Файл: Акушерлік стационар жадайында эклампсия кезінде дрігерге дейінгі шыл кмекті крсету. Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
Мақсаты-акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері- эклампсия кезінде құрысқақ ұстамасы.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- құрысқақ ұстамасының қайталануы, эклампсиялық кома және т. Б.
Ресурстары-әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25% ерітіндісі, қалақша (шпатель) немесе қасық, тілұстағыш, 20 шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Құрысқақ ұстамасы кезінде жүкті немесе босанатын әйелдің қасынан кетпей акушерлік стационардың барлық бос персоналдарын және кезекші бригаданы шақырыңыз.
2.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3.Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- жүкті немесе босанатын әйелді тақтай төсекке, зақымданудан сақтандырып, жатқызыңыз және оның басын сол бүйіріне бұрыңыз;
- дәкеге оралған қалақшаның немесе қасықтың көмегімен ауызды ашып дем алу жолын босатыңыз, тілұстағышпен тілді шығарыңыз;
- түкірікті (сілекейді) ауыз қуысынан шығарыңыз, тек қалай дем алысы пайда болған кезде, ауаның еркін кіруін қамтамасыз етіңіз;
- құрысқақты қойғызғаннан кейін, көктамырға сульфат магнийдің 5 г құрғақ заттарының (20 мл, 25 ерітіндісінің) жүктемелікнемесебастапқы (старттық)дозасынжайлап 10-15 минутбойы енгізіңіз.
5. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2 г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз;
- инфузоматтың болмауы кезінде, 320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл, 25 сульфат магнийдің ерітіндісінқосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы:
II тамшы/ минутына-1г құрғақ затты/сағатына;
22 тамшы/минутына-2гқұрғақ затты/ сағатына.
Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы(1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нанәр бөксеге 1 мл 2 новокаинменнемесе 1мл 1 лидокаинменбір шприцте бұлшықетке енгізіңіз.
6.
Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті немесе босанатын әйелді қоларбаға жатқызып тез босандырып алу үшін дайын операциялық бөлмеге ауыстырыңыз.
7.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
8.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту.Магнийдің уыттылығының (гипокальциемия, дем алу орталығының тежелуі, артериялық гипотензия) белгілерінің пайда болуы кезінде 1г глюконат кальцийдің (10 мл 10 ерітіндіні) көктамырға енгізіңіз.
Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
Мақсаты-акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері- ауыр преэклампсия.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- эклампсияның ұстамасының дамуы және т. Б.
Ресурстары-әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25 шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Жүкті әйелді үйінен алып келгендегі төмендегі көрсетілген белгілердің бірінің: эпигастралды аймағында немесе оң жақ қабырғаасты аймағында ауыру сезімі, бас ауыруы, көрудің нашарлауы (көз алдында «шыбын-шіркей» сияқты қараңдау немесе бүркеніш), бауырдың жеткіліксіздігі, олигурия ( 25мл/сағ), тромбоцитопения ( 100 * 10 9/л),ШТІҚҰ-синдромы, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы, лоқсу, құсу, артериялық гипертензия аясында (140/90 мм. С. Б.) және протеинурия болуы кезінде «ауыр преэклампсия»диагнозын қойыңыз.
2.Жүкті немесе босанатын әйелдің қасынан кетпей акушерлік стационардың барлық бос персоналдарын және кезекші бригаданы шақырыңыз.
3.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4.Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
5. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- өзіңізді таныстырыңыз, жүкті немесе босанатын әйелді тақтай төсекке, зақымданудан сақтандырып, жатқызыңыз және оның басын сол бүйіріне бұрыңыз;
- көктамырға сульфат магнийдің 5 г құрғақ заттарының (20 мл, 25 ерітіндісінің) жүктемелік немесе бастапқы (старттық)дозасын жайлап 10-15 минут бойы енгізіңіз.
6. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2 г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз;
- инфузоматтың болмауы кезінде, 320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл, 25 сульфат магнийдің ерітіндісінқосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы:
II тамшы/ минутына-1г құрғақ затты/сағатына,22 тамшы/минутына-2гқұрғақ затты/ сағатына.
Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы(1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нанәр бөксеге 1 мл 2 новокаинменнемесе 1мл 1 лидокаинменбір шприцте бұлшықетке енгізіңіз.
7.Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті әйелді зембілге салып, босандырып алу әдісін таңдау және жүктілікті әріқарай ұзартуда қауіп-қатер дәрежесін бағалау үшін стационардың III-деңгейінің анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызыңыз.
8.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
9.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту.Емдік-сақтану режімін және емдәмді сақтау.
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
Мақсаты- студентті босанатын әйелді бақылауға, дер кезінде асқынуды көрсете білуді және қан ағу кезінде күттірмейтін шараларды қолдануды, яғни қанағуды тоқтатуды үйрету.
Көрсетулері- босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қанағу.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- өліммен аяқталу.
