ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Парыз екен бәріне алғыс айту» | |
Күні | | |
Сынып тәрбиешісі: | Досқалиева А.Ф | |
Сынып: 9-түзету | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Алғыс айту парызың» | |
Сабақтың мақсаты: | а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу | |
Түзету мақсаты: | Оқушылардың «сыйластық» құндылығын кеңейту | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. | | Журек қағаздар |
Ортасы (20 мин) | Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен. | (Балалардың ойларын ортаға салу.) 1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді. 2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған. | презентация |
Соңы | Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек. | отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес | презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Қазақтың салт дәстүрі» | |
Күні | | |
Сынып тәрбиешісі | Досқалиева А.Ф | |
Сынып: 9-түзету | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
| | |
Сабақтың мақсаты: | Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушылардың ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. | |
Түзету мақсаты: | Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелерінің үлгілерін бүгін тамашалап көрелік. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған. | Оқушылар өз ойларын жеткізеді | бейнежазба |
Ортасы (20 мин) Соңы | Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы. Дәстүр - кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Бұл жөнінде де өткен заман ғұламалары тебірене айтқан Мысалы, Шоқан Уәлиханов «Түркі тектес халықатрдың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады» десе, Г. Н. Потанин: қазақта ақындық творчество аса дамыған, ақын деген сахараға сыймайды» дейді. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады. | Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар Сөзжұмбақ шешу. 1. Жастар жиналып ән айтып, күй тартатын отырыстың бірі. 2. Қазақ қыздарының сәндік бас киімі. 3Кәделі ет мүшелері. 4. Жолаушылап кеткен ауыл жастарының бастары ауырмасын деп жасалатын кеш. 5. Қуанышты хабар Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? | бейнежазба комппютер |
Тәрбие сағаты | «Алуан-алуан кәсп бар,таңдай біл де, талап қыл!» | |
Күні | | |
Сынып тәрбиешісі | Досқалиева А.Ф | |
Сынып: 9-түзету | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Мамандықтың бәрі жақсы | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру. | |
Түзету мақсаты: | · Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу · Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Дәйексөз «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» К. Д. Ушинский Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен. | Оқушылардың мамандық туралы ойлары тыңдалады | презентация |
Ортасы (20 мин) | Әңгімелесу айдары 1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен? 2. Сен ол мамандық туралы не білесің? 3. Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар? 4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті? 5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз? 6. Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді? 7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме? 8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? | Сұрақтарға жауап береді | суреттер |
Соңы | Оқушыларға ескерту ережелер: Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын: · Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс. · Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы. · Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта! · Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол! · Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста! · “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды. | «Қай мамандық лайықты?» ойыны. Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықты мамандықты таңдай алады. І саусақ- басқарушы ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер Ү саусақ - дәрігер, шипагер | презентация |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Нашарқорлықсыз болашақ!» | |
Күні | | |
Сынып тәрбиешісі: | Досқалиева А.Ф | |
Сынып: 9-түзету | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.(Әл-Фараби) Шынықсаң шымыр боларсың.(Мақал) | |
Сабақтың мақсаты: | Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өміру сүру үшін қажеттілігі бағалы байлық екенін түсіндіру. | |
Түзету мақсаты: | Оқушыларға денсаулықтың өмірінің ең маңызды тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | Спорт, денсаулық жөнінде суреттер. | |
Үлестірмелі материалдар | Кеспе қағаздар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту. Сұрақтар: - Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? - Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? - Денсаулыққа не зиян? - Зиянды заттардың адам денсаулығына қандай залалы барын білесіңдер? - Спортпен айналысу денсаулық үшін маңызды ма? - Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер? | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) Ортасы (20 мин) | Мәтінмен жұмыс. «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; Оқушының тамақтану кестесі. Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді. Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек. Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек. Өсіп келе жатқан өзіміздің ағзамызға жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды. А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа. В дәрумені. Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар. С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігі Сергіту сәті Оқушылар ортаға жиналып, шеңбер құрып, өз есімдерінен басталатын сөзбен жанындағы адамға бүгінгі күніне тілек тілейді. Денсаулыққа зиянды және пайдалы әрекеттер: Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар: Қоршаған орта ластығы. Дұрыс тамақтанбау. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. Зиянды заттарды қабылдау. Тазалықты сақтамау. Отбасындағы кері жағдайлар. Адамда стресс жағдайы жиі болуы. Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар: Дұрыс тамақтану. Қоршаған орта тазалығы. Дене шынықтыру. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. Зиянды заттарды қабылдамау. Жеке бастың тазалығын сақтау. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. Эмоциялардың оң болуы. «Кім көп біледі?» мақалдың жалғасын табу. 1.Ауырсан сау бол – (Ауырмасаң сақ бол.) 2.Адамның ең бірінші байлығы- (Денсаулығы.) 3.Тазалық- (Денсаулықтың кепілі.) 4.Шынықсаң ... боларсың. (шымыр) 5.Ауырып ем іздегенше, (Ауырмайтын жол ізде.) 6. ...-адамның арқауы. (Ас) 7.Дерт көп, (Денсаулық біреу.) 8. Денсаулықтан сән кетсе, (Өміріңнен мән кетеді. | Өз ойларын айтады. Оқушылар денсаулыққа зиянды және пайдалы әрекет ететін факторларды бөліп жазады. Оқушылар берілген мақалдардың жалғасын табады. | Компьютер |
Соңы (5 мин) | Қорытынды бөлім. Ой түю, өз ойын білдіру. | | Компьютер |
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Аналар асыл жандар» | |
Күні | | |
Сынып тәрбиешісі: | Досқалиева А.Ф | |
Сынып: 9-түзету | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Аналар асыл жандар» | |
Сабақтың мақсаты: | Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру | |
Түзету мақсаты: | . Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар. | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды,қыздарды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр , бақытты өмір , отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «Арулар-асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар, Ана деп бас иеді күллі халық. » «Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры» Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған. Осынау дөңгелеңген дүниеде, Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?! Ана тұрса құшаққа алып баласын, Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым. Қабағыңды кірбің шалмай өмірде, Қуанышқа кенеле бер, Анашым! Аяулы да алтын нұрлы анашым, Жүрегіммен мәңгі бірге боласың. Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің, Сен дархансың, Сен жомартсың, данасың! | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам, Анашымды күнге ғана баласам. Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің Мәпелейсің, аялайсың әрқашан! Құшағыңа кіргенде Жылынамын бір демде. Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де. Сегізінші Наурызбен Құттықтаймын, анашым, Жылылықтан жаралған, Құшағы оның таң ба екен? Менің айдай анамнан, Асқан сұлу бар ма екен?! Ойын « Ананның есімін ата» ананның есімі қай әріпке басталады сол әріппен ананды таныстырасын. Олай болса бізбен бірге «Анамызды қаншалықты танимыз» сұрақ жауап ойынын ойнайсың ба? - Бала, бала, бала деп Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Аялы қолда талпынтқан Қаймақты сүттей қалқытқан Суық болса жөргегі, Қорғасындай балқытқан. Айналасына тас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан, Қолын қатты тигізбей Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан, Бұл кім, балалар? Баланың да тірегі Даланың да тірегі. Шаншымасын ешқашан Аналардың жүрегі. Бәріңіз де анасың, Біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын, мейрамың, Құттықтаймын анашым! | Оқушылардың құттықтауы Оқушылар аналарының есімін айтады Оқушылар АНА, АНА,АНА | Компьютер видео |
Ортасы (20 мин) | Ана дамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ. | Оқушылар аналарына арнап салған суреттерін ұсынады | Компьютер |
Соңы | Мұғалім: -Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп -Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: -Әкеңе,-деді . Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра сынып сағатымызды аяқтаймыз. | «Ана туралы жыр» Хор ән | |