Файл: Контактілі линзалар ыайлы боланымен, мамандар оны шамадан тыс тапауа кеес береді. Мселен, гидрогельді линзаларды 68 саат, ал силиконгидрогельді трлерін одан сл заыра тауа болады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Контактілі линзалар ыңғайлы болғанымен, мамандар оны шамадан тыс тақпауға кеңес береді. Мәселен, гидрогельді линзаларды 6-8 сағат, ал силикон-гидрогельді түрлерін одан сәл ұзағырақ тағуға болады. Дегенмен, дәрігерлер үйде болған кезде көзілдірік тағуға кеңес береді.
Жалпы, линзалар қолданылу мерзімі бойынша – 1 күндік, 2 апталық, 1 айлық, 3 айлық және 1 жылдық болып бөлінеді. Линзаның мейлінше жарамдылық мерзімі азын пайдаланып, жиі ауыстыру көзге пайдалы.
"Контактілі линзалардың көзге тікелей зияны жоқ. Дегенмен, дұрыс режим мен гигиенаны сақтамаса, көздің мүлдем көрмей қалуына соқтыруы мүмкін. Өкінішке орай, көп адам линзаны мерзімінен артық пайдаланып, тіпті, ұйықтар алдында шешуді де ескермейді. Линза қанша сапалы болғанымен, оттегіні жанарға 100 пайыз өткізбейді. Сондықтан, ұйқы алдында линзаны шешіп, көзді тынықтыру қажет. Әйтпесе, гипоксия пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан көздің қабыну аурулары туындап, көру қабілеті төмендейді", – деді офтальмолог Әсел Бекбасова.
Қазір контактілі линзалардың алуан түрі бар. Дегенмен, силикон-гидрогельді линзаларды пайдалануға кеңес беремін. Олардың оттегін өткізу қабілеті жоғары және ультракүлгін сәуледен қорғайды. Көзді ылғалдандырады. Линзаны таңдағанда осыны ескеру керек. Сондай-ақ, түрлі-түсті линзалар да сәнге айналды. Олар гидрогельден жасалатындықтан, оттегін дұрыс өткізбейді. Сондықтан, түрлі-түсті линзаны күніне 5-6 сағаттан артық пайдаланбау керек", – деді Әсел Бекбасова.
Офтальмолог Әсел Бекбасова көздің көруін жақсарту үшін тамақтану рационына қызыл және сары түсті азық-түліктер қосып, балық пен бауыр сынды тағамдарды тұтынуға кеңес береді. Көкөніс пен жемістер, В, А, Е дәрумендерінің де пайдасы зор. Сондай-ақ, таза ауада тынығып, көзге арналған түрлі жаттығулар жасауды әдетке айналдыру керек.
инза көзілдірікке қарағанда айналаны толық көруге мүмкіндік береді. Жаңбыр мен қар жауғанда, спортпен айналысқанда қиындық тудырмайды. Көзілдірік заттардың формасы мен өлшемін өзгертеді. Ал линза қоршаған ортаның өңін өзгертпей көруге мүмкіндік береді.
Линзаның ерекшелігі – оның күтімі көп. Линза тағатын адамдарға, ең бастысы, оны күнделікті белгіленген уақытынан артық тағып жүруге болмайды. Сондай-ақ, міндетті түрде пайдалану мерзімінен ұзақ сақтауға болмайтынын ұмытпаңыз, яғни, егер ол айлық болса, отыз күннен артық тақпағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар линзаны міндетті түрде өзінің арнайы сұйықтығында сақтап, сонымен тазалау керек.
Линзалар – біріншіден оларды киіп, шешудің өзі оңай емес. Бастапқы кезде бұл процедура жарты сағаттай уақытыңызды алады. Одан кейін оларды күнде жуу, арнайы ерітіндіге салу, уақытылы сатып алу, жаңарту, өзімен бірге көзге тамызатын тамшы алып журу және т.б.
