Файл: Блім таырыбы хх асырды екінші жартысындаы лемні саяси дамуы Саба таырыбы Неліктен 19701980 жылдары лауатты мемлекеттер мен ксро экономикалы дадарыса шырады.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім тақырыбы:

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы

Сабақ тақырыбы:

Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады?


Оқу мақсаты:

9.3.1.1 – «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970-1980 жж. Әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану;

9.4.1.2 - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау

9.4.2.1 - экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу

Бағалау критерийлері:
  • 1970-1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін «әлеуметтік мемлекет» ұғымын қолданады.
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы елдердің экономикалық дамуын «инфляция», «дағдарыс», «тоқырау» ұғымдарын қолдана отырып түсіндіреді.
  • Экономикалық жүйелердің тиімділігін түсіндіреді.

Т і р е к с ө з д е р :
  • Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұраныстың артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.
  • Дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі.
  • Стагнация - экономиканың дамымай ұзақ уақыт бойы бір қалыпта болуы.Жалпы Ішкі Өнім стагнация жылдары аз өседі я болмаса біртіндеп кемиді және экономиканың құрылымы өзгермей қалады.

ХХ ғ. ортасында Еуропа елдері соғысқа дейінгі өндірісті қалпына келтірді. Мемлекетте жүргізілген саясат, халықаралық келісімдер экономиканы жылдам дамытты. Нәтижесінде 1970 жылдары италиялық, Батыс Германия, Жапон кереметі деген терминдер қалыптасты.

Соғыстан кейінгі Германияны қайта қалпына келуі «неміс экономикалық кереметі» деп аталды.

1970-1990 жж. Ішкі жалпы өнім бойынша ең дамыған елдердің салыстырмалы көрсеткіштері (млрд. доллар)

елдер

1970 жж.

1980 жж.

1990 жж.

КСРО

433,4 млрд. доллар

940 млрд. доллар

778,4 млрд. доллар

АҚШ

1 трлн. 75 млрд. доллар

2 трлн. 862 млрд. доллар.

4 трлн. 600 млрд. доллар.

Жапония

209 млрд. доллар

800 млрд. доллар

1 трлн. 177 млрд. доллар.

Бұл кезеңде КСРО-да меншікті мемлекет қарамағына алу, экономика саласында қатаң орталықтандыру, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі сақталып демократияның жойылуына әкелді. Бұл үдеріс барлық социалистік мемлекетте жүзеге асырылды. 1945 жылы Социалистік елдердің қарым-қатынасы «Экономикалық өзара көмек жөніндегі кеңес» арқылы жүргізілді. 1953 – 1964 жж. зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғындардың табысын көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу, бес күндік жұмыс апталығы сияқты әлеуметтік реформалар нәтижелі болды. Дегенмен «Хрущев жылымығы» саясаты үстірт жасалып, тоталитарлық жүйеге толық әсер етпеді. Л.И.Брежнев тұсында өнеркәсіпті басқарудың совнархоздық жүйесі таратылып, министрліктер құрылды.  1965 жылғы «Косыгин реформасы» экономикалық өсімді жеделдеткенімен, 1970 жылдардың соңына қарай іс жүзінде тоқтады. 1960 ж. ІІ жартысынан 1980 ж. ортасына дейінгі Кеңес экономикасын реформалау сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан бұл аралық «тоқырау кезеңі» деп аталды.
Алексей Николаевич Косыгин,

1970 ж.

КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде экономикалық реформаларды жүргізуге тырысты.

1974 – 1975 жж. және 1980 – 1982 жж. дағдарыстардан капиталистік елдерде жұмыссыздық жайлап, инфляция өсті. Дағдарыс ерекшелігі баға төмендеудің орнына керісінше өсті (стагнация). Дағдарыс пен инфляция бірлесуі экономикада жаңа әдістерді, құралдарды қажет етті. Халықаралық шаруашылық байланыстардың қарама-қайшылықтары мен проблемалары экономикалық қатынастарды жеке мемлекеттердің шеңберінде емес, халықаралық деңгейде шешуге әкелді. Әлеуметтік саясатқа жұмсалатын шығындардың өсуі экономикалық, құрылымдық дағдарыс пен дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге ауыр тиді.

КСРО-ның қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Экономикалық

саладағы дағдарыс:

- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. — Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. — Бақылаусыз басқару аппараты. — Инфляция. — Тауар зәрулігі.

Саяси саладағы дағдарыс: Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. Заңдылықтың бұзылуы. Жариялылықтың болмауы.

Идеологиялық саладағы дағдарыс:



- Коммунистік идеологияның экономикалық дағдарысқа әкелуі;

- Республикалардың тәуелсіздікке ұмтылуы;

- Ұлтаралық қақтығыстардың көбеюі (1989 ж.)

Сәйкестендіру

1

ГДР-дегі көтеріліс

А

1968 ж

2

Венгр көтерілісі

В

1970-1980 жж

3

Прага көктемі қозғалысы

С

1953 ж

4

Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс

D

1956 ж

5

Польшада президент сайлауы

F

1990 ж

6

Чехославакиядағы ұлттық қақтығыстар

E

1996 ж

Өзіңді тексер


1

ГДР-дегі көтеріліс

C

1953 ж

2

Венгр көтерілісі

D

1956 ж

3

Прага көктемі қозғалысы

A

1968 ж

4

Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс

B

1970-1980 жж

5

Польшада президент сайлауы

E

1996 ж

6

Чехославакиядағы ұлттық қақтығыстар

F

1990 ж

1- C 2-D 3-A 4-B 5-E 6-F

КСРО-ның ыдырауына әсер еткен факторлар:

Сыртқы факторлар:
  • «Қырғи-қабақ соғысы» шығындары.
  • 10 жыл бойы Ауғанстан соғысына қатысу.
  • Мұнай бағасының төмендеуі. баррелі:1970 жылы – 110 доллар болса, 1985 жылы – 26, 1989 жылы- 19 доллар ғана;
  • Азия, Африканың дамушы елдеріне арзан бағамен тауар сату, қаржылай көмек беру;

Ішкі факторлар:
  • Жемқорлық, қосып жазу;
  • Өндірістің тиімділігінің төмендігі, шикізаттық бағыттың сақталуы;
  • «көлеңкелі экономикаға» жол берілуі;
  • Әскери шығындардың көптігі;
  • Мемлекет басшыларының, оның ішінде М.Горбачевтің де қате шешімдері.







1. Тоталитарлық коммунистік режимге тән белгі.

А) Рыноктік қатынас Ә) Көппікірлік Б) Жоспарлы шаруашылық

2. Ресей үшін «Ливон» соғысының негізгі міндеті

А) Украинаны Польшадан азат ету. Ә) Каспий теңізінде ықпалын күшейту.

Б) Ресейдің Балтық теңізіне шығуы.

3. «Косыгин реформасы» экнономикалық реформаны бастау туралы қай жылы шешім қабылданды?

А) 1965ж. қыркүек Ә) 1963 ж. наурыз Б) 1964 ж. шілде

4. КСРО-да халық шаруашылығын дамытудың жеті жылдық бағдарламасын жүзеге асырған жыл.

А) 1960 - 1967 жж Ә) 1954 -1960 жж Б) 1961 -1967 жж


5. Л.И.Брежнев КОКП ОК бас хатшысы болған жылдар?

А) 1966 -1982 жж Ә) 1982 -1984 жж Б) 1985 -1991 жж

Тест тапсырмалары:

Оқу тапсырмасы: