Файл: Пікір жазан Г. К. Арыкбаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алматы облысы Талғар ауданының №32 жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызының 23 қараша 2022 жылы өткен «3D -редактор құралдары» тақырыбындағы сабағы туралы

П і к і р

Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызы информатика пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз ізденіп келеді. Информатика пәніне деген оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді. Осындай сабақтарының бірі 6 А сыныбында өтілген «3D редактор құралдары» атты сабағы. Өткен материалды интерактивті тақтада сурет бойынша элементтерін оқушылар жазды және сәйкестендіру тестіні сызып көрсетті.

Жаңа тақырып бойынша 3D редактор құралдарымен балалар жұмыс жасады, әртүрлі фигураларды салды. Білімдерін тексеру бағытында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берді. Сабақ тест арқылы бекітілді.Оқушылар алған білімдерін компьютерде еркін жұмыс істеп,қойылған сұрақтарға толық жауап беріп көрсете білді.Бағалау тәсілі электронды түрде бағалауы ұнады.Оқушылар білімдерін өздері бақылап отырды.Сабақ мақсатына жетті.Осындай өткізген сабағына ризамын,көп-көп рахмет айтамын. Болашақта жұмысына табыс тілеймін..

Пікір жазған: Г.К. Арыкбаева

Алматы облысы Талғар ауданының №32 жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызының 7 ақпан 2023 жылы өткен «Растрлық және векторлық суреттерді салыстыру» тақырыбындағы сабағы туралы

П і к і р

Информатика пәнінің мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызының 5«Ә» сыныбында өткен Растрлық және векторлық суреттерді салыстыру атты сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары, оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Paint графикалық редакторында сурет салу және «Сөзжұмбақ шешу» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа материалды ашу бөлімінде суреттерді ұтымды пайдаланылды. Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.

Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған алгоритмдер қолданып бағдарлама құра білуді меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.

Пікір жазған: Ж.A. Кудабаева
Алматы облысы Талғар ауданының №32 жалпы білім беретін орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызының 22 ақпан 2023 жылы өткен «Робототехника» тақырыбындағы сабағы туралы

П і к і р

Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызы информатика пәні мұғалімінің 5 А сыныбында өтілген «Робототехника» атты сабағы. Өткен материалды интерактивті тақтада сурет бойынша ашып талдады. Жаңа тақырып бойынша балалар роботпен жұмыс жасады, әртүрлі фигураларды пайдалана отырып роботтың суретін салды. Сыныпқа топтық, жұптық, жеке жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді. Білімдерін тексеру бағытында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берді. Сабақ тест арқылы бекітілді. Оқушылар алған білімдерін компьютерде еркін жұмыс істеп,қойылған сұрақтарға толық жауап беріп көрсете білді. Бағалау тәсілі электронды түрде бағалауы ұнады. Оқушылар білімдерін өздері бақылап отырды. Уақытында үй тапсырмасы берілді.

Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсатына жетті.

Пікір жазған: П.C. Чайниетова

Алматы облысы Талғар ауданының

№32 жалпы білім беретін мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар

орта мектеп коммуналдық

мемлекттік мекемесі әкімшілігінен

информатика пәні мұғалімі
Нұрғожаева Меруертке

32 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызына

ПІКІР

Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызы 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №32 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі болып, бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Меруерт Ілімғожақызы - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін меңгерген ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын  қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2019 жылы - «Өрлеу» Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «информатика» бойынша 80 академиялық сағат мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.



2020 жылы – Алматы облысы бойынша информатика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасынан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы – Назарбаев Зияткерлік Мектебі қашықтықтан оқытуды үйренемін 40 академиялық сағат курсын аяқтады.

2022 жылы – информатика пәні мұғалімінің құзіреттілігін арттыру бойынша 80 академиялық сағат мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

Меруерт еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жақсы меңгерген ұстаз.
Мектеп директоры: А. К. Катранова