Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

А) Арахин қышқылы;

Б) Тетрадецен қышқылы;

В) Арахидон қышқылы;

Г) Миристин қышқылы.
2 сабақ. «Брейн-ринг» ойын-сабағы (X сынып).

Ойын барысы

Жүргізуші әр топтан әрбір сұраққа жауап беру үшін 1 минуттан кететіндей етіп, ойын сұрақтарын есептейді. Жауап беруге дайын топ белгі беріп, жүргізуші рұқсатымен жауап береді. Егер, бұл топ жауабы қате болып, бір минут аяқталмаса, онда қалған топтардың талқылауды жалғастырып, дұрыс жауабын беруіне рұқсат етіледі. Егер, дұрыс жауапты бұл топтар да бере алмаса, онда сұрақ алынып тасталынады. Әрбір жауап бір балмен есептеледі.

Ойын сұрақтары:

1. Карболқышқылы (Фенол).

2. Үшатомды спирт (Глицерин).

3. Алты атомды спирт, глюкозаның тотықсыздану өнімі (Сорбит).

4. Майлардың энергетикалық функциясы қандай? (1 г май – 38-9 кДж энергия).

5. Глицерин мен майлы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері (Майлар).

6. Майлардың қорғаныштық функциясы (Термореттеу).

7. Майлардың жасушалық жарғақ құрамындағы атқаратын функциясы (Құрылыс функциясы).

8. t > 140 °С кезінде спирттерді молекулааралық дегидраттау кезінде түзілетін заттар (Жай эфирлер).

9. Майлар – күрделі эфирлер ие негізгі реакция (Гидролиз).

10. Жоғарғы карбон қышқылдарының натрийлік немесе калийлік тұздары (Сабын).

11. Май мен сілтінің әрекеттесу өнімдері (Глицерин және сабын).

12. Қышқылдармен спирттердің әрекеттесуі нәтижесінде күрделі эфирлердің түзілу реакциясы (Этерификация).

13. Дәрілік маңызы бар майлар (Балық майы, зәйтүн майы).

14. Майлар гидролизі кезінде түзілетін заттар (Су, құмырсқа қышқылы, этанол).

15. Майлардың ыдырауы асқорыту жүйесінің қай бөлігінде жүзеге асады (Аш ішек).

16. Майларды ыдыратушы ферменттер қалай аталады (Липаза).

17. Қатайтылған майлар (Саломас).

18. Синтетикалық майлы қышқылдар (канифоль, нафтен қышқылы, таллов майы).

19. Майлардың шығу тегі бойынша жіктелуі (Жануар және өсімдік текті).

20. Майлар қандай класқа жатады (Липид).

Қорытынды жасау.

Сабақты жасау кезінде [36-38] әдебиеттер пайдаланылды.
3 сабақ. «Бақытты жағдай» викторина-сабағы

Гейм сұрақтарының мысалдары:

1. Майлар жақсы еритін еріткіштер(Органикалық еріткіштер).

2. Майлардың спиртте ерігіштігі (Нашар ериді).

3. Майды сумен қатты шайқау кезінде түзіледі (Эмульсия).

4. Судағы майлардың тұрақты эмульсиясы (Сүт).

5. Ішектегі майлардың эмульгирленуі қандай заттар әсерінен жүзеге асады (Өт қышқылдарының тұздары).


6. Майлардың энергетикалық қуаты көмірсуларға қарағанда қанша есе жоғары (2 есе).

7. Глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері (Майлар).

8. Жай липидтер құрамына қандай заттар кіреді (Майлар, балауыздар).

9. Күрделі липидтер құрамына қандай заттар кіреді (Фосфолипидтер, гликолипидтер).

10. Липидтерге қандай заттар жатады (Стериндер, убихинондар және терпендер).

2 гейм. «Қара сәйгүлік»

«Қара сәйгүлік» үш сұрақ береді. Әрбір сұрақты талқылау үшін 30 секунд беріліп, дұрыс жауапты жылдам тапқан топ жауап береді. Егер «Қара сәйгүлік» жауапты бұрыс деп санаса, онда екінші топ жауап береді, ал екінші топ жауабы да қате болған жағдайда – көрермендер жауап береді.

3 гейм. «Үй лотосы»

Топ тбасшылары кезекпен каптан нөмірлері бар бөшкелерді алады. Қапта 10 бөшке бар, «

.

3. Триглицерид пен сілті арасындағы реакция арқылы сабынның алыну реакциясын көрсетіңдер.

4. «Бақытты жағдай»: глицериннің молекулалық моделін құрыңдар.

5. Олейн қышқылы деген қандай қышқыл?

6. Өсімдік майларын гидрлеуге арналған қондырғы (автоклав).

7. «Бақытты жағдай»: пальмитин қышқылының молекулалық моделін құрыңдар.

8. Қандай заттар көмегімен майлардың глицерин мен карбон қышқылдарына ыдырауы жақсарады?(ферменттер).

9. Майларға тән реакция қандай? (гидролиз)

10.«Бақытты жағдай»: стеарин қышқылы молекуласының моделін құрыңдар.

4 гейм. «Сен– маған, мен– саған»

Топтар бір-біріне бес сұрақтан қояды (сұрақтарды топтар алдын-ала дайындауы тиіс).

5 гейм. «Көшбасшы ізімен»

Жүргізуші белгілі-бір уақыт ішінде топтарға сұрақтар қояды. Алдымен, жеңілген топ жауап береді. Бөлінген уақыт ішінде топтар барынша дұрыс жауаптар беруге ұмтылады.

1 топқа арналған сұрақтар:

1.Майлар құрамына кіретін жоғарғы карбон қышқылдарының тұздары қалай аталады? (Жауабы: сабындар. 1 балл).

2.Май молекуласының құрамына кіретін зат?(Жауабы: глицерин. 2 балл).

3.Судағы май ертіндісі не деп аталады? (Жауабы: эмульсия. 3 балл).

4.Сұйық майлар бұлар– ... ?(Жауабы: өсімдік майлары. 4 балл).

2 топқа арналған сұрақтар:

1.Табиғи майларда қанықпаған қышқылдар: ... формасында кездеседі?(Жауабы: цис-. 1 балл).

2. Майлар құрамын кім алғаш зерттеді?(Жауабы: Шеврель. 2 балл).

3.Майларға сапалық реакция? (Жауабы: бромдау. 3 балл).

4. Майлар тотығуының соңғы өнімі (көміртегі дитотығы).(Жауабы: көміртегі дитотығы. 4 балл).

Қорытынды жасау.

Сабақты жасау кезінде [40,41] әдебиеттері қолданылды.

4 сабақ. «Өз ойынымыз» ойын-сабағы


Бұл ойынды оқу жылының соңында қорытынды сабақта өткізуге болады. Оған әр топтан үш адамнан қатысады. Ережесі теледидар ойынындағыдай болады. Алдын-ала сектор атаулары мен балдар саны бар екі стендті (қызылы – қызыл, ал көгі – көк раунд үшін) дайындау қажет. Ойыншылар кестешелерді алып, өздерінің жауап беруге дайын екендіктерін хабарлайды. Есептік комиссия әрбір ойыншы жинаған балды есептейді.

Сабақтың мақсаты: Органикалық химиядан өтілген материалды қайталап, пәннің негізгі теориялық қағидаларын жүйелеу; оқушылардың химия курсына деген қызығушылықтарын арттыру.
Қызыл раунд

Көмірсутектер

Спирттер

Альдегидтер

Карбон қышқылдары

1

1

1

1

2

2

2

2

3

3

3

3

4

4

4

4

«Көмірсутектер» секторы

1. Бұл көмірсутек оттегіде жануы кезінде өте жоғары температура (шамамен 300 °С) орын алатындықтан, ол металдарды автогендік пісіру мен кесуде кеңінен қолданылады. Оны алу үшін бастапқы шикізат болып кальций карбиді мен метан табылады. (Жауабы: ацетилен. 1 балл).

2. Бұл көмірсутек ағашжонғыш-құмырсқалардағы ферромон құрамына кіреді. Осы көмірсутекті крекингілеу кезінде пентан мен пентен түзіледі.(Жауабы: декан. 2 балл).

3. Бұл көмірсутек бутанол-2 дегидрлеу кезінде түзіледі.(Жауабы: бутен-2. 3 балл).

4. Метанға қарағанда, ашық жалынмен жанатын, иіссіз, түссіз газ, өйткені, құрамында көміртегі мөлшері метанға қарағанда жоғары. Осы көмірсутектің ауамен қоспасы жарылғыш қауіпті.Этиленгликоль синтезі үшін бастапқы зат ретінде қолданылады. (Жауабы: этилен. 4 балл).

«Спирттер» секторы

1. Бұл спиртті өнеркәсіптік масштабта 3000 °С температура мен 8 МПа қысым кезінде қышқылдық ортада этиленді гидрлеу арқылы алады.(Жауабы: этил спирті. 1 балл).

2. Бұл затты Trigona туысындағы аралар аймақты белгілеу үшін қолданады. Осы затты катализдік дегидрлеу кезінде гептанон-2 түзіледі. (Жауабы: гептанол-2. 2 балл).

3. Оны ағаш қалдықтарын құрғақ айдау арқылы алады. Сондықтан, оны кейде ағаш спирті деп те атайды. Улы, аз мөлшерінің өзі көзді соқыр етеді.(Жауабы: метил спирті. 3 балл).

4. Қорек көзін іздеуші ара басқа жұмысшы араларды тарту үшін осы спиртті бөледі. Бромдау кезінде бұл спирт 2,3,6,7-тетрабром-3,7-диметилоктанол-1 түзеді.(Жауабы: 3,7-диметилоктадиен-2,6-ол-1. 4 балл)

«Альдегидтер мен кетондар» секторы

1. Жасыл жапырақтың өткір иісі бар сұйықтықты Кучеров реакциясы бойынша ацетиленнен алады. (Жауабы: сірке альдегиді. 1 балл).

2. Қалампыриісі осы затқа байланысты. Ол күміс тотығының аммиактық ертіндісімен әрекеттеспейді, ал катализдік гидрлеу кезінде гептанол-2 түзеді.(Жауабы: гептанон-2. 2 балл).

3. Құмырсқалар дабыл белгісін беру үшін осы затты бөледі. Бұл зат көгерткіш қышқылмен әрекеттесіп, катализдік гидрлеу кезінде 4-метилгексанал-3 түзеді.(Жауабы: 4-метилгексанон-3. 3 балл).

4. Бұл альдегид эвкалипт майында болып, лимон иісті келеді. Броммен әрекеттесу кезінде 2,3,6,7-трибром-3,7-диметилдиметилоктанол-1 түзеді.(Жауабы: 3,7-диметилоктадиен-2,6-аль-1. 4 балл).

«Карбон қышқылдары» секторы

1. Бұл қышқыл құмырсқа бөлінділерінде, қалақай шырындарында болады. (Жауабы: құмырсқа қышқылы. 1 балл).

2. Бұл қышқыл глицеринмен эфир түрінде сары май құрамына кіреді. Өнеркәсіптік масштабта бутил спиртін тотықтырып алады.(Жауабы: май қышқылы. 2 балл).

3. Бұл қышқыл әртүрлі тұздар, эфирлер, бояғыштар, дәрілік және иісті заттар синтезінде кеңінен қолданылып, тамақ өнеркәсібінде қалбырлағыш және дәмдік зат ретінде пайдаланылады. Оны өнеркәсіптік масштабта ацетиленнен ауа оттегісімен альдегидті кезекті тотықтыра отырып, Кучеров реакциясы бойынша оны гидраттау жолымен алады. (Жауабы: сірке қышқылы. 3 балл).

4. Бұл қышқыл теңіз шоқысы майының құрамына кіреді, бұл қышқылдың балқу температурасы төмен болғандықтан, аязда теңіз шоқысыжемістері жұмсақ болып тұрады. Бұл қышқыл бром суын түссіздендіреді, ал глицеринмен этерификациялау кезінде сұйық май түзеді.(Жауабы: олеин қышқылы. 4 балл).
Көк раунд

Фенолдар

Күрделі эфирлер

Моносахаридтер

Полисахаридтер

1

1

1

1

2

2

2

2

3

3

3

3

4

4

4

4


«Фенолдар» секторы

1. Карбол қышқылы. (Жауабы: фенол. 1 балл).

2. Сілтілік металдармен фенолдың әрекеттесуі кезінде қандай заттар түзіледі?(Жауабы: феноляттар. 2 балл).

3. Азот қышқылымен фенолдың әрекеттесуі кезінде түзілетін жарылғыш зат. (Жауабы: тринитрофенол. 3 балл).


4. Медицина мен ветеринарияда жиі қолданылатын изомерлер қоспасының сабынды ертіндісі.(Жауабы: о-, м-, п-крезолдардың (метилфенолдардың)лизол-қоспа. 4 балл).
«Күрделі эфирлер» секторы

1. Глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.(Жауабы: майлар. 1 балл).

2. Қатты гидрогенделген майдан алынатын тағамдық өнім.(Жауабы: маргарин. 2 балл).

3. Абрикос иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық. Май қышқылымен этил спиртін этерификациялау реакциясымен алады.(Жауабы: май қышқылының этилдік эфирі –этилбутират. 3 балл).

4. Бұл күрделі эфир өрік иісті келеді. Оны гидролиздеу кезінде құмырсқа қышқылы мен изоамил спирті түзіледі.и Жауабы: изоамилформиат. 4 балл).

«Моносахаридтер» секторы

1. Қанттардың қайсысы ең тәтті?(Жауабы: фруктоза. 1 балл).

2 Глюкозаның спирттік ашуы кезінде қандай спирт түзіледі.(Жауабы: этил спирті. 2 балл).

3. Күміс айна реакциясын жүргізу үшін альдегидтер орнына қандай моносахаридті қолдануға болады?(Жауабы: молекуласының құрамында альдегидтік тобы бар глюкоза. 3 балл).

4. Глюкозаны тотықсыздандыру кезінде қандай спирт түзіледі?(Жауабы: сорбит. 4 балл).
«Полисахаридтеры» секторы

1. Бұл полисахарид дәнді құрылысқа ие ұнтақтектес ақ зат түрінде болады. Ол йодпен өзіндік көк түс береді. (Жауабы: крахмал. 1 балл).

2. Бұл көмірсу барлық өсімдіктер материалдарының құрамында: ол мақтадамассасы бойынша 95-98 %-ға дейін, зығыр мен көкнәрде – 85 %-ға дейін, қылқанды ағаштарда – 60 %-ға дейін болады.(Жауабы: целлюлоза. 2 балл).

3. Полисахарид иіссіз, дәмсіз, ақ түсті талшықты зат түрінде болып, мыс гидроксидінің сулы-аммиактық ертіндісінде ериді. (Жауабы: целлюлоза. 3 балл).

4. Сірке қышқылы осы затпен кинопленка мен ацетаттық жібек дайындау үшін бағалы өнім болып табылатын күрделі эфир түзеді.(Жауабы: целлюлоза. 4 балл).

Қорытындылау.

Сабақты дайындау кезінде [42,43] әдебиеттері қолданылды.

2.2 «Сөйлемді аяқтаңдар» бақылау тапсырмаларының тізімі
– Органикалық қосылыстарда көміртегі ... валентті (IV).

– Молекулаларында үштік байланысы бар көмірсутектерді ... деп атайды (Алкиндер).

– Қос байланыс – бұл екі: σ–байланыс пен ... бірігуі ( -байланыс).

– Қаныққан көмірсутектер үшін ... реакциясы тән(Орынбасу).

– Қанықпаған көмірсутектер үшін ... реакциясы тән (Қосылысу).

– Полимер құрылымындағы көп рет қайталанатын атомдар топтамасы ... деп аталады