ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 103
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өнім / қызмет
Өніміңізді/қызметіңізді сипаттаңыз/ Сіз не сатасыз / не сатуды жоспарлап отырсыз | Мектеп алды даярлық сабағы Бастауыш сыныптардың үй тапсырмаларын орындау, қосымша сабақтар |
Сізде өнім/қызмет сұрыпталымы анықталған ба | Ия, қазіргі таңда жыл сайын туу көрсеткіші жоғарылаған сайын, мектепке баратын бала саны да жыл сайын артпақ.Үй маңайында 4 бірдей мектеп орналасқанын, нарықтағы сұранысты ескере отырып, жоба қызметін ұсынғалы отырмыз. |
Сіздің өніміңіз-тауарыңыз/қызметіңіз туралы қосымша ақпарат | Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Онлайн өткен екі жыл біздің балаларымызды біраз артқа қалдырғаны айдан анық. Дегенмен ,қазір көп ата-ана балаларын уайымдап, біз сияқты қосымша оқуларға беріп, инвестиция құятыны қуантады. |
Сіздің өніміңіз/қызметіңіз нарықтағы аналогтардан несімен ерекшеленеді | ✓ Жоғары сапалы қызмет көрсету; ✓ Білікті мамандар алу ✓ Тұрақты, бәсекелестерден төмен баға саясатын қамтамасыз ету; ✓ Бір үйден екі немесе одан көп бала қатысқанда және көп балалы отбасылар мен ерекше баланы асыраушы отбасылардың балаларына 15% жеңілдік жасаймыз. ✓Балаларды мектептен оқу орталығына,оқу орталығынан мектепке тасымалдау қызметі де бар. Баланы жалықтырып алмас үшін,бір мезіл сергіту сәтін ұйымдастыру. |
Бәсекелестер
Кестеге ақпаратты жазу арқылы үш басты бәсекелестерді зерттеп, сипаттаңыз:
Салыстыру параметрі | Бәсекелес 1 Құлыншақ | Бәсекелес 2 Qyzyq mektep | Бәсекелес 3 Kulsinbala |
Өнімнің / қызметтің сұрыпталымы | Мектепке даярлық Бастауыш сыныпқа қосымша | Мектепке даярлық Бастауыш сыныпқа қосымша, жылдам оқыту, арифметика | Мектепке даярлық Бастауыш сыныпқа қосымша, логика.Ата-аналармен жұмыс |
Бірегей сауда ұсынысы | | Сайтта арнайы логотип болуы, өндіретін өнімнің атауы құрамы көрсетілуі, клиенттер пікірлері көрсетілуі | Сайтта арнайы логотип болуы, өндіретін өнімнің атауы құрамы көрсетілуі, клиенттер пікірлері көрсетілуі |
Баға саясаты / акциялардың болуы | Бағасы жоғары, жеңілдіктер қарастырылмаған | Алғашқы сабақ тегін, бағасы қол жетімді | Бағасы жоғары, сұраныс көп |
Орналасқан жері, жұмыс режимі | Дінмухамед Конаев, 14Б 87751591376 | Атырау көшесі №8 87476834674 | улица Туркестан, 34Б 87083228150 |
Жеткізу шарттары мен кепілдіктері | Жеткізу қарастырылмаған | қарастырылған | қарастырылмаған |
Клиенттердің пікірлері | Жағымды | 90% жағымды | 90% жағымды |
Қалай және қайда жарнамаланады | Инстаграмм парақшасында жарнамаланады | Инстаграмм парақшасында жарнамаланады | Инстаграмм парақшасында жарнамаланады |
Жарнамада неге баса назар аударылады | -Оферге - Сапалы видеоға, уақытына сапалы суретке -банерге | -Оферге - Сапалы видеоға,уақытына -сапалы суретке -банерге | -Оферге - Сапалы видеоға,уақытына -сапалы суретке -банерге |
Сайттар мен әлеуметтік желілерге сілтемелер | @kulynshak.nursulta | @Qyzyq mektep | @Kulsinbala |
