Файл: Кні 12. 10. 2016 жыл Сынып 5 А Малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі Амандықова Г.Г.

Күні: 12.10.2016 жыл

Сынып: 5 «А»

Мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтар әлемінде»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:


—          Бұл кім?

—          Мұғалім

—          Кітапханашы

—          Наубайшы

—          Заңгерлер

—          Шекарашылавр

—          Футболшылар

—          Әртістер

—          Суретшілер

—          Күзетшілер

—          Құрылысшылар , т.б.

Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады? (Мамандық)

      Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандықтар әлемінде»

ІІ. Негізгі бөлім: Бүгін біз “Мамандықтар әлемінде ” деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  айтқандай  “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан  деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да  халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.


Ой шақыру Мамандардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылады, берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты айту.

Ең жауапты – сот,бухалтер

Ең салмақты – мұғалім, заңгер

Ең қарым-қатынасы күшті – бизнесмен

Ең ақшалы – экономист, банк қызметкерлері

Ең тәтті – аспаз, кондитер

Ең күлкілі – клоун

Ең жасыл – эколог, географ

Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

1.«Кім көп біледі?» ойыны.

Жеке әріптер жазылған қағаздар көрсетіледі.Сол әріптерден басталатын мамандықты кім көп атаса, сол топ жеңімпаз болады.

2.«Мамандықты тап» ойыны.

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады,ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуі керек.

Қалғандары мамандықты табу керек.

1-топ. ІІ-топ. ІІІ-топ.

Кітапханашы Дәрігер Бағбан

Сатуышы Аспазшы Сайқымазақ

Фотограф Мұғалім Жүргізуші

Тоқушы Бухгалтер Әнші

Тәрбиеші Дирижер Сот
3.«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
І - топ: «А», ІІ - топ: «К», ІІІ - топ: «Ж»
4.Сурет бойынша әр мамандыққа тиісті құралдарын тауып, мамандық иелерінің атауларыын жаз.

  1. 1 – топ. Құралдарды тауып сәйкестендіреді.

  2. 2 – топ. Мамандық атауларын жазады.

  3. 3 – топ. Олар немен айналысатынын айтады.



Қорытындылау.

Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға жазып іледі.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!




А

К

Ж

М

С

Д

Ұ

Қ

О

Ф

С

Т

Б

Н

Е

ЫЗ

Х

Э

И

Ы