маңызды соңғы сұрақ қалды.

Оқушы озық тапсырма ретінде осы сұрақ бойынша презентация орындайды.

Мұғалім: Біз бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік?

Белгіленген жоспар орындалды ма? Тексерейік.

Сұрақтарға жауап берейік

Сұрақтар

1. Қандай заттар көмегімен майлардың глицерин мен карбон қышқылдарына ыдырауы жақсарады? (ферменттер).

2. Майларға тән реакция қандай? (гидролиз).

3. Майлар құрамына кіретін жоғарғы карбон қышқылдарының тұздары қалай аталады? (сабындар).

4. Май молекуласының құрамына кіретін затар? (глицерин).

5. Судағы май ертіндісі не деп аталады? (эмульсия).

6. Сұйық майлар бұлар - ... ? (негізінен өсімдік майлары).

7. Табиғи майларда қанықпаған қышқылдар: ... формасында кездеседі? (цис-).

8. Майлар құрамын кім алғаш зерттеді? (Шеврель).

9. Майларға сапалық реакция? (бромдау).

10. Қатты май (маргарин).

11. Майлар тотығуының соңғы өнімі (көміртегі дитотығы).

12. Майлардан глицеринді, карбон қышқылдары мен сабын алу үшін қажет реакция? (сабындану).

Қорытындылау.

Үй тапсырмасы.


1.8.2 «Майлар» тақырыбындағы дидактикалық тапсырмалар
Майлар

1. Жоғарғы май қышқылының мысалын (формуласы мен атауын) жазыңдар:

а) қаныққан __________________________

ә) қанықпаған _____________________

2. Майлардың жалпы құрылымдық формуласы мен анықтамасын жазыңдар:

Майлар – бұл ______________________

мұндағы R - _______________________


Майлар

/ \

__________________ ___________________

/ \ / \


2 сурет - Майлар жіктемесі
3. Майдан маргаринді қалай алатындығын көрсетіңдер:

_____________________________________________
4. Майдан сабын алу үрдісінің негізгі сатыларын көрсетіңер:

_____________________________________________
Қай жағдайда сұйық, ал қай жағдайда қатты сабынның алынатындығын түсіндіріңдер:___________________________________________
5. Майлар қасиеттері – қолданылу облысы бірізділігін алу үшін бос орындарды толтырыңдар:

А) ___________________________ - тағаммдық өнім;

Ә) ___________________________ - глицерин өндірісі;

Б) еріткіш - ____________________________________

В) сұйық майларды гидрлеу - _____________________
6. Тірі ағзалардағы майлар функцияларын көрсетіңдер:

______________________________________________

______________________________________________
«Майлар» тақырыбындағы кроссворд

Көлденең бағытта:3. Күрделі эфирлердің түзілуіне алып келетін спирттермен карбон қышқылдарының әрекеттесу реакциясы. 4. Жоғарғы карбон қышқылдары мен жоғарғы бірнегіздік спирттердің күрделі эфирлері. 8. С17Н33СООН қышқылының атауы. 10. Кашалот «балауызы». 11. Органикалық зат, глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. 12. С15Н31СООН қышқылының атауы.

Тік бағытта: 1. Стеарин қышқылының тұзы. 2. Сумен күрделі эфирлердің реакциясы, этерификацияға кері реакция.5. Сілтілік ортадағы эфирлер гидролизі. 6. Күкірт қышқылы қатысында С3Н7СООН және С2Н5ОН әрекеттесу өнімі. 7. Қатты май, өсімдік майларын гидрлеу өнімі. 9. Май қышқылының метилдік эфирі молекуласындағы көміртегі атомдарының саны.

2 тарау. Эксперименттік бөлім
2.1 Әдістемелік жасалымдар
Орта мектептің органикалық химия курсында «Майлар» тақырыбы бойынша сабақтар төмендегідей инновациялық ойындық оқыту сабақтарын қолдануға болады. Көрсетілген ойындық сабақ түрлері сабақты қызықты, әрі тартымды етіп ғана қоймай, сонымен бірге, олар оқушылардың тақырып бойынша теориялық білімін, практикалық машық-дағдыларын жоғары деңгейде ұштастырып, жетілдіреді.


1 сабақ. «Қызықты лото» ойын-сабағы

Ойынның шарты:ойынға бес топ қатысады.Әрбір топ он сұрақ нөмірі көрсетілген кеспе қағаздарды алады. Мұғалім немесе ойынды жүргізуші қаптан нөмірі бар бөшкелерді алады. Кеспе қағазында осы нөмір бар топ жауап беруге құқылы. Егер жауап дұрыс болса, онда топ бөшкені алып, оған кеспе қағазындағы сәйкес нөмірді қояды. Ал егер, топсұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда бөшке жүргізушіде қалып, жауап беру құқығы дұрыс жауап үшін жетон алатын басқа топқа беріледі. Бұл жетонмен қаптан шығарылып, жүргізушіде қалған бөшкелерді сатып алуға болады. Кеспе қағаздарының барлық нөмірлері бар бөшкелерді бірінші қойған топ жеңеді. Бұл ойынды «Майлар» тақырыбын қайталау немесе қорытындылау сабақтарында жүргізуге болады.

«Аукцион» ойын-сабағы

Саудаға «Майлар» тақырыбы бойынша тест түріндегі тапсырмалар шығарылады. Ойынға 3-5 топ қатысады. Кодоскоп немесе интерактивтік тақта көмегімен экранға «Майлар» тақырыбындағы бес тесттік тапсырмасы бар № 1 лот шығарылады (тапсырманы алдын-ала тақтаға, плакатқа, жазуға немесе дайын мәтіндерді пайдалануға болады):

1.Майлар – бұл…

а) көпатомды спирттер;
б) күрделі эфирлер:
в) карбон қышқылдары;

г) линоль қышқылы.

