ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми
функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мұғалімнің рөлі.
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз (Сенека)
Миға шабуыл:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығы деген не?
- Жай (элементарлық) сауаттылық пен функционалдық сауаттылықтың айырмашылығы неде?
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
- белсенділік,
- шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,
- кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытуда тиімді оқу мен оқытудағы мұғалімнің рөлі
Белсенді оқу |
Бірлескен оқу |
Саралау |
Пәнаралық байланыс |
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру |
Оқу әңгімелері |
Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану |
Модельдеу |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Белсенді мұғалім қандай болады?
Белсенді мұғалім
Алға ілгерілеуді жандандырады.
Оқуды қолдайды.
Ресурстарды тиімді пайдаланады.
Белсенді мұғалім
Алға ілгерілеуді жандандыру:
- Оқу мақсаттарын қайталау;
- Әр түрлі жаттығуларды ұсыну;
- Дағдыларды шынықтыру;
- Бұған дейінгі біліміне негіздеу.
Оқуды қолдау:
- Білімге құштарлықты
- Сұрақ қою;
- Эксперимент жасау;
- Ұсыныс жасау;
- Ойлап шығару;
- Оқу стильдерін үйрету
ояту;
Ресурстарға мынадай сипаттар тән екеніне көз жеткізіңіз:
- Ұйымдастырылған;
- Қолжетімді;
- Ұжымдық қолдануға қолайлы;
- Бәріне таныс;
- Әзірленген;
- Жүйелі пайдаланылады;
- Уақыт өте келе күрделенеді;
- Сапасы жақсы.
Белсенді мұғалім
Құндылықтар | Дағдылар |
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; - қарым-қатынас жасау қабілеті; - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; - жауапкершілік;
| - сын тұрғысынан ойлау; - білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; - проблемаларды шешу қабілеті; - ғылыми-зерттеу дағдылары; - қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); - жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; |
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында
оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі
құндылықтар мен дағдылар анықталған:
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Құндылықтар
Оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін анық нәтижелер
Қолданбалы дағдыны қалыптастыру
Білім мазмұнын құрудағы спиралдік ұстаным
Оқытуда теориядан практикаға көшу
Пәнаралық байланыс пен пәнішілік байланысты сақтау
Үштілде оқытуды қолдау
Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным
Білімді бағалаудың критериалдық жүйесі
Америка психологі Бенджамин Блум сұрақтардың алты типін қарастырады. Олар:
Қарапайым сұрақтар
Нақтылайтын сұрақтар
Талдау сұрақтар
Шығармашылық сұрақтар
Бағалаушы сұрақтар
Тәжірибелік сұрақтар
Сіз өз сұрағыңызды қалай тиімді сұраққа айналдыра аласыз?
- Сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз – бұл оларды барынша күрделендіре түседі.
- Дұрыс қойылған бірнеше ашық сұраққа баса назар аударыңыз.
- Сұрақтарды бір-бірден қойыңыз.
- Ойлануға уақыт беріңіз.
- Сұрақ қою әдісіңізді өзгертіп отырыңыз.
- Барлық оқушыларға жауап беруге мүмкіндік берілгеніне көз жеткізіңіз.
Келер күнге шығармашылық шабыт тілей отырып, көріскенше деймін!