Өз бизнесіңізге алатын олжалар/артықшылық- тар барма | Контентті әдемі жайғастыру | Тамақтандыру жүйесі қосылғандығы | Әлеуметтік желі белсенділігі |
Мақсатты аудитория (МА)
Сіздің нақты немесе болжамды сатып алушыларыңыз, олар кім? Кестенің сұрақтарына жауап беру арқылы сіздің идеалды клиентіңіздің көрінісін сипаттаңыз:
Менің МА «Мұңы» | Үй жұмыстарын орындауға қиналуы. Қосымшадан кейін, баланың мектепке жеткізілуі |
Менің МА қалаулары | Сапалы, қол жетімді орталық, білікті маман, мектепке жеткізу |
Менің МА қызығушылықтары | Біздің міндетті аудиториямыз 5-10 жас аралығындағы балалар болғандықтан, олардың қызығушылықтары сабақты ойын түрінде өткізу, сергіту сәтін жасау. |
Кім болып жұмыс істейді | Бала-бақша түлектері мен мектеп оқушылары. |
Бос уақыттарын қалай өткізеді | Ата-аналарымен серуендейді, қонаққа , сауда орталықтарына барады. Түрлі үйірмелерге барады. |
Қалай сатып алады | Онлайн зум арқылы және оффлайн |
Басқа да маңызды нақтылаулар: жасы, жынысы, тұратын жері (аумақ, қала, ауыл), отбасы жағдайы және т.б. | Астана қаласы: Сарыарқа Есіл Алматы Байқоңыр аудандары. Жынысы маңызды емес, 5-10 жас аралығындағы балалар. |
Сұраныс
Яндекс, Wordstat немесе сіз таңдаған басқа жүйе арқылы интернеттің көмегімен «кілт сөздер» бойынша сұрауларды зерделеу негізінде Қазақстанда сіздің өніміңізге / қызметіңізге сұраныстың болуын және сандық мәнін көрсетіңіз. | Google сілтемесі қосымша оқу орталығын іздеушілер – 350 122 адамнан астам; |
Сұранысты анықтау үшін онлайн немесе офлайн түрде сұранысты бағалаудың қандай әдістерін қолданғаныңызды және сіздің өнімдеріңізге / немесе қызметтеріңіз нарықпен талап етілуін бағалауыңыз қандай | Сұранысты анықтау үшін маркетингтік зерттеудің дәстүрлі әдісін қолданып аудандық деңгейде тұтынушылармен офлайн сөйлесуді, ал онлайн әдіс ретінде инстаграмм желісінде жүргізілген пост астында қалдырылған пікірлер мен статуста қалдырылған кері байланыстарды сараптауды жүргіздім. Зерттеу нәтижелері жоба аясындағы өнімдерге деген сұраныстың бар екендігін көрсетеді. |
Сынақ сатылымы сіздің өніміңізге / қызметіңізге деген қызығушылықтың қаншалықты жоғары екенін көрсетті. Егер сіз сынақ даналарын немесе тауарлардың партиясын сатқан болсаңыз, бұл туралы қысқаша жазыңыз (қанша, қандай бағамен, сатып алушы кім) | Соңғы жылдары , жұмыс кестеме сай балаларымды оқыту орталықтарына қосымшаға беріп келдім. Жақын маңайдағы қосымшаға, бала-бақша кезегін күткендей күттік. Ондағы бала санын көріп,орналасқан мекен-жайда сұраныстың жоғары екенін зерттедім және бұл қажеттіліктен туындады. |
Сұраныс негізінде қазір айына сату үшін қажетті өнім көлемін анықтай аласыз ба | Ия, әрине . Біз жалға алып отырған мекен-жай жалпы 90 шаршы метр. 45 шаршыдан бөлінген 2 бөлме. Бір бөлмеге 25 бала сияды. Сәйкесінше түске дейін 50 бала, түстен кейін 50 бала қабылдауға мүмкіндігіміз бар. |
Бірегей Сауда Ұсынысы (БСҰ)
Сатып алушыларға мына сұрақтарға нақты жауап беретін үш сөйлемнен тұратын бір абзацпен хабарлама жазыңыз:
Тұтынушыға сіздің өніміңізді /қызметіңізді пайдалану не береді?
