Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
10 сынып «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Балл қою кестесі 10 сынып 2 тоқсан
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
ІІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Қазақстан тарихы бойынша ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
IVтоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін оқу мақсаты | Ойлау дағдыларыны ң деңгейі | Тапсыр ма саны* | Тапсырма №* | Тапсы рма түрі* | Орындауға берілетін уақыт* | Балл* | Бөлім бойынш а жалпы балл |
Өркениет: даму ерекшеліктері | 10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 1 | ТЖ | 10 | 7 | 30 |
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау | Білу және түсіну | 1 | 2 | КТБ | 7 | 7 | ||
10.1.2.7 Әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 3 | ТЖ | 15 | 6 | ||
10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | Жоғары деңгей дағдылары | 2 | 4-5 | ТЖ | 13 | 10 | ||
БАРЛЫҒЫ | | 5 | - | - | 45 | 30 | 30 | |
Еcкерту: *-өзгерісенгізугеболатынбөлімдер |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
-
Көшпелілер өркениеті бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Көшпелілерөркениетініңқалыптасуынаәсереткенжағдайлар. | |
1. | 2. |
Ғалымдардыңпікірі бойыншакөшпелілерөркениетінеқатыстыкөзқарастарынталдау | |
жағымды | жағымсыз |
1. 2. | 1. 2 |
Қалайаталғандұрыс:«Көшпелілерөркениеті»немесе«Далаөркениеті».Сіздіңпікіріңіз. |
[7]
-
Берілген тарихи тұжырымдардың «жалған» немесе «ақиқат» екенін анықтаңыз.
№ | Тарихи фактілер | Ақиқат | Жалған |
1 | Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары Жамбыл облысы өңірінен табылды | | |
2 | Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзені аңғарынан табылды | | |
3 | Усть-Нарым - Солтүстік Қазақстан жеріндегі Неолит дәуірінің тұрағы болып табылады | | |
4 | Қ.И.Сәтбаев қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан | | |
5 | Солтүстік және Батыс Қазақстанда Андрон мәдениетінің зерттелген 50-ге жуық қонысы кездеседі | | |
6 | Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б XIV-XII ғасырларға жатады | | |
7 | Қазақ жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеу Ә.Марғұланның есімімен байланысты | | |
[7]
-
Берілген дереккөздері қолдана отырып, көшпелілердің әсерінен болған өзгерістерге көзқарасыңызды білдіріңіз.
А) Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлдебір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды».
Л. Гумилев: «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға сыймайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер
қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты.
http://e-history.kz/kz/publications/view/1807
В) Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»
http://bilim-all.kz/article/2326-Koshpeliler-Koshpeli-qogam
Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері |
1. 2. 3 |
Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері |
1. 2. 3. |
[6]
-
Орталық Азия халықтарының мәдени жетістіктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.