2. Жануар майларының құрамына қандай заттар кіреді?

а) глицерин;
б) этанол;
в) пальмитин қышқылы;
г) стеарин қышқылы.
3. Өсімдік майлары үшін қандай реакциялар тән?

а) гидролиз;
б) орынбасу;
в) гидрлену;
г) дегидрлену.

4.Өсімдік майларының гидролизі кезінде қандай заттар түзілуі мүмкін?

а) линоль қышқылы;
б) глицерин;
в) құмырсқа қышқылы;
г) олеин қышқылы.
5. Жануар майлары үшін қандай реакциялар тән?

а) сулы гидролиз;
б) гидрлену;
в) қосып алу;
г) сабындану.

Бірінші топтапсырманы таңдап, оған 1-ден 5-ке дейін балл береді. Егер, бұл топ бағасы басқа топтар берген бағалардан жоғары болса, онда топ тест-тапсырманы алып, оған жауап береді. Қалған тесттік тапсырмаларды басқа топтар сатып алады. Егер, тестжауабы дұрыс табылса, топ ұпай жинайды. Бұл қарапайым ойынның артықшылығы мынада: оқушылар тапсырмаларды таңдау кезінде барлық бес тесттік тапсырманы салыстырып, оларға жауап береді.

«Лабиринт» ойын-сабағы(«Майлар» тақырыбы, бөлімі бойынша білімді тексеру).

Сынып 3-5 топқа бөлініп, мұнда әрбір топ қабілеттері түрлі балалардан құрылады.Сыныпқа саны таңдалған сабақ материалдарына сай үстелдер қойылады. Үстелдерге нөмірлер беріліп, мұнда әр ойыншы үшін тесттік тапсырма сұрақтары әртүрлі болып, олар оқушылар қабілетіне сай 3-деңгейде құрылады да, конверттегі тапсырмалар нөмірленіп, әр оқушы өзінің тапсырмасының нөмірін біледі.


Балалар жеребе тартып, кімнің қай үстелге отырып, қандай сұраққа жауап беретіндігін анықтайды. Әр үстелде сарапшы (ол тесттік тапсырма нұсқасының дұрыстығын тексеретін осы сыныптың үздік оқушысы болуы да мүмкін). Тест тапсырмаларының дұрыс кілті көрсетілген бақылау шаблоны бар әр үстелдегі әрбір сарапшы әрбір оқушының жеке қағазындағы әрбір жауап берілген тест үшін балды есептеп, параққа қол қойып, оны тиісті топ қорындағы балдарға қосады.

Ең жоғары балл жинаған топ жеңіске жетіп, әрбір оқушыға олардың жеке жауап қағазы бойынша журналға баға қойылады. Әрбір топ пен ондағы топ мүшелері үшін келесідей тесттік тапсырмаларды ұсынуға болады:

І топ:

1 оқушы: К.Шееле (швед ғалымы)«майлы қантты»алғаш рет қай жылы ашты?

А) 1779 ж;

Б) 1797 ж;

В) 1777 ж;

Г) 1799 ж.

2 оқушы: Глицерин+стеарин қышқылы→...

А) Тристеарин;

Б) Трипальмитин;

В) Триалайн;

Г) Стеарин.

3 оқушы:Мына ғалымдардың қайсысы майларды алғаш рет синтездеді?

А) Бутлеров;
Б) Бертло;
В) Шееле;
Г) Шеврёль.

4 оқушы: Мына өнімдердің қайсысын майлардан алады?

А) сабын;
Б) глицерин;
В) пластмассалар;
Г) маргарин.

5 оқушы:СН2ОСОС17Н31. Мына май қалай аталады?

А) Трилинолейн;

Б) Тристеарин;

Б) Трипальимтин;

В) Триолейн.

ІІ топ:

1 оқушы: М.Шеврель (француз ғалымы) майлар құрамын қай жылы анықтады?

А) 1811 ж;

Б) 1801 ж;

В) 1810 ж;

Г) 1800 ж.

2 оқушы: Глицерин+пальмитин қышқылы→...

А) Трипальмитин;

Б) Тристеарин;

В) Триалайн;

Г) Лаурин.

3 оқушы:Адам ағзасындағы майларды ыдыратушы ферменттер қалай аталады?

А) амилаза;
Б) өт;
В) липаза;
Г) протеаза.

4 оқушы: СН2 – ОСОС17Н31. Мына май қалай аталады?

А) Триолейн;

Б) Тристеарин;

В) Трилинолейн;

Г) Трипальмитин.

5 оқушы: С12Н24О2.Мына май қалай аталады?

А) Лаурин қышқылы;

Б) Миристин қышқылы;

В) Пальмитин қышқылы;

Г) Стеарин қышқылы.
ІІІ топ:

1 оқушы: М.Бертло (француз ғалымы)майды қай жылы синтездеді?

А) 1854 ж;

Б) 1845 ж;

В) 1855 ж;

Г) 1844 ж.

2 оқушы: Глицерин+олейн қышқылы→...

А) Триалейн;

Б) Тристеарин;

В) Трипальмитин;

Г) Арахидон.

3 оқушы: Мына ғалымдардың қайсысы майларды зерттеумен айналысты?

А) Бертло;
Б) Шеврёль;
В) Бутлеров;
Г) Шееле.

4 оқушы: СН – ОСОС17Н31. Мына май қалай аталады?

А) Триостеарин;

Б) Трилинолейн;

В) Триолейн:

Г) Трипальмитин.

5 оқушы: С20Н40О2. Мына май қалай аталады?