Сіздің тауарыңыз/қызметіңіз пайдаланушыға оның мәселесін шешуге қалай көмектеседі?
Неліктен пайдаланушылар бәсекелестің емес, сіздің өніміңізді пайдалануы керек?
Сіздің бизнесіңіздің Бірегей Сауда Ұсынысы | Осы жоба аясындағы бірегей сауда ұсынысы ретінде жеке кәсіпкерлікті тіркегеннен кейін: 1.банктік ұйыммен келісіп – 3 айға, 6 айға, 12 айға, 24 айға бөліп төлеу бойынша шарт жасасу; 2.Клиентерге ай сайынғы төлеммен акциямен жылдық тариф ұсыну 3.Бір үйден екі немесе одан көп бала келгенде және көп балалы мен ерекше баласы бар отбасыға 15%жеңілдік. 4. Балаларды ынталандыру үшін ,әр түрлі іс-шаралар өткізу.Туған күндері мен мереке күндері дастархан жасап тәттілерменн қуанту. |
Баға ұсынысы
Негізгі бағаны анықтаңыз: Шығындар көрсеткіштерінің негізінде немесе алдыңғы кезеңдердің деректері негізінде тауардың / қызметтің өзіндік құнын көрсетіңіз. Әрі қарай, өзіндік құнға пайда мөлшерін (%) немесе мақсатты пайданы (абсолютті шамаларда) қосыңыз Баға = өзіндік құн + пайда тауар бірлігіне | Мектепке даярлық 30000 тг Бастауыш сынып оқушыларына қосымша 50000тг Тасымалдау қызметін қолданса 65000тг Орталық қызмет көрсетумен айналысатын болғандықтан,материалдар мен кітапшалар кемінде бір жылға жететіндіктен, өзіндік құн бір тұтынушының айлық төлемі 50мың тг болса,10% ынан көп емес. Қосымша кіріс-шығыс туралы есеп , төменде беріледі. |
Сұраныс пен бәсекелестік факторларының бағасына әсерін есепке алу | Соңғы жылдары , жұмыс кестеме сай балаларымды оқыту орталықтарына қосымшаға беріп келдім. Жақын маңайдағы қосымшаға, бала-бақша кезегін күткендей күттік. Ондағы бала санын көріп, әлеуметтік желіде парақша астындағы кері байланыстарды оқып, орналасқан мекен-жайда сұраныстың жоғары екенін зерттедім және бұл қажеттіліктен туындады |
Өнім үшін төлем қандай шарттарда жүзеге асырылады | Әр баланың ата-анасымен келісім шартқа отырамыз.Сол арқылы төлемдер кешіктірілмей төленіп отырады.Сәйкесінше бір айлық немесе 6-12 айға акциямен алып жатса, бөліп төлеуге мүмкіндіктер қарастырылады, төлем алдын ала жасалады. |
Көтерме сатып алушылар мен тұрақты клиенттер үшін қандай шегерімдер мен жеңілдіктер жүйесін енгізуге болады | Тұтынушы 6 айдан жоғары12 айға дейінгі төлемдерді бірден алдын -ала жасайтын болса, жалпы төлем соммаснан 10%жеңілдік жасалады. Және кәсіпорын ішіндегі әр түрлі жеңілдіктерге ие болады. |
Клиентті тауарды уақытында төлеуге қалай ынталандыруды жоспарлап отырсыз (ішінара комиссиямен / немесе айыппұл санкцияларымен, алдын ала төлем үшін жеңілдіктермен) | Тапсырыс қабылдаудың алдында тұтынушы чектің 100% алдын ала төлейді . Келісім шартқа отырамыз. Жоба бастамашысы грант ұтқан жағдайда жеке кәсіпкерлікті заңдастырып, барлық құжаттарды заң жүзінде беретін болады. |