Файл: Лекция 15 Практикалысеминар сабатар 30 Лабораториялы сабатар 30 соЖ СЖ 3090.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту: Сессияға оқу ақысын толық төлеген, сабаққа 70% -тен жоғары қатысқан, ағымдық және межелік бақылаулардан өту балын жинаған

(өту балы 0,15*(АБ1+МБ1+АБ2+МБ2)≥30 балл) академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттер жіберіледі.

Назар аударыңыздар: Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

"FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің бағдарламасын қайталап өтпей-ақ университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

      "F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
2-кесте. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



5.Білім алушыға қойылатын талаптар

  1. Сабаққа кешiкпеу;

  2. Сабақ кезiнде сөйлеспеу, мобильдi телефонды өшiру;

  3. Сабаққа iскерлік киiмде келу;

  4. Сабаққа қатысу, себепті келмегенде анықтама тапсыру;

  5. Қатыспаған сабақтарды оқытушы белгілеген қосымша уақытта қайта орындау;

  6. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда, қорытынды баға төмендетiледi;

  7. Оқу процесiне ынталы (белсенді) қатысу;

  8. СӨЖ тапсырмаларын дер кезінде орындау;

  9. ЖОО ішінде, сабақ кезінде, студенттер мен оқытушылар ара қатынасында этикалық кодекс ережелерін сақтау.


6. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу
1. Университет ҚБТ бойынша оқу процесі «Univer 2.0» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде, ZOOM платформасында және оқытушылар таңдаған басқада платформаларда "on-line", "off-line" режимінде іске асырылады.
2. Барлық пәндер бойынша лекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар сабақ кестесіне сай ZOOM немесе оқытушылар таңдаған басқада платформаларда түрлі формада (бейне-конференциялар, бейне-лекциялар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар және т.б) жүргізіледі. Бірақ тапсырмалар бойынша кері байланыс «Univer 2.0» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Пәндердің бейне-сабақтарын университет сайтындағы сілтемелер арқылы кафедралардың Youtube каналдарынан көруге болады.
5. Білім алушылар сабаққа кестесіне сәйкес жүргізілетін онлайн сабақтарға қатысуы міндетті. Сабақтан босату себепті жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
6. Пән оқытушысы білім алушылардың білімін ағымдық, межелік және аралық бақылауларды электронды ресурстар арқылы түрлі (тест, жазбаша, аралас, портфолио, эссе және т.б.) формада жүзеге асырады.
7. Білім алушылар онлайн сабақ барысында әдеп нормаларын сақтауға міндетті.



Ф 7.02-06