Файл: Информатиканы базалы курстарыны негізгі бар бадарламаларын салыстырмалы талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Информатиканың базалық курстарының негізгі бар бағдарламаларын салыстырмалы талдау.

Информатиканың базалық курстарының негізгі оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.

Алгоритмдiк мәдениет ойлаудың анықталған қасиетi ретiнде компьютерлiк сауаттылықтың бөлiгi болып табылды. Алгортмдiк ойлау компьютердi ме ңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.

Компьютерлiк сауаттылықты А.П.Ершовтың "программалау – екiншi сауаттылық'', - деген метафорасы негiзiнде aнықтayғa болады.
Мектеп информатикасының базалық курсы .

Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.

Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:

- қолданылу аймағы;

- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;

- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;

- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;

- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;

- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;

- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер. Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес. Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады. Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы №545 бұйрығына 12-қосымша
).  6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;

2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;

3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;

4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;

5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;

6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жөндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.
Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі бағыттары.

Бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 

2. Шығармашылық қабілеттері артады. 

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. 

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді. 
Информатика бар курстардың мазмұнын салыстырмалы талдау.

1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер- ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас- тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре- сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин).

Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:

1. Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.

2. Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.

3. Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.

4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі – оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары – мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.

Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп есептелген. Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды .


«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық- əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:

1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.

2. Алгоритмдер жəне программалау.

3. Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.

4. Формальдау мен модельдеу негіздері.

5. Ақпараттық технология.