Линзаның бірнеше түрлері болады: бір күндік, бірнеше күндік, апталық, айлық, үш айлық, жарты жылдық және бір жылдық. Бірақ ең дұрысы маман ретінде бір айлық линзаны тағуға кеңес беремін.
Линзаның тағы бір түрі – түңгі линза. Яғни, линзаны ұйықтар алдында тағып жатып, таңертеңгісін шешіп тастайсыз. Таңертеңгі уақытта көздің көру мүмкіндігі арта түседі. Мұны ортокератология линза деп атайды.
Көз күтімі кезінде қандай ережелерді ұстану қажет?
-
Уақытылы тексерістен өту; -
Тазалықты сақтау; -
Көз жаттығуларын жасау; -
Жұмыс жасайтын бөлменің қараңғы болмауы қажет; -
Таза ауада серуендеу; -
Көзге қатты күш түсірмеу; -
Дәрумендер ішу; -
Әр жарты жылда бір медициналық тексерістен өту; -
40 жастан асқанда скринингтік тексерістен өтіп, көз қысымын өлшетіп тұру; -
Жеміс-жидек, кальций, балық майын ішу.
Көз күтімі кезінде қандай қателіктерді жібермеу керек?
-
Үй жағдайында емделу; -
Дәрігердің кеңесінсіз көзге дәрі тамызу; -
Кез келген ауруға бір ғана емдік шара қолдану; -
Халықтық әдіспен ем жасау.
Керек кеңес:
• Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру: ол тым жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек;
• Үстелге қоятын шамның жарығы сол жақтан түсу керек;
• Кітап окығанда, теледидар көріп копьютермен жұмыс жасағандағы қашықтық 30-35 см болу керек. Яғни үстелде дұрыс денені тік ұстау көз ауруының болдырмауының бірден бір себебі;
• Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру. Үнемі компьютермен жұмыс жасағанда көзге арналған жаттығуларды жасау тиіс;
• Кітапты көлікте, қозғалыс кезінде, жатып оқымаған дұрыс;
• Кірпікке арналған косметикалық құрылғыларды жатар уақытта жуып тастау керек
• Компьютермен жұмыс жасаған кезде 10- 15 минут бөліп, көзге арналған жаттығу жасау керек;
-
Телебағдарламаларды қарағанда экран арасындағы арақашықтық 2-3м-ден кем болмауы керек; -
Автокөлік жүргізгенде автоқозғалыс кезінде жүргізуші дұрыс қалыпты таңдау керек; -
Мойынның жоғарғы бөлігі омыртқамен бір сызық бойында болу керек.
Контактілі линзалардың қарсы көрсетілімдері бар ма? Таңдау тек көзілдірікке арналған жағдайлар
Линзаларды қолдануға қарсы көрсеткіштердің тізімі іс жүзінде бар конъюнктива мен қасаң қабықты қамтитын барлық көз аурулары.
-
Қасаң қабықтың / конъюнктиваның / қабақтың қабыну аурулары. -
Блефарит -
Қасаң қабықтың қабынуы. -
Конъюнктивит. -
Птоз. -
Мүйіз қабығының төмен сезімталдығы. -
Ксерофтальмия. -
Глаукома. -
Демікпе. -
Линзаның сублаксациясы. -
Қабыну, инфекциялар, көздің аллергиялық процестері. -
Дакриоциста. -
15 градустан жоғары бұрыштағы страбизм. -
Поллиноз. -
Лакримацияның төмендеуі / жоғарылауы. -
Белгілі бір кәсіби қызмет. -
Созылмалы бронхит. -
Туберкулез және ЖИТС. -
Ринит.
Мұны есте сақтаңыз кез-келген суыққа / вирустық ауруларға және көздің қабыну процестеріне линзаларды қолдануға тыйым салынады... Осы кезеңде көзілдірікті қолданған дұрыс