Ресурстары- кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырларға салатын катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:
- АҚ өлшеңіз;
- пульсін санаңыз;
- тыныс алуын санаңыз;
- қан жоғалтуын бағалаңыз-көзбен шолу және өлшейтін саптыаяқпен өлшеңіз;
- қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;
- қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
2. АҚ 90/60 мм сынап бағанасынан және одан төмен, пульсі 1 минутына 90 соққыдан жоғары, тері жабындысының, шырышты қабықтардың бозғылттығыжәне демалудың жиілігі минутына 22-ден жоғары кезінде:
- зәр қуығын катетермен босатыңыз;
- алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырдың сыртқы массажына кірісіңіз, қол әрекетін жасаған уақытта, ол жарақатсыз болуы керек, өрескел қол әрекеті тек жатырдағы тромбының пайда болу үрдісін күшейтеді;
- №14,16 шеткі көктамырларға катетерлеу жүргізіңіз;
- босанған әйелден кетпей бүкіл бос персоналды және кезектегі бригаданы шақырыңыз (5минуттан артық емес);
- міндеттерді бөліңіз;
- бұлшық етке 2 мл (10бір) окситоцинді енгізіңіз;
- қан жоғалту көлеміне 3:1 қатысты жылдамдығы 1000мл 15-20 минут ішінде сорғалатып екі көктамырға инфузиялық терапияны бастаңыз;
- 1 минутына 60 тамшы 500 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көктамыр ішіне 4 мл (20бір) окситоцинді енгізіңіз;
- қанағу басталғаннан бастап бір сағат ішінде 2 литрден кем емес кристаллоидтық ерітіндіні құйыңыз.
3. 5 минут ішінде - қанағу көзін тауып көрсетіңіз:
- бала жолдасының бүтіндігін тергеңіз (тін): кемістік кезінде-жатыр қуысын қолмен тексеріп және бала жолдасының кідірген бөліктерін алып тастаңыз;
- босану жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақат) -босану жолдарының жыртылуы кезінде-тігу жүргізіңіз;
- жатырдың ширақтылығын анықтаңыз (ширақтылық): гипотония кезінде-жатырдың сыртқы массажын, оның толық жиырылуына дейін жүргізіңіз;
- әртүрлі коагулопатияларды алып тастаңыз (тромбалар-гемостаздың бұзылысы (бірінші кезекте, ШТІҚҰ-синдромның салдарынан);
- қағанақ суларымен эмболияны алып тастаңыз;
- бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз;
- қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту.Барлық қол әрекеті бір уақытта жүргізіледі.
Жатырдың бимануалдық компрессиясы.
Мақсаты- қанағуды тоқтату.
Көрсетулері- босанғаннан кейінгі қанағу.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- геморрагиялық шок, ШТІҚҰ-синдромы.
Ресурстары- кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырлар үшін катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Босанған әйелді жалғыз қалдырмай бүкіл бос персоналды жұмылдырыңыз.
2. Көмекке шақырыңыз:оперативтік техниканың толық көлемін игерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, зертханашыны.
3.Қанжоғалтудың көлемін анықтаңыз.
4. Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:
- екі қолдыңда АҚ өлшеңіз;
- пульсін санаңыз;
- дене қызуын өлшеңіз;
- тыныс алу жиілігін санаңыз;
5.Қарқынды терапияның картасын үздіксіз жүргізу үшін бір қызметкерді бөліңіз.
6.Зәр қуығын катетерлеуді жүргізіңіз (зәр қуығы бос болуы қажет).
7.Кристаллоидтардың инфузиясын бастау үшін 3:1 қатынаста қан жоғалту мен утеротониктердің көлемін есептей отырып, №№14-16 G екі шеткі көк тамырға катетерлеуді жүргізіңіз.
8.Босанған әйелді жылытыңыз (көрпемен жабыңыз, дымқыл ақ жаймаларды құрғақ ақ жаймаларға ауыстырыңыз).
9.Дымқылдау оттегіні беруді қамтамасыз етіңіз.
10.Жалпы қан анализіне, коагулограммаға немесе қанның ұю уақытына және үйлесімділігіне қан алыңыз.
11.Қанның тобын, Rh-факторын анықтаңыз.
12. Себебін қойыңыз:
- жатырды тексеріңіз (ширақтығы, тіні);
- жыныс жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақаты).
13.Жатырдың бимануалдық компрессиясын утеротониктерді енгізумен бірге жүргізіңіз.
14.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
15.Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
16.Қынапқа оң қолыңызбен кіріңіз және қолыңызды жұдырыққа қысыңыз.
17.Жұдырықты алдыңғы күмбезге қойыңыз және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз.
18.Басқа сол қолыңызбен алдыңғы іш қабырғасы арқылы, қынапқа кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басыңыз.
19.Әзірше қанағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды жалғастырыңыз.
20.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
21.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
22.Барлық мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту. Қан жоғалту көлемін анықтау әдістері:
1.Көзбен шолу әдісі (30 қате).
2.Гематокриттің деңгейінің бастапқысынан 10 аз төмендеуі.
3.Грамметриялық әдіс-операциялық материалды өлшеу (15 қате).
4.Өлшейтін ыдыспен өлшеу (саптыаяқ, бөлік салынған науа).