Файл: Дріс 4 Таырыбы Иммунды процесстерді бзылуы. Аллергия Иммунды патология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аллергиялық реакциялардың түрлері; олардың жіктелуі.

Аллергиялық серпілістерді жіктеуге қатысты бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінде Кук (1930) барлық аллергиялық серпілістерді екі түрге бөлді:

1. Дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің гуморалдық жүцесі арқылы дамиды деп есептеледі.

2. Баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24-48 сағат өткен соң байқалады деп есептеді.

Кәзіргі күні “аллергиялық серпілістер” деудің орнына “жоғары сезімталдық” деп атау кең тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады.

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, аллергия мен иммунитет бір механизмдермен дамиды, тек аллергия кезінде лаброциттерден медиаторлар, иммунитетке қарағанда, әлдеқайда көп мөлшерде шығарылады және сау ағзалар мен тіндердің бүліністері байқалады. Олай болса, иммунитетті гуморалдық және клеткалық деп бөлу шындыққа сәйкес келмейді. Қандай да болмасын иммундық серпілістерде әрқашан әрі жасушалар, әрі антиденелер және лимфокиндер қатысады (Беклемишев Н. Д. 1986).

1968 жылы П. Джелл, Р. Кубс аллергияларды төрт турге ажыратты:


1-түрі- ДДЖС-ң анафилаксиялық түрі; 2-түрі- ДДЖС-ң цитотоксиндік түрі; 3-түрі- ДДЖС-ң иммундық кешендік (комплекстік) түрі; 4-түрі-БДЖС-түрі. Соңынан бұл жіктеуге БДЖС пен ДДЖС соңғы екі түрінің (2+3) араласқан

5-түрі қосылды.