Файл: 1. Патенттік зерттеу дегеніміз не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бисаринов Нұржан ТМРП 19-11

10-тапсырма:

1.Патенттік зерттеу дегеніміз не?

Патенттік зерттеулер - техника нысаны дамуының техникалық деңгейі мен бағыт-бағдарын, оның патенттік қабілеті мен патенттік тазалығын патенттік және басқа ғылыми-техникалық ақпараттың негізінде зерттеу. Ол техника нысанының техникалық жоғары деңгейде және бәсеке қабілетінің болуын қамтамасыз ету, бұл нысандарда ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланузерттеулер мен басқа да жұмыстардың бір-бірімен орынсыз қосарлануын болдырмау үшін бастапқы деректерді алу мақсатында жүзеге асырылады.

2.Патенттік іздеу қалай жүргізіледі?

Патенттік іздеу – бұл сұратуға сәйкес құжаттарды немесе мәліметтерді патенттік құжаттардың немесе мәліметтердің арасынан бір немесе бірнеше белгілері бойынша іріктеу процесі, бұл ретте көптеген құжаттар мен мәтіндер ішінен тақырыпқа немесе сұрату нысанына сәйкес келетіндерді ғана іздеу процесі жүзеге асырылады. ДБ көпшілігінде мынадай өлшемдер бойынша іздеуді жүргізуге болады: Халықаралық патенттік сыныптаманың индекстері бойынша Тірек сөздер бойынша Автордың аты бойынша Өтінім берушінің аты бойынша Жариялау күні мен нөмірі бойынша Өтінім нөмірі бойынша Патент нөмірі бойынша Қазақ және орыс тілінде іздеуді ҰЗМИдің http:/www./kazpatent.kz/ сайтында жүргізуге болады. Ресей патенттері мен өтінімдер туралы деректерді Федералды өнеркәсіптік меншік институтының деректер базасы бойынша іздеуді жүргізуге болады: http://www.fips.ru Іздеу жүргізу үшін Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйені пайдалануға болады. Еуразиялық патенттік ақпараттык жүйе (ЕАПАТИС) Еуразиялық патенттік ведомствода әзірленген және патенттік құжаттаманың бүкіләлемдік, аймақтық және ұлттық қорларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-іздестіру жүйесі болып табылады. ЕАПАТИС-тегі орыс тілді қорда, Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы елдердің құжаттамаларын қоса алғанда, ЕАПВ, Ресей, еуразиялық аймақ елдерінің ұлттық патенттік ведомстволарының патенттік құжаттамалары ұсынылған. Еуропа патенттік ведомствоның сайтында (ағылшын, неміс, француз тілдерінде) іздеу жүргізуге болады https://www.worldwide.espacenet.com Ұлттық патенттік ведомстволардың көпшілігі патенттік деректер базалары бойынша ағылшын тілінде іздеу мүмкіндігін ұсынады.