Файл: Химия пнінен тосанды жиынты баалауды спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 91

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мазмұны

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі

2 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

2 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

3 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

4 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Балл қою кестесі



  1. Модерация және балл қою




Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты 40 минут

Балл саны – 30


Тапсырмалар түрлері:




КТБ – Көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар


Жиынтық бағалаудың құрылымы




Берілген нұсқа 10 тапсырмадан тұрады: соның көп таңдауы бар, қысқа/толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда кестелер, сызбанұсқалар түрінде ұсынылған. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушылар бірнеше жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойынша

балл

11.1А

Ароматты қосылыстар қатары

11.4.2.15 бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін

құрастыру;

Қолдану

1

4

ҚЖ

2

4

12

11.4.2.16 бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;

Қолдану

1

6

ТЖ

6

4




11.4.2.18 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру

Қолдану

1

7

ТЖ

5

4




11.1В

Карбонилді қосылыстар

11.4.2.1 Альдегидтер мен кетондардың карбон қышқылдарының

функционалды топтарының құрылысын білу

Білу және түсіну

1

2

КТЖ

1

1

18

11.4.2.2 альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC

номенклатурасы бойынша атау;

Қолдану

2

1,3

КТЖ

2

2




        1. альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;

        2. альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру;

Қолдану

1

5

ҚЖ

6

4








11.4.2.8 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Қолдану

1

8

ТЖ

5







11.4.2.9 этерификация реакциясының механизмін сипаттау;

Жоғары деңгей дағдылары

1

9

ТЖ

6

4




11.4.2.11 Майлардың құрамы мен

құрылысын білу және қасиеттері мен қолданылу аймағын білу

Қолдану

1

10

ТЖ

7

4




Барлығы



















30

30

«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі


1.

Альдегидтердің тривиалды атауы өздері тотыққанда түзілетін карбон қышқылдарының атауымен сәйкес келеді. Май альдегидінің IUPAC номенклатурасы бойынша атауы мен формуласын көрсетіңіз.

  1. С3Н7СОН 2) Этаналь 3) Пропаналь 4)С2Н5СОН 5) Бутаналь 6) СН3СОН

    1. 1және 3

    2. 2 және 4

    3. 1 және 5

    4. 5 және 6

[1]


2.


Альдегидтердегі функционалдық топ атауы мен формуласын көрсетіңіз.

  1. Карбоксил,-ОН-

  2. Карбонил,- СО

  3. Гидроксил, -СООН

  4. Карбонил,- СОН

[1]


3.


CH3CH2CH2CH(CH3)COOH осы затты IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз.

A. 2-метилпетан қышқылы

  1. Изогексан қышқылы

  2. 1-метилпентан қышқылы

  3. Валериан қышқылы

[1]


4.


Бензол ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі.

  1. Не себептен бензолға қосып алу реакциясы тән емес?

[1]

  1. Бензол мен оның гомологтарының химиялық қасиетін көрсететін кестеде реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті орындаңыз.







Реагенттер




Өнім

1

С6Н6 +3Н2

А

С7Н14

2

С7Н8 +3Н2

В

С6Н12

3

С6Н6 +Сl2 темір (III) хлориді қатысында

С

С6Н6Cl6

В

С6Н5Cl

[3]



  1. Төмендегі кестеде альдегидтер мен кетондардың қасиеттері көрсетілген. Реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз.




Реагенттер




Негізгі өнім

1

C2H5COH + [Ag(NH3)2]NO3

А

CH3CHOHCH3

2

CH3COCH3 + H2

В

C3H7OH

3

C2H5COH+H2

С

C2H5COOH

4

CH3COH

D

CH3COOH

[4]

6.

Бензол қосып алу реакциясына қарағанда орынбасу реакциясына жақсы түседі. Оның себебі делокализацияланған электрондар тығыздығы біркелкі таралғандықтан жалпы молекулада еселі байланыс болмайды. Бензолдың орынбасу реакциясының бірі нитрлеу реакциясы, күкірт және азот қышқылдарының қоспасы қатысында жүреді.


  1. Бензолды нитрлеу реакциясы қандай механизммен жүреді?

[1]

  1. Бензолды нитрлеуде электрофиль қалай түзіледі? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз.

[1]

  1. Бензолды нитрлеу реакциясының механизмін жазыңыз.

[2]


7.


Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы (бензол ядросы) бар жалпы формуласы СnН2n -6 болатын көмірсутектер. Олардың қарапайым өкілдерінің бірі - бензол , екіншісі -толуол 7Н8).

(a) Бензол молекуласы әдетте тотықпайды. Ал толуол молекуласы оңай тотыға алады. (і) Толуол молекуласы неліктен оңай тотығады?

[1]

(ii)Толуолдың тотығу реакция теңдеуін құрыңыз

[1]

(b) Бензол және толуол молекулалары орынбасу реакцияларына түседі. Соған қарамастан толуол молекуласындағы орынбасу реакцияларының ерекшелігі бар?

(і) Ол қандай ерекшелік?

[1]

(іі) Толуол молекуласының концентрлі күкірт қышқылы қатысында азот қышқылымен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.

[1]


8.


Cірке қышқылы тұрмыста кеңінен қолданылатын карбон қышқылдарының бірі.


Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері минералды қышқылдары тәрізді. (а) Сірке қышқылының магний металымен реакция теңдеуін құрыңыз
[1]

(б) Тұрмыста тәтті тағам даярлау барысында ас содасын сірке қышқылымен сөндіріп жатады. Ас содасын (NaHCO3) сірке қышқылымен сөндіру реакция теңдеуін құрыңыз
[1]

9.

Күрделі эфирлерді карбон қышқылдары мен спирттерді әрекеттестіру арқылы алады. Бұл этерификация реакциясы концентрлі күкірт қышқылы қатысында жүреді.

(а) Cірке қышқылы мен этил спирті әрекеттесу реакция теңдеуін құрыңыз.
[1]

(б) Осы этерификация реакциясының механизмін сипаттайтын сатыларын жазыңыз


[3]

10.

Адам өмірі үшін майлар маңызды органикалық қосылыстар. Майлар үш атомды спирт глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері.



  1. Майлар құрамындағы карбон қышқылдарының құрылымына байланысты сұйық және қатты май болып бөлінеді.



Сұйық майдың құрамында

карбон қышқылдары, ал қатты майдың құрамында

карбон қышқылдары болады.

[2]

  1. Қатты майлардың маңызы өнеркәсіпте сабын алу үшін қажет. Майларды сілті қатысында қыздырғанда сабын алынады. Мұны «сабындану реакциясы» деп атайды.



Тристеараттың «сабындану реакциясын» жазыңыз.

СН2-О-ОС-С17Н35



СН -О-ОС-С17Н35



СН2-О-ОС-С17Н35

тристеарат

[1]

(c) Қатты май алу үшін сұйық майды гидрлейді. Алынған майды ары қарай сабын дайындауда т.б. қолданылады.

Триолеаттың гидрлену реакция теңдеуін жазыңыз.

СН2-О-ОС-С17Н33



СН -О-ОС-С17Н33



СН2-О-ОС-С17Н33

тристеарат

[1]


[Барлығы 30]