Файл: Мектеп Мерзімі 09. 2019ж. 1 саба Сабаты таырыбы мір жолын тадау ндылы Аиат асиеттер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 61

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.20 ж. № 33- сабақ Сабақтың тақырыбы: АР-ҰЖДАН ҒЫЛЫМЫ

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық; Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Өмірдің әсемдігін сезіну үшін адамның өзінің жан дүниесі әсем болу керек екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі адамды жақсылыққа жетелейтінін түсіндіру;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылық көру жан сұлулығыңның көрінісі;

Тәрбиелік: - өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлем десу түгел деу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.



Музыка қойылады


3.Дәйексөз

Ар-ұждан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе,

ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әл-Фараби

  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.







4. Әңгімелеу:

Шәкәрімнің ар ілімі Мырзагелді Кемел

Сіздің пікіріңізше, ар, ұждан деген не? Адам өмірінде ар, ұжданның маңызы қандай?

2. Даналық дегенді қалай түсінесіз? Сіз үшін даналыққа жетудің жолдары қандай деп санайсыз? Жауабыңызды түсіндіріп айтыңыз.

3. Автордың «Даналықтың арналары – ізгі ой, ізгі мінез-құлық және ізгі іс» деген сөздерін қалай түсіндіресіз?

4. Шәкәрім бабамыздың ар ілімі мен өзін-өзі тануды не байланыстырады деп ойлайсыз? Мысал келтіріп, түсіндіріңіз.

5. Оқылған мәтіннен өзіңіз қандай сабақ алып, ой түйдіңіз?



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.

• Ұлы ойшыл Шәкәрімнің «Арманым байлық, мансап, мақтан емес, Ары зор, ата ұлы емес, адам ұлы» деген өлең жолдарын қалай түсіндіңіздер?

• Өзіңіздің өмірлік арман, мұратыңыз қандай? • «Өзін-өзі тану» сабақтарынан не үйрендіңіз? Ойыңызды сыныптастарыңызбен бірге талқылаңыздар.




  1. Топпен ән

Абайлаңыздар Ринат Заитов

Неге келдік өмірге біз?

Неге көңіл бөлудеміз?

Дүниені ардан қымбат көрудеміз.

Жалған мақтап өлгендерді,

Тірілерді сөгудеміз,

Адалдықты, адамдықты көмудеміз.

Сыймай емес, сыйыса алмай,

Қалып жүрміз көп пенде біз

Көзге қарап, қарамаймыз көңілге біз, неге?

Қ-сы: Абайлаңыздар, абайлаңыздар,

Көкке емес, жерге қарайлаңыздар,

Тәнге жан қонақ, соны ойлаңыздар,

Ойлаңыздар, ойлаңыздар.

Мансаппенен мақтанамыз,

Жақындарға жат боламыз,

«Пендеміз ғой, қайтеміз?» деп ақталамыз.

Басынан аттап біреудің,

Төрге шықсақ шаттанамыз,

Сырттай аппақ, ішімізде қап-қарамыз.

Бауырымыз бақыт тапса,

Жарылуға шақ қаламыз,

Жалған күлкі, жалған сезім, қаптамамыз біздің.


7.Үй тапсырмасы.

1. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбағын шешу.




8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар








Мектеп Мерзімі: .05.20 ж. № 34- сабақ Сабақтың тақырыбы: АР-ҰЖДАН ҒЫЛЫМЫ Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, ізгілік. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жан әсемдігі, жан сұлулығы тақырыбында сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - аянбай қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - жақсы көру және кішіпейілдікке баулу;

Тәрбиелік: - ізгілікке тәрбиелеу.

Сәлем десу түгел деу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. (179-бет) 7-тапсырма: Тақырып бойынша өтілгенді қайталап, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбақты қорғау.


Музыка қойылады


3. Әңгімелеу:

Ырзамын Мұқағали Мақатаев

Тағы да көрдім, Тағдырым, саған Тағы да көрем таң нұрын! Жүріппін босқа өкпелеп. Аязын қыстың, Өшпестей етіп, Аяулы жаздың жаңбырын. Өмірдің жазған бұл заңын. Алтынға,мейлі,толмай-ақ қойсынсандығым, Түсінбей кейде, Ырзамын саған! Тосырқап менің жүр жаным. Ырзамын саған, тағдырым! Кеудемде мына,

Шаршаған шақта, Өзің сыйлаған бір жалын. Шақырып сені жекпе-жек Лапылдап жатыр, Басыма менің Тағдырым, саған ырзамын! Бақыттан басқа төкпе деп.





4. Топпен ән айту Сөзі: Ринат Зайытов

Тек алға Әні: Маржан Арапбаева

Тіршілік қайнап тұрса,

Көңілің сайрап тұрса, Қ-сы: Арманың барда, Шаршама талма

Жас жаның жайнап тұрса, Жасқанып қалма,Жүре бер тек алға

Дала. Өмір сынаса, Көңілге алма.

Сөндірме жан нұрыңды, Әніңді жалға,Жүре бер тек алға

Жазғырма тағдырыңды,

Бақытқа әр күніңді бала.

Қиналсаң анда - санда

Үмітің алдаса да, Қ-сы: Бақ жұлдызың жанады,

Өтпелі әрқашан да, Арманға қанат қағады.

Бәрі. Сәтсіз күн оралмасын, Мұңайма ешқашан да өмірде,

Қайғыға жоламасын, Әр адам бақыт алады.

Жүректің жоғалмасын, Сәні.